<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«А.Қ. Евниев пен А.С. Ықыласты Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қазандағы № 1620 Қаулысы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

А.Қ. Евниев пен А.С. Ықыласты Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қазандағы № 1620 Қаулысы

 

«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитеті жанындағы Агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңестің 9-шы отырысына қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Қайратұлы Евниев 2009 жылғы 29 - 30 қазан кезеңіне және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қайта өңдеу өнеркәсібі мен аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті технологиялық саясат және қайта өңдеу өнеркәсібі басқармасының бастығы Аян Сәулетұлы Ықылас 2009 жылғы 27 - 31 қазан кезеңіне Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі А.Қ. Евниев пен А.С. Ықыласқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов