|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде: 13-тармақта: 99) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «99) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификат береді;»; 105) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «105) тауардың шығу тегі туралы сертификат бланкілерінің нысандарын белгілейді және ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификат дайындауды ұйымдастырады;»; 14-тармақ мынадай мазмұндағы 27-1), 99-1) тармақшалармен толықтырылсын: «27-1) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары тоқсан сайын ұсынатын тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар бойынша ақпаратты талдау арқылы мониторингті жүзеге асыру;»; «99-1) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметіне жыл сайын тексеру жүргізу арқылы тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуын бақылау;». 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы 2009 жылғы 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |