|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Фармация комитеті бақылау Төрағасының 2006 жылғы 8 қарашадағы № 162 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Флоксимед
Халықаралық патенттелмеген атауы Ципрофлоксацин
Дәрілік түрі Көзге тамызатын 0,3% дәрілер, 5 мл
Құрамы 1 мл препараттың құрамында: белсенді зат - 3,5 мг ципрофлоксацин гидрохлориді (3,0 мг ципрофлоксацинге барабар), қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, маннитол, мұз сірке қышқылы, натрий ацетаты, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы Мөлдір, түссіз немесе сәл сары түсті, иіссіз сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы Көз ауруларын емдеуге арналған препарат. Микробқа қарсы басқадай препараттар АТЖ коды S01АХ13
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Көзге тамызатын дәрілерді жергілікті қолданған кезде көз тіндеріне жақсы енеді. Бір реттік инстилляциядан кейін оның көздің алдыңғы камерасының ылғалындағы концентрациясы 10 минуттан кейін 0,1% құрайды. Алдыңғы камераның ылғалында 1 сағаттан кейін анықталған ең жоғары коцентрация 0,19 мг/мл құрайды. 2 сағат өткеннен кейін концентрация төмендей бастайды, бірақ көздің қасаң қабығының тіндеріндегі бактерияға қарсы әсер 6 сағатқа дейін, алдыңғы камераның ылғалында 4 сағатқа дейін сақталады. Көз тамшысын жергілікті қолданғанда қан сарысуынан Т1/2 4-5 сағатты құрайды. Препарат бүйректер арқылы, көбінесе (50%-ға дейін) өзгермеген күйінде, және 10%-ға дейіні метаболиттер түрінде шығарылады, 15% ішек арқылы шығарылады, бала емізетін аналарда ішінара емшек сүтімен бірге шығарылады. Фармакодинамикасы Ципрофлоксацин микробқа қарсы фторхинолондар тобына жататын дәрі болып табылады және әсер ету өрісі ауқымды. Қоздырғыштарға ДНК синтезі үшін қажет бактериялық ДНК-гиразаны тежеу арқылы бактерицидтік әсер етіп, бактериялардың өсуі мен бөлінуін бұзып, оларды тез өлтіреді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|