«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымының
Осы редакция 2009 жылғы 23 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 37, 487-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында: «1. Облыстық әкімдік» деген бөлімде: 2, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сәулет және қала құрылысы департаменті (басқармасы)»; «9. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру департаменті (басқармасы)»; 14-тармақ алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 15-1, 20-1-тармақтармен толықтырылсын: «15-1. Құрылыс департаменті (басқармасы)»; «20-1. Тарифтер басқармасы (бөлімі)»; «2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі» деген бөлімде: 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру департаменті (басқармасы)»; 15-тармақ алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 20-1, 20-2-тармақтармен толықтырылсын: «20-1. Тарифтер басқармасы (бөлімі); 20-2. Ауыл шаруашылығы басқармасы (бөлімі)»; «3. Ауданның және облыстық маңызы бар қаланың (тұрғындар саны 50000 адамнан артық) әкімдігі» деген бөлімде: тақырыбындағы «(тұрғындар саны 50000 адамнан артық)» деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Сәулет және қала құрылысы бөлімі»; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Жер қатынастары бөлімі»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Білім бөлімі»; мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Кәсіпкерлік бөлімі»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Ауыл шаруашылығы бөлімі»; мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2-тармақтармен толықтырылсын: «8-1. Құрылыс бөлімі; 8-2. Дене шынықтыру және спорт бөлімі»; «4. Ауданның (тұрғындар саны 50000 адамнан аз) әкімдігі» деген бөлім алынып тасталсын; 2) «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: «Барлығы, штат саны* (бірлік)» деген бағанда: «Ақмола» деген жолдағы «3544» деген сандар «3628» деген сандармен ауыстырылсын; «Ақтөбе» деген жолдағы «2665» деген сандар «2727» деген сандармен ауыстырылсын; «Алматы» деген жолдағы «4171» деген сандар «4252» деген сандармен ауыстырылсын; «Атырау» деген жолдағы «1720» деген сандар «1758» деген сандармен ауыстырылсын; «Шығыс Қазақстан» деген жолдағы «4481» деген сандар «4559» деген сандармен ауыстырылсын; «Жамбыл» деген жолдағы «3014» деген сандар «3071» деген сандармен ауыстырылсын; «Батыс Қазақстан» деген жолдағы «2586» деген сандар «2649» деген сандармен ауыстырылсын; «Қарағанды» деген жолдағы «3874» деген сандар «3938» деген сандармен ауыстырылсын; «Қостанай» деген жолдағы «3811» деген сандар «3900» деген сандармен ауыстырылсын; «Қызылорда» деген жолдағы «2035» деген сандар «2078» деген сандармен ауыстырылсын; «Маңғыстау» деген жолдағы «1162» деген сандар «1223» деген сандармен ауыстырылсын; «Павлодар» деген жолдағы «3179» деген сандар «3236» деген сандармен ауыстырылсын; «Солтүстік Қазақстан» деген жолдағы «2998» деген сандар «3066» деген сандармен ауыстырылсын; «Оңтүстік Қазақстан» деген жолдағы «4456» деген сандар «4539» деген сандармен ауыстырылсын; «Алматы қаласы» деген жолдағы «1777» деген сандар «1789» деген сандармен ауыстырылсын; «Астана қаласы» деген жолдағы «996» деген сандар «1011» деген сандармен ауыстырылсын; «ЖИЫНЫ:» деген жолдағы «46469» деген сандар «47424» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 1) өз кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін; 2) оларға Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың тиісті бөлімшелеріне ауыстыруды қамтамасыз ету ұсынылсын; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Орталық мемлекеттік органдар: 1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне үлгі құрылымға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, сондай-ақ мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратып, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісілген департаменттерінің (басқармалардың, бөлімдердің) ұсынылатын құрылымын жіберсін; 2) тиісті құжаттамалық, ақпараттық, материалдық-техникалық базаның аумақтық бөлімшелерден жергілікті атқарушы органдарға берілуін қамтамасыз етсін; 3) мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратуды ескере отырып, жергілікті атқарушы органдармен әкімдіктердің құрылатын немесе қайта ұйымдастырылатын құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөнінде тиісті түсіндіру жұмысын жүргізсін; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|