Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелеріндегі (2007.05.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 17 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеп жатқан, сотталғандармен тәрбие жұмыстарын жетілдiру және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1376 қаулысымен бекітілген 2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық бекітілсiн. 2. "Қазақстан Республикасының түзеу мекемелеріндегі жазаларын өтеп жатқан, сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 147 бұйрығы күшiн жойды деп танылсын (мемлекеттік тiркеу № 1714). 3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткен күнi күшiне енедi. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басшылық ететiн Қазақстан Республикасының Әдiлет Вице-Министрiне жүктелсін.
Әдiлет министрлігі түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелеріндегі (бұдан әрi - ТМ) сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелерiн реттейдi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|