|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында: «Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімнің «Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету» деген 3-кіші бөлімінде: 2-кезеңде: 2008 жыл: 2-тетікте: мынадай мазмұндағы тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын: «Бұл ретте, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілерді қамтамасыз ету үшін уәкілетті ұйымдар заңнамаға сәйкес бұдан бұрын жосықсыз салушылармен көрсетілген объектілерде пәтерлер сатып алуға шарт жасасқан мемлекеттік мекемелермен құрылысты бюджет қаражаты есебінен аяқтауға шарттар жасасатын болады. Мемлекеттік қызметшілерге пәтерлерді одан әрі бөлу заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.». 2. Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |