Қазақстан Республикасы Yкіметінiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы (2009.15.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Yкіметінiң 02.04.01 ж. № 430; 27.09.01 ж. № 1256; 20.02.02 ж. № 231; 03.04.02. № 397;10.06.03 ж. № 547; 12.08.03 ж. № 802 (бұр.ред. қара); 25.11.03 ж. № 1175; 08.04.04 ж. № 389; 23.11.04 ж. № 1227; 21.12.04 ж. № 1352 (бұр.ред. қара); 2005.28.04. № 398 (бұр. ред. қара); 2005.23.05. № 493 (бұр. ред. қара); 2005.22.09. № 941 (бұр.ред.қара); 2005.30.12. № 1327 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 172 (бұр.ред.қара); 2006.07.09. № 846 (бұр. ред. қара); 2007.20.03. № 217 (бұр. ред. қара); 2007.05.10. № 905 (бұр.ред.қара); 2008.07.04. № 323 (бұр.ред.қара); 2008.16.06. № 587 (бұр.ред.қара); 2008.24.12. № 1248 (бұр.ред.қара); 2009.15.05. № 728 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия мынадай құрамда құрылсын:
Түсіпбеков - Қазақстан Республикасының Әділет Рашид Төлеутайұлы министрі, төраға
Сәдуақасова - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны Елдана Мәкенқызы қорғау вице-министрі
Нұрымбетов - Қазақстан Республикасының Еңбек және Біржан Бидайбекұлы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Саванков - Қазақстан Республикасының Ішкі істер Александр Михайлович вице-министрі
Дәулеталин - Қазақстан Республикасының Парламенті Сатыбалды Телағысұлы Мәжілісінің Аппарат Басшысының орынбасары (келісім бойынша)
Байжанов - Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы Ғабит Жақыпбайұлы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Қосдәулетов - Қазақстан Республикасының Дулат Рашитұлы Әділет вице- министрі, төрайымның орынбасары;
Бектұров Азат - Қазақстан Республикасының Ғаббасұлы Көлік және коммуникация вице-министрі;
Калюжный Вячеслав Адам құқықтары жөніндегі ұлттық Афанасьевич - орталық басшысы (келісім бойынша);
Жиреншин Қазбек "Қазақ гуманитарлық заң университеті" Әбусағитұлы - акционерлік қоғамы Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша);
Құдайбергенов - Қазақстан Республикасы Табиғи Ескендір Көпбосынұлы монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары; Уақпаев Марат Сұлтанұлы -Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Аппараты Құқықтық сараптама бөлiмiнiң меңгерушiсi (келісім бойынша);
Тәжияқов - Қазақстан Республикасының Бейсенғали Шамғалиұлы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары (келісім бойынша); Жәкенов Асқар Серiкжанұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Заң бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары;
Бәшімов - Еуропалық құқық сараптау Марат Советұлы институтының директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы;
Ақылбай - Қазақстан Республикасының Серік Байсейітұлы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Жалмағамбетова - Қазақстан Республикасының Светлана Жақиянқызы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Меркель - Қазақстан Республикасы Бас Иоган Давидович прокурорының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Иманқұлов - Қазақстан Республикасының Еділбай Исламұлы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Марат Әпсеметұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Тұрғанов - Қазақстан Республикасының Дүйсембай Нұрбайұлы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі
Үкібаев - Қазақстан Республикасы Ермек Елеуханұлы Республикалық ұланы Қолбасшысының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Шаяхметов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Әділ Шаяхметұлы қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Бөрібаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет және Асқар Исмайылұлы ақпарат вице-министрі
Оразаев - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Марат Әбілахатұлы вице-министрі
Парсегов - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау Борис Анатольевич агенттігі төрағасының орынбасары
Меңдібаев - Қазақстан Республикасының Статистика Бірлік Қайырбекұлы агенттігі төрайымының орынбасары
Мейірманова - Қазақстан Республикасы Парламентінің Азалия Амангелдіқызы Мәжілісіндегі «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы фракциясының аппараты ұйымдастыру-құқық бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)
Қуанғанова - Қазақстан кәсіпкерлері форумы атқарушы Гүлнәр Шаймұратқызы директорының орынбасары (келісім бойынша)
Нұғманова - «Қазақстан Республикасының заң шығару Эльмира Әбдікқызы институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, заң ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша);
ҚР Yкіметінiң 21.08.03 ж. № 840 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді(бұр. ред. қара) 2. Қоса берiлiп отырған: 1) Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже; 3. Ағымдағы және перспективадағы заң жобалау жұмыстары жобаларының орындалуына жалпы бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне жүктелсiн. ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар әр айдың 25-шi күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Парламентiнде өтуi туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстарының орындалу барысы туралы есептi ұсынсын. ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі: Қазақстан Республикасының Yкіметі мен уәкілетті мемлекеттік органдардың заң жобалау қызметінің барысын ай сайын қорытсын, шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстары жоспарларының орындалу барысы туралы ақпаратты дайындасын және есепті айдан кейінгі айдың бірі күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберсін; уәкiлеттi мемлекеттік органдардың заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерiн бұзушылықтары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жедел хабарласын және анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiндегі шараларды ұсынсын. ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300; 2007.20.03. № 217 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді 6. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар ?кіметтiң Парламентке енгізген заң жобаларының мәтiндерiне заңның тұжырымдамасымен, оның құқықтық мазмұнын өзгертумен байланысты және мемлекеттік кiрiстердi азайтуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтiн өзгерістер мен толықтыруларды ?кіметпен келiспей енгізудi болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі Регламентiнiң 79-тармағының талаптарын қатаң орындауды қамтамасыз етсiн. 7. Қазақстан Республикасы Yкіметінің Парламенттегi Өкiлдiгi Премьер-Министрдi, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесiнің Басшысын Қазақстан Республикасының Үкіметі енгiзетiн заң жобаларының және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қызметiне қатысы бар Қазақстан Республикасының Парламентi қарайтын басқа да мәселелердің өту процесi туралы тұрақты хабардар етсiн. 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысымен бекітілген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. ҚР Үкіметінің 24.06.02 ж. № 690 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Комиссия қызметiнiң басты мақсаты Республиканың қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және уәкiлеттi мемлекеттік органдарының заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды жасаудан тұрады. 3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. ҚР Үкіметінің 27.09.01 ж. № 1256; 24.06.02 ж. № 690; 10.12.02 ж. № 1300; 21.08.03 ж. № 840 (бұр. ред. қара); 2007.20.03. № 217 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 4-тармақ толықтырылды және өзгертілді 4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және уәкiлеттi мемлекеттік органдарының заң жобалау қызметiн талдау; Үкiметтiң Іс-қимыл бағдарламасын, Мемлекет басшысының тапсырмаларын, сондай-ақ елде жүргiзiлiп жатқан реформаларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ағымдағы және перспективалық заң жобалау жұмыстарының жоспарын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеу; заң жобалау қызметiнiң басым бағыттары туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгізу; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентiнде заң жобаларының әзiрленуi және жүруi процесiнде туындайтын келiспеушiлiктердi реттеу жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу; мемлекеттік органның өтініші бойынша мерзімдерді ауыстыру және тиісті жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді қарау; Үкіметтің Парламент Мәжілісінен заң жобаларын қайтарып алу мәселелері бойынша ұсынымдарды алдын-ала әзірлеу; Парламент депутаттары бастамашылық еткен заң жобалары Үкіметке түскен күнінен бастап 15 күндiк мерзімде оларды он не өзге бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатымен қарау; Үкіметтің мемлекеттік және өзге де бағдарламаларының, тұжырымдамаларының, іс-шараларының жобалары нормаларын заң жобалаумен қамтамасыз ету бөлігінде келісу; әзірлеушілер дайындаған заң жобаларын жобалар сараптамасын орындау мақсатында Үкіметке берудің ағымдағы жедел мерзімдерін айқындау; заң кесімдерімен реттеліп қойған қатынастар бойынша заң жобаларының тұжырымдамаларын және заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды алдын ала қарау; заң жобаларын ғылыми, криминологиялық және өзге де сараптамаға жіберу туралы, сондай-ақ заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми құқықтық сараптамаға жіберу туралы ұсынымдар әзірлеу. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және оны жүйелеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу; заңнаманы кодтау жөніндегі жұмыстың басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгізу; кодталған және топтастырылған кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу. 3. Комиссияның негiзгi құқықтары 5. Комиссияның өз мiндеттерiне сәйкес: 1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-әрекет жасауға; 2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсынымдар жасауға және ұсыныстар енгізуге; 3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды мемлекеттік және басқа да ұйымдардан сұратуға және алуға; 4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдардың өкiлдерiн Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға; 5) уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сарапшылық және жұмыс топтарын ұйымдастыруға құқылы. 4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды. 7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсынымдарын әзiрлеудi оның мүшелерi сайлайтын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады. 1) Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар әзiрлейдi, Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды; 2) Комиссия мүшелерiнiң және оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi. ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Комиссияның отырыстары күнтізбелік жылғы айдың бірінші және үшінші дүйсенбісінде, қажет болған кезде, Комиссияның төрағасы белгілейтін өзге де күндерде де өткізіледі. 10. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссияның Төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келісімi бойынша анықтайды және нақтылайды. ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Комиссияның шешiмi оның мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады, Комиссияға төрағалық етуші мен оның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Комиссияның мүшелерi шешiм қабылдау кезiнде тең дауыстарға ие болады. Дауыстар тең түскен жағдайда төрағалық етуші дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады. 13. Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның атынан Комиссия құрамының кемiнде жартысының ауызша немесе жазбаша келісімi бойынша Комиссияның Терағасы немесе хатшысы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгiзедi. 14. Комиссияның құзыретiне қатысты қажетті материалдарды әзiрлеу үшiн ұйымдар, жоғары оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар және жоғары біліктi мамандар тартылуы мүмкiн. |