|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 331 Қаулысы Осы редакция 2009 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) орындау және Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) жұмыс тобының құрамы; 2) жұмыс тобы туралы ереже; 3) Іс-шаралар жоспары бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) қызметін қамтамасыз ету органы болып белгіленсін. 4. «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі оператор болып белгіленсін және мемлекеттік комиссияға ол туралы ережені бекіту ұсынылсын. 5. Іс-шаралар жоспарын іске асыруға тартылған мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар: 1) Іс-шаралар жоспарының тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) апта сайын аптаның 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін; 3) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі ведомстволық іс-шаралар жоспарларын әзірлесін. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге жүктелсін. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 331 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі№№ 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау және Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы Мусин Аслан Есболайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, жетекші |
Супрун Виктор Васильевич | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, жетекшінің орынбасары |
Қалыбеков Бекжан Жантөреұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті инвестициялық саясат басқармасының бастығы, хатшы |
Әбдіхалықова Гүлшара Наушақызы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Әйтекенов Қайрат Медібайұлы | - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі |
Ақшолақов Болат Оралұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі |
Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Бектұров Азат Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Құсдәулетов Дулат Рашитұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Сабдалин Абылай Қиялұлы | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі |
Сәрсембаев Зейнолла Сәкенұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Алдабергенов Нұрлан Шәдібекұлы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары |
Бахмутова Елена Леонидовна | - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары |
Бишіғаев Асқар Дәруішұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары |
Нұрпейісов Дархан Қадырбайұлы | - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары |
Сизов Александр Павлович | - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары |
Шоқаманов Юрий Қамырұлы | - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары |
Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары |
Рахметов Нұрлан Құсайынұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы |
Шәкіров Асқар Оразалыұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы |
Қуанышев Дулат Оразбекұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі |
Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы | - «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Досмұқаметов Қанат Мұхамедкәрімұлы | - «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары |
Исекешев Әсет Өрентайұлы | - «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары |
Ульф Вокурка | - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары |
Рау Альберт Павлович | - «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Перуашев Азат Тұрлыбекұлы | - «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы |
Мұратәлиев Біржан Раушанұлы | - «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасының орынбасары |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі №331 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау және Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) орындау және Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін құрылды. 2. Жұмыс тобы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 2. Жұмыс тобының міндеттері мен функциялары 3. Жұмыс тобының міндеті «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. 4. Жүктелген міндеттерге сәйкес жұмыс тобының функциялары: 1) мемлекеттік органдардың Іс-шаралар жоспарын орындауға бағытталған іс-қимылдарын үйлестіру және «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - мемлекеттік бағдарлама) әзірлеу; 2) мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер; 3) Іс-шаралар жоспарының орындалу барысына тиісті түзетулер енгізу; 4) Іс-шаралар жоспарын іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың нақты нәтижелерге қол жеткізуі жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. 5. Жұмыс тобы өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес: 1) орталық мемлекеттік және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан және өзге де ұйымдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға; 2) өз отырыстарында мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың және олардың лауазымды тұлғаларының Іс-шаралар жоспарын орындау қорытындылары мен Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу жөніндегі есептерін тыңдауға; 3) серпінді жобалардың экономикалық және қаржылық тиімділік пен экологиялық қауіпсіздік талаптары мен өлшемдеріне сәйкестігін бағалау үшін қосымша сараптау топтарын құруға құқылы. 3. Жұмыс тобының қызметін ұйымдастыру 6. Жұмыс тобын төраға басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, жұмыс тобының отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс тобы жүзеге асыратын қызметке және жұмыс тобы әзірлейтін шешімдерге дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын жұмыс тобы төрағасының орынбасары орындайды. 7. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жұмыс тобының жұмыс органы болып табылады. 8. Жұмыс тобының жұмыс органы жұмыс тобының жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. 9. Жұмыс тобының отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ аптасына кемінде бір рет өткізіледі. Жұмыс тобының төрағасы және оның орынбасары жұмыс тобының қарауына ұсынылған материалдардың негізінде жұмыс тобының жоспардан тыс отырыстарын шақырады. 10. Егер жұмыс тобының отырысында жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болып саналады. Жұмыс тобының мүшелері отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады. 11. Жұмыс тобы мүшелерінің отырыстарға қатысу жөніндегі өз өкілеттіктерін басқа адамдарға табыстауға құқығы жоқ. 12. Жұмыс тобының отырыстары ашық болып табылады. Төрағаның шешімі бойынша жабық отырыстар өткізілуі мүмкін. 13. Жұмыс тобының шешімдері ашық дауыспен қабылданады және егер оған жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданған болып саналады және жұмыс тобының төрағасы немесе оның отырысты өткізген орынбасары қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. Жұмыс тобы мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс. 14. Жұмыс тобының төрағасы не оның орынбасары жұмыс тобы мүшелерінің келісімі бойынша отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткізілетін орны мен уақытын белгілейді және нақтылайды. 15. Жұмыс тобының отырыстарына жұмыс тобының мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар және өзге де тұлғалар шақырылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 331 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары Р/с № | Іс-шараның атауы | Іске асыру шаралары мен кезеңдері, жауапты орындаушы, мерзімі | 1 | 2 | 3 | 1. Мемлекеттік жоспарлау | 1. | Экономиканы дамытудың параметрлерін болжамды- нысаналы сүйемелдеуді қамтамасыз ету Жауапты орындаушылар - ЭБЖМ, СА, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, ҰБ, Қоршаған- ортамині, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ Аяқтау нысаны - Қазақстан Республикасы- ның экономикасын жаң- ғырту жөніндегі мемле- кеттік комиссияның хат- тамалық шешімі (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Орындау мерзімі - 2007 жылғы мамыр | 1.1. Негізгі макроэкономикалық көрсет- кіштердің, оның ішінде әлемдегі бәсе- кеге барынша қабілетті елдердің ЖІӨ мен жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің даму серпініне талдау жүргізу және олардың 2007-2015 жылдар кезеңіне арналған болжамын әзірлеу ЭБЖМ, СА, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, ҰБ, Қоршағанортамині, 2007 жылғы сәуір - мамыр 1.2. Қазақстанның ЖІӨ, жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша, оның ішінде Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық міндетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін негізгі құрауыштар мен жылдар бойынша бөлуде 2007 - 2015 жылдар кезеңіне арналған нысаналы индикаторлар болжамын әзірлеу ЭБЖМ, СА, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, ҰБ, Қоршағанортамині, 2007 жылғы сәуір - мамыр 1.3. Бәсекеге қабілеттіліктің өсу мін- деттері аясында экономиканың дәйекті жаңғыртылуын қамтамасыз ететін оның нақты секторы салаларының жыл сайынғы инвестициялық қажеттілігін болжамдау ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы мамыр 1.4. Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ-ның негізгі инвестициялық параметрлері мен олардың қызметінің нәтижелері бойынша 2007 - 2015 жылдар кезеңіне арналған аралық және соңғы көрсеткіш- терінің нысаналы индикаторларының тіз- бесін анықтау және болжамдау ЭБЖМ, ИСМ, АШМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы мамыр 1.5. Әрбір мемлекеттік орган мен ұйымның 2007 - 2015 жылдар кезеңіне арналған макроэкономикалық көрсеткіш- терге қол жеткізу мақсатында өсу қар- қынының тиісті салалық индикаторларын анықтауы ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, Қоршаған- ортамині, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы мамыр 1.6. Болжамды деректерді Мемлекеттік комиссияның қарауына енгізу ЭБЖМ, СА, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, ҰБ, Қоршағанортамині, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы мамыр | 2. Қазақстанның инвестициялық әлеуетін дамыту | 2. | Қазақстанның инвести- циялық әлеуетін сапалы дамытуды сүйемелдеу Жауапты орындаушылар - ЭБЖМ, ИСМ, Әділетмині, АШМ, ККМ, ЭМРМ, Еңбек- мині, Қаржымині, ҰБ, ҚНРА, СА, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ,»ҚазАгро» ҰК» АҚ Аяқтау нысаны - Мемлекеттік комиссия- ның хаттамалық шешім- дерін іске асыру Орындау мерзімі - 2007 жылғы желтоқсан | 2.1. Қазақстандық даму институттары мен ұлттық компаниялардың инвестиция- лық бастамаларын шектейтін жүйелі проблемаларды анықтау жөніндегі нор- мативтік құқықтық база мен жарғылық құжаттарға нысаналы талдау жүргізу және осы институттардың инвестициялық қызметін жандандыру үшін тиісті ұсын- ыстар әзірлеу ЭБЖМ, Әділетмині, ИСМ, АШМ, Қаржымині, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы мамыр - шілде 2.2. Экономиканың шикізаттық емес секторындағы жеткіліксіз инвестиция- лық белсенділікке терең талдау жүргі- зу және проблеманы шешуге арналған шаралар кешені бойынша ұсыныстар әзірлеу ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ККМ, ЭМРМ, ДСМ, БҒМ, ТСМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы сәуір - маусым 2.3. Бәсекеге қабілеттіліктің өсуі жөніндегі міндеттерді шешу аясында даму институттары мен өзге де ұйымдар- дың инвестициялық мүмкіндіктерін баға- лауды жүргізу ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы мамыр 2.4. Қазақстандық даму институттары мен ұлттық компаниялардың Ұлттық қор, республикалық бюджет, зейнетақы жинақ- тары, халықтың жинақтары бөлінісінде капиталдануының өсу көздері мен әлеуе- тіне талдау жүргізу ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ, Еңбекмині, ҚНРА, СА, 2007 жылғы сәуір - маусым 2.5. Керсетілген зерттеулердің нәтиже- лерін және тиісті ұсыныстарды Мемле- кеттік комиссияның қарауына енгізу ЭБЖМ, ИСМ, АШМ, ККМ, ЭМРМ, Қаржымині, Еңбекмині, Әділетмині, ҰБ, ҚНРА, СА, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы шілде 2.6. Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның хаттамалық шешімдерін практикалық іске асыру жөнінде шаралар қабылдау ЭБЖМ, ИСМ, АШМ, ККМ, ЭМРМ, Қаржымині, Еңбекмині, Әділетмині, ҰБ, ҚНРА, СА, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы желтоқсан | 3. Серпінді макрожобаларды іске асыру және «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу | 3. | Серпінді макрожобаларды практикалық іске асыру жөніндегі шаралар кеше- нін қабылдау Жауапты орындаушылар - ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, Қоршағанортамині, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ Аяқтау нысаны - серпінді макрожобаларды іске асыруды қамтама- сыз ету Орындау мерзімі - 2009 жылғы ақпан | 3.1. Серпінді макрожобаны айқындауды тұжырымдау және серпінді макрожобалар- ды іріктеу өлшемдерін айқындау ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, Қоршаған- ортамині, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы сәуір - маусым 3.2. Серпінді макрожобаларды іске асыру үшін басым бағыттарды айқындау ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, Қоршаған- ортамині, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, «Самғау» холдингі» АҚ, 2007 жылғы сәуір - маусым 3.3. Әлеуетті корпоративтік көшбасшы- ларды анықтау мақсатында елдің қазіргі компанияларының қызметіне талдау жүргізу ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы сәуір - маусым 3.4. Мемлекеттік комиссия мақұлдаған өлшемдер негізінде Қазақстанның серпінді макрожобаларын іріктеу жөнінде конкурс өткізу ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 тамыз 3.5. Серпінді макрожобаларды орналас- тырудың әлеуетті аумағын көрсете оты- рып, олардың тізбесін қалыптастыру ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, «Самғау» холдингі» АҚ, 2007 тамыз 3.6. Серпінді макрожобаларды іске асырудың техникалық-экономикалық нег- іздемелерін әзірлеу жөнінде техникалық тапсырмаларын әзірлеу ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы қыркүйек - қазан 3.7. Серпінді макрожобаларды іске асыру жөнінде техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеу ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы қараша - 2008 жылғы мамыр 3.8. Серпінді макрожобаларды іске асыруды қаржыландыру көздері мен тетіктерін анықтау ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы қараша - 2008 жылғы тамыз 3.9. Серпінді макрожобаларды іске асыру операторларын анықтау ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2008 жылғы ақпан - қараша 3.10. Серпінді макрожобалардың жоба- лау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және оларды іске асыру ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2008 жылғы маусым - 2009 жылғы ақпан 3.11. Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәти- желерін Мемлекеттік комиссияның қарау- ына енгізу ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, ай сайын 3.12. Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша Мемлекеттік комиссияның хат- тамалық шешімдерін практикалық іске асыру жөнінде шаралар қабылдау ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, тұрақты | 4. | Серпінді макрожобаларды іске асыруды сапалы сүйемелдеу Жауапты орындаушылар - ИСМ, ЭБЖМ, Әділетмині, ЭМРМ, ККМ, АШМ, Қаржы- мині, Еңбекмині, БҒМ, Қоршағанортамині, АБА, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ Аяқтау нысаны - Қазақстан Республикасы- ның Үкіметіне ақпарат Орындау мерзімі - ай сайын | 4.1. Жоспарланып отырған серпінді жобаларды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету шаралары жөнінде ұсыныстар әзірлеу ИСМ, ЭБЖМ, ЭМРМ, ККМ, АШМ, Қаржымині, Еңбекмині, БҒМ, Қоршағанортамині, АБА, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы мамыр - шілде 4.2. Серпінді макрожобаларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін Қазақс- танның минералдық-шикізат базасына талдау жүргізу ЭМРМ, ЭБЖМ, 2007 жылғы мамыр 4.3. Экономикалық ынталандыру аймақ- тарының әр түрлі үлгілерінің ықтимал жұмыс істеуінің схемалары бойынша ұсыныстарға талдау жүргізу және әзірлеу ИСМ, ЭБЖМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, 2007 жылғы сәуір - шілде 4.4. Тауарлар мен қызметтердің ұлттық қоржынын қалыптастыру жөнінде ұсыныс- тар әзірлеу (тауарлар мен қызметтер- дің ұлттық қоржынының құрамы және оны қалыптастыру жөніндегі шаралар) ЭБЖМ, ИСМ, АШМ, ККМ, ЭМРМ, БҒМ, Еңбек- мині, АБА, 2007 жылғы маусым - шілде 4.5. Қазақстанда жоғары қайта бөліс өнімі өндірісінің дамуын уәжсізден- діретін жүйелі проблемаларды анықтау- ға бағытталған сауда және кедендік- тарифтік саясатқа талдау жүргізу ИСМ, ЭБЖМ, Қаржымині, АШМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы қыркүйек 4.6. Салық заңнамасына талдау жүргізу және компаниялардың инвестициялық белсенділігін арттыру (ынталандыру) жөнінде ұсыныстар әзірлеу ЭБЖМ, Қаржымині, ИСМ, АШМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы қыркүйек 4.7. Қазақстанда қосылған құны жоғары өндірістерді дамытуды ынталандыруға бағытталған шаралар кешені бойынша, оның ішінде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу ЭБЖМ, Әділетмині, Қаржымині, ИСМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, Қоршағанортамині, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы қыркүйек 4.8. Серпінді макрожобаларды іске асыру үшін жағдай жасау мақсатында шетелдік жұмыс күшін тарту бөлігіндегі шаралар кешені бойынша, оның ішінде нормативтік кұқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу Еңбекмині, ЭБЖМ, БҒМ, ИСМ, ЭМРМ 2007 жылғы қыркүйек 4.9. Серпінді макрожобаларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін отандық мамандарды жүйелі даярлауды, қайта даярлауды қамтамасыз етуге бағыттал- ған шаралар кешені бойынша ұсыныстар әзірлеу БҒМ, ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, Еңбекмині 2007 жылғы қыркүйек 4.10. Серпінді макрожобаларды іске асыру үшін стратегиялық инвесторларды тарту жөнінде іс-шаралар өткізу ИСМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, серпінді макрожобалардың тізбесі мақұлданған сәттен бастап, 2007 жылғы тамыз - 2008 жылғы тамызда, аяқтау нысаны - стратегиялық инвесторлармен тиісті келісім-шарттар жасасу 4.11. Стратегиялық инвесторлардың мемлекетпен ынтымақтастығы туралы меморандумдардың келісілген жобаларын дайындау ИСМ, ЭБЖМ, ЭМРМ, 2007 шілде 4.12. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелерін Мемлекеттік комиссияның қарауына енгізу ИСМ, ЭБЖМ, ЭМРМ, ККМ, АШМ, АБА, Қаржымині, Еңбекмині, БҒМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, ай сайын 4.13. Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша Мемлекеттік комиссияның хат- тамалық шешімдерін практикалық іске асыру жөнінде шаралар қабылдау ИСМ, ЭБЖМ, ЭМРМ, ККМ, АШМ, АБА, Қаржымині, Еңбекмині, БҒМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, тұрақты | 5. | «Қазақстанның 30 корпо- ративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарлама- сының жобасын әзірлеу Жауапты орындаушы - ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, Қоршағанортамині, БҒМ, ДСМ, ТСМ, ҰБ, СА, ҚНРА, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, обл- ыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Аяқтау нысаны - Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Орындау мерзімі - 2007 жылғы қазан | 5.1. «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасы- ның жобасын әзірлеу ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, Қоршаған- ортамині, БҒМ, ДСМ, ТСМ, ҰБ, СА, ҚНРА, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкім- дері, 2007 жылғы тамыз 5.2. «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасы- ның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, Қоршаған- ортамині, БҒМ, ДСМ, ТСМ, ҰБ, СА, ҚНРА, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкім- дері, 2007 жылғы қыркүйек 5.3. «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасы- ның жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, Қоршаған- ортамині, БҒМ, ДСМ, ТСМ, ҰБ, СА, ҚНРА, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкім- дері, 2007 жылғы қазан |
|