2009 жылға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы
IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІV сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 154 шешімі
(2009.29.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХVІ сессиясының 2009.20.02. № 174 шешімімен (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XVІІ сессиясының 2009.24.04 № 179 шешімімен (бұр. ред. қара) (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) 1-тармақ жаңа редакцияда; IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XX сессиясының 2009.29.07 № 235 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 2009 жылға арналған Алматы қаласының бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1. кірістер - 253 931 579 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 153 858 650 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 838 230 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 10 060 000 мың теңге;
республикалық бюджеттен түсетін трансферттер - 88 174 699 мың теңге;
2. шығындар - 250 010 051 мың теңге;
3. таза бюджеттік кредит беру - -1 333 920 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 333 920 мың теңге;
4. қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 810 146 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 1 010 146 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 200 000 мың теңге;
5. бюджет профициті - 4 445 302 мың теңге;
6. бюджет профицитін пайдалану - - 4 445 302 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 925 000 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 6 914 113 мың теңге;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 1 543 811 мың теңге;
2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен түсімдер есебінен құралады деп белгіленсін:
- жеке табыс салығынан;
- әлеуметтік салықтан;
- заңды және жеке тұлғалардың мүлігіне салынатын салықтардан;
- жер салығынан;
- заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтардан;