|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 18 маусымдағы № 102 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы ПРОТОМИД
Халықаралық патенттелмеген атауы Протионамид
Дәрілік түрі Үлбірлі қабықпен қапталған 250 мг таблеткалар
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат: 250 мг протионамид қосымша заттар: жүгері крахмалы, желатин, тазартылған су, натрий крахмалы гликоляты (А түрі), коллоидты сусыз кремний (Aerosil-200), акация камеді, тазартылған тальк, магний стеараты, повидон (PVP K-30), изопропил спирті, гидроксипропилметилцеллюлоза (гипромелллоза) 5 cps, титанның қос тотығы (Е-171), хинолинды сары (Е-104), диэтилфталат.
Сипаттамасы Үлбірлі қабықпен қапталған екі жағы дөңес, дөңгелек сары таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы Туберкулезді емдеуге арналған дәрілер. Тиокарбамид туындылары. АТЖ коды J04AD01.
Фармакологиялық қасиетері Фармакокинетикасы Протионамид ішу арқылы қабылдағаннан кейін жақсы сіңеді. 250 мг қабылдағаннан кейін плазмадағы барынша жоғары концентрациясына 2 сағат өткенде жетеді және 1,0-1,4 мг/л; 500 мг қабылдағаннан кейін 3 мг/л құрайды. 0,05 мг/л шектегі концентрациясы алапес микобактерияларының көбеюін in vitro бәсеңдетеді. Плазмадағы жартылай тіршілік ету кезеңі - 1,8 сағат. Протионамид жұлын сұйықтығын қоса, тіндер мен биологиялық орталарға жақсы таралады. Протионамид микобактериялар жөнінде теңдей белсенділігі бар сульфоксид-метаболиттерді түзе отырып, қарқынды биотрансформацияға ұшырайды. Өзгермеген күйінде несеппен енгізілген заттың 0,08%, және метаболиттер түрінде 0,4% бөлініп шығады; жартылай шығарылу кезеңдерінің орташа мәндері тиісінше 1,38 және 1,63 сағатты құрайды. Өзгермеген протионамидтің 0,1% ішек арқылы бөлініп шығады. Бауыр ауруларының протионамидтің фармакокинетикасына әсері анықталмаған. Бүйрегінің аурулары бар және егеде жастағы емделушілерде де протионамид фармакокинетикасы көрсеткіштерінің өзгергені байқалмаған. Фармакодинамикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|