|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 84 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Профол ТМ 1%
Халықаралық патенттелмеген атауы Пропофол
Дәрілік түрі Көктамырға енгізуге арналған 20 мл және 50 мл 1% майлы эмульсия
Құрамы 1 мл эмульсияның құрамында белсенді зат - 10,0 мг пропофол бар қосымша заттар: 100,0 мг соя майы, 22,5 мг глицерин, 12,0 мг жұмыртқа лецитині, инъекцияға арналған судың жеткілікті мөлшері.
Сипаттамасы «Судағы май» түріндегі ақ түсті эмульсия
Фармакотерапиялық тобы Жалпы жансыздындыруға (анестезияға) арналған басқадай препараттарАТЖ коды N01АХ10
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Пропофолдың таралу көлемі өте үлкен 4л/кг-нан астам. Қаннан жартылай шығарылу кезеңі 1,7 сағатқа жуық құрайды. Пропофол глюкуронид пен сульфатты түзе отырып, конъюгациялану арқылы бауырда жылдам биоөзгеріске ұшырайды. Препарат несеппен метаболиттер түрінде 90% және 1% азырағы өзгермеген күйінде шығарылады. Фармакодинамикасы Пропофол (2.6 диизопропил фенол) - жансыздандырғыш (анестезиялаушы) дәрі, ингаляциялық емес наркозға арналған, әсерінің жылдам басталуымен сипатталады - наркоз жағдайы 30-40 ішінде басталады, қозудың айқын белгілері болмайды. Жансыздандырудан (анестезиядан) кейін организмнің қызмет түрлері қалпына жылдам келеді. Препараттың әсер ету механизмі жеткілікті зерттелмеген. Наркоздың бойды алуы орталық жүйке жүйесі нейрондары жарғақшадарының липидтеріне спецификалық емес әсер етуімен байланысты, нәтижесінде иондық (натрийлік) өзекшелердің жұмысы бұзылады деген болжам бар. Пропофолдың әсерімен мидағы GABA (гамма -аминобутир қышқылды) - ергиялық үдерістер күшейеді. Пропофолды индукция мен демеуші дансыздандыру (анестезия) үшін қолданған кезде гипотензиялық әсері және жүрек қызметі көрсеткіштерінің аздаған өзгерістері болуы ықтимал. Дегенмен, гемодинамиканың бұзылу ықтималдығы салыстырмалы алғанда төмен болады, әдетте гемодинамика параметрлері салыстырмалы тұрақты болып қала береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|