«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауды қамтамасыз етудiң кейбір мәселелерi туралы»
Осы редакция 2009 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында (бұдан әрi - Мемлекеттік шекара): 1) Қытай Халық Республикасымен: шекара маңындағы аудандардың, қалалардың, ауылдық (селолық) округтердiң, темiржол станцияларының, әуежайлардың және өзен айлақтарының аумағы шегінде шекара белдеуi; Мемлекеттік шекараға жанасатын жерлердiң 2000 метрлiк белдеуi шегiнде шекара белдеуi; шекара белдеуi шегінде Мемлекеттік шекара сызығы бойында енi 500 метрлiк карантиндiк белдеу; 2) Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Өзбекстан Республикасымен және Түркiменстанмен Мемлекеттік шекара сызығының бойында енi 50 метрге дейiнгі карантиндiк белдеу орнатылсын. 2. Инженерлiк-техникалық құрылыстар мен қоршауларды, шекара белгiлерiн, шекарадағы орман жолдарын, коммуникацияларды және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерiн жайғастыру мен күтiп-ұстау үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне тұрақты жер пайдалануға: 1) Қытай Халық Республикасымен шекарада - бұрын бөлiнiп берiлген жерлер, шекара белдеуіндегі де, оның шегiнен тысқары жерлеріндегі де енi 30-50 метр жер телiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы бойындағы бес метрлiк белдеу; 2) Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Өзбекстан Республикасымен және Түркiменстанмен шекарада - Мемлекеттік шекара сызығына тiкелей жанасатын, енi 30-дан 100 метрге дейiнгi жер телiмдерi берiлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы сызығына тiкелей жанасатын жер телiмдерiн тұрақты жер пайдалану құқығында алғаны үшiн ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын республикалық бюджетке өтеуден босатылсын. 4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 маусымдағы № 552 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 25, 306-құжат) мынадай өзгерiс енгiзілсiн: 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
|