Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 20 маусымдағы № 146 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Анти-Бит
Халықаралық патенттелмеген атауы Сумитрин
Дәрілік түрі Сыртқа қолдануға арналған 0,408 г емдік сусабын
Құрамы 100 мл сусабынның құрамында белсенді зат - сумитрин 0,408г қосымша заттар: тексапон N-28, комперлан KD, сорбин қышқылы, цетиол НЕ, тазартылған су.
Сипаттамасы Ашық-сары түсті ерітінді
Фармакотерапиялық тобы Эктопаразиттерді жоюға арналған препараттар (қышыма қотыр кенесін, инсектицид және репелленттер). Пиретриндер. АТЖ коды Р03СА01
Фармакологиялық қасиеттері Анти-Бит сусабыны педикулезде қолданылады. Препараттың құрамындағы Сумитрин пиретрум гүлдерінен алынған пиретрин қосылыстарының синтетикалық туындыларының бірі болып табылады. Химиялық атауы: 3-феноксибензол (1RS)-цис-транс-кризантемат. Бастың шашты бөлігінің биттеріне, сондай-ақ қасағалық биттеріне (Pediculus pubis), сондай-ақ олардың жұмыртқаларына жоюшы әсер етеді. Препарат жылықанды жануарларға зиянсыз. Анти-Бит теріден аздаған мөлшерлерде сіңеді және жүйелі қан ағымына түспейді.
Қолданылуы - педикулезде
Қолдану тәсілі және дозалары Балалар және ересектерге емдік мақсатта Анти-Битті шаштың түбін ылғалдандырғаннан кейін үш минут бойы ысқылап жағады,аздан соң жылы сумен жуып тастайды. Емшараны екі рет жүргізеді. Көптеген жағдайларда мұндай қолдану шашты биттер мен балаңқұрттардан (сіркелерден) тазартуға жеткілікті. Сіркелер толық жойылғанына көз жеткізу үшін препаратты екі күннен кейін тағы да қолдану керек. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|