Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу кезінде өндіріс жағдайларын және сапаны қамтамасыз ету жүйесін бағалау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 743 бұйрығы (2019.16.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.16.04. № ҚР ДСМ-40 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 71-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.16.04. № ҚР ДСМ-40 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу кезінде өндіріс жағдайларын және сапаны қамтамасыз ету жүйесін бағалау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмилдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. «Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу кезінде өндірістің жай күйін бағалауды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 115 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5620 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 17 сәуірде № 57 (1480) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|