Адамды маскүнемдікпен, нашақорлықпен жәнә уытқұмарлықпен ауырады деп тану ережесін бекіту туралы (2010.12.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 8 қарашадағы № 162 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 132-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Адамды маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тану ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Айдарханов А.Т.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін. 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 1 желтоқсандағы № 808 бұйрығымен бекітілген
Адамды маскүнемдікпен, нашақорлыкпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тану ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Адамды маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тану үшін осы адамға қатысты мынадай клиникалық диагнозды белгілеу фактісі негіз болып табылады: 10-шы қайта қаралған аурулардың қолданыстағы халықаралық жіктемесінің (ХАЖ-10) өлшемдері бойынша психоактивтік заттарды қолдану салдарынан (бұдан әрі - наркологиялық диагноз) болған психикалық және мінез-құлықтың бұзылулары (бұдан әрі- тәуелділік синдромы). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|