«Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 207-ө бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 100 бұйрығымен күші жойылды
«Бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы, «Экологиялық қауіпті технологияларды, техниканы және жабдықтарды әкелуді реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 207-ө бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген № 4844, 2007 жылғы 17 тамыздағы № 126 (1329) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу ережелерінде: 2-тармақтағы және барлық мәтін бойынша «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік)» деген сөздер «Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган)» деген сөздермен ауыстырылсын; барлық мәтін бойынша «Министрліктің», «Министрлікте», «аумақтық органдардың», «аумақтық органдармен», «аумақтық органдар», «аумақтық органның», деген сөздер «уәкілетті органның», «уәкілетті органда», «аумақтық бөлімшелердің», «аумақтық бөлімшелермен», «аумақтық бөлімшелер», «аумақтық бөлімшенің» деген сөздермен ауыстырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|