|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №15-16, 211-құжат; 1998 ж., №16, 219-құжат; №17-18, 225-құжат; 1999 ж., №20, 721-құжат; №21, 774-құжат; 2000 ж, №6, 141-құжат; 2001 ж., №8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., №4, 32, 33-құжаттар; №10, 106-құжат; №17, 155-құжат; №23-24, 192-құжат; 2003 ж., №15, 137-құжат; №18, 142-құжат; 2004 ж., №5, 22-құжат; №17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., №13, 53-құжат; №14, 58-құжат; №21-22, 87-құжат; 2006 ж., №2, 19-құжат; №3, 22-құжат; №5-6, 31-құжат; №8, 45-құжат; №12, 72-құжат; №15, 92-құжат; 2007 ж., №1, 2-құжат; №4, 33-құжат; №5-6, 40-құжат; №9, 67-құжат; №10, 69-құжат; №17, 140-құжат; 2008 ж., №12, 48-құжат; №13-14, 58-құжат; №17-18, 72-құжат; №23, 114-құжат; №24, 126-құжат; 2009 ж., №6-7, 32-құжат; №13-14, 63-құжат; №15-16, 71, 73, 75-құжаттар; №17, 82, 83-құжаттар): екінші бөлік алып тасталсын; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3. Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшін сотталған не заңда белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, қылмыс бірнеше рет жасалған деп танылмайды.»; 2) 58-баптың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын: «Егер қылмыстардың жиынтығына кіретін қылмыс үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы тағайындалатын болса, онда түпкілікті жаза өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе тиісінше өлім жазасы түрінде тағайындалады.»; 3) 59-баптың үшінші бөлігіндегі «Егер осы Кодекстің Ерекше бөлімінің бабында (бабының бөлігінде) айқындаушы белгі ретінде қылмыс жасаған адамның соттылығына сілтеме болса, сондай-ақ осы» деген сөздер «Осы» деген сөзбен ауыстырылсын; «дейінгі» деген сөзден кейін «, ал кәмелетке толмағандарға алты айдан бір жылға дейінгі» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Шартты түрде сотталғандағы сынақ мерзімі кезеңінде ауыр емес немесе орташа ауыр қылмысты қайталап жасаған кезде де кәмелетке толмағандарға шартты түрде соттау қолданылуы мүмкін.»; төртінші бөліктегі «кішігірім ауырлықты қасақана қылмыс» деген сөздер «ауыр емес қасақана қылмыс, ал шартты түрде сотталған кәмелетке толмаған адам ауыр емес, орташа ауыр қылмыс» деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші бөліктегі «орташа ауырлықтағы» деген сөздер «- орташа ауыр» деген сөздермен ауыстырылып, «жасаған» деген сөздің алдынан «, ал кәмелетке толмаған адам ауыр немесе аса ауыр қылмыс» деген сөздермен толықтырылсын; 6) 72-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сотталған жүкті әйелдердің жазаны өтеуін сот бір жылға дейін кейінге қалдыруы мүмкін. Жас балалары бар сотталған әйелдердің жазасын орындауды сот бала он төрт жасқа толғанға дейін кейінге қалдыруы мүмкін. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуі кейінге қалдырылмайды.»; бірінші бөліктегі «әлденеше рет қайталануы, қылмысты қайталау» деген сөздер «қайталануын айқындау» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-бөліктермен толықтырылсын: «4-1. Егер соттың үкімі бойынша адамға негізгі жазамен қатар қосымша жаза тағайындалса, онда соттылықтың жойылу мерзімі негізгі және қосымша жаза түрлерін өтеу кезінен бастап есептеледі. 4-2. Адам әртүрлі ауырлық дәрежесіне жататын қылмыстар үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы бойынша сотталған кезде соттылық әрбір қылмыс үшін жеке жойылады, бұл ретте жойылу мерзімі қылмыстардың жиынтығы немесе үкімдердің жиынтығы бойынша жазаны өтеу кезінен бастап есептеледі.»; 8) 96-баптың екінші бөлігінің н) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «н) бірнеше рет жасалған адам өлтіру -»; 9) 103-баптың екінші бөлігінің к) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «к) бірнеше рет жасалса, -»; 10) 104-баптың екінші бөлігінің ж) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «ж) бірнеше рет жасалса, -»; 11) 117-баптың үшінші бөлігіндегі «Заңсыз аборт жасағаны үшін бұрын сотталған адам жасаған» деген сөздер «Бірнеше рет жасалған» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 120-баптың екінші бөлігінің г) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «г) бірнеше рет жасаса, -»; 13) 121-баптың екінші бөлігінің г) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «г) бірнеше рет жасаса, -»; 14) 170-баптың екінші бөлігіндегі «немесе ұйымдасқан топпен жасалған, сол сияқты бұрын осы бап бойынша сотталған адам» деген сөздер «жасалған немесе ұйымдасқан топ» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөлікте: а) тармақ «жасаған» деген сөзбен толықтырылсын; б) тармақ «жасалған ұрлық -» деген сөздермен толықтырылып, в) тармақ алып тасталсын; ескертудің үшінші және төртінші бөліктері алып тасталсын; 16) 176-баптың үшінші бөлігінің б) тармағы «жасаған болса -» деген сөздермен толықтырылып, в) тармақ алып тасталсын; 17) 177-баптың үшінші бөлігінде: а) тармақ «жасаған» деген сөзбен толықтырылсын; б) тармақ «жасалған алаяқтық -» деген сөздермен толықтырылып, в) тармақ алып тасталсын; 18) 178-баптың үшінші бөлігінде: а) тармақ «жасаған» деген сөзбен толықтырылсын; б) тармақ «жасалған тонау -» деген сөздермен толықтырылып, в) тармақ алып тасталсын; 19) 179-баптың үшінші бөлігінде: б) тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «б) абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып;»; в) тармақ «жасаған қарақшылық -» деген сөздермен толықтырылып, г) тармағы алып тасталсын; 20) 181-баптың үшінші бөлігінде: б) тармақтағы «зардап келтіру» деген сөздер «зиян келтіре отырып» деген сөздермен ауыстырылсын; в) тармақ «жасаған қорқытып алу -» деген сөздермен толықтырылып, г) тармақ алып тасталсын; 21) 183-баптың екінші бөлігінде: а) тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «а) автомобильге немесе ірі мөлшердегі өзге мүлікке қатысты;»; в) тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «в) бірнеше рет жасалса, -»; 22) 190-баптың екінші бөлігінің в) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «в) бірнеше рет жасаса, -»; 23) 191-баптың екінші бөлігінің в) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «в) бірнеше рет жасаса, -»; 24) 221-баптың екінші бөлігіндегі «Бұрын салық төлеуден жалтарғаны үшін сотталған адам жасаған» деген сөздер «Бірнеше рет жасалған» деген сөздермен ауыстырылсын; 25) 223-баптың екінші бөлігінің а) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «а) бірнеше рет;»; 26) 227-1-баптың үшінші бөлігінің в) тармағы алып тасталсын; 27) 248-баптағы ескерту алып тасталсын; 28) 257-баптың екінші бөлігінің в) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «в) бірнеше рет жасаса, -»; 29) 270-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ұйымдасқан топ жасаған не бірнеше рет жасалған нақ сол әрекет - үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 30) 271-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ұйымдасқан топ жасаған не бірнеше рет жасалған нақ сол әрекеттер - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.». 2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №23, 335-құжат; 1998 ж., №23, 416-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №6, 141-құжат; 2001 ж., №8, 53-құжат; №15-16, 239-құжат; №17-18, 245-құжат; №21-22, 281-құжат; 2002 ж., №4, 32, 33-құжаттар; №17, 155-құжат; №23-24, 192-құжат; 2003 ж., №18, 142-құжат; 2004 ж., №5, 22-құжат; №23, 139-құжат; №24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., №13, 53-құжат; №21-22, 87-құжат; №24, 123-құжат; 2006 ж., №2, 19-құжат; №5-6, 31-құжат; №12, 72-құжат; 2007 ж., №1, 2-құжат; №5-6, 40-құжат; №10, 69-құжат; №13, 99-құжат; 2008 ж., №12, 48-құжат; №15-16, 62, 63-құжаттар; №23, 114-құжат; 2009 ж., №6-7, 32-құжат; №15-16, 71, 73-құжаттар; №17, 81, 83-құжаттар): 1) бүкіл мәтін бойынша «өтінімдер», «өтінімі», «өтінімдерді», «өтінім», «өтінімдердің», «өтінімдерінің» деген сөздер тиісінше «өтініштер», «өтініші», «өтініштерді», «өтініш», «өтініштердің», «өтініштерінің» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақпен толықтырылсын: «4-1) «кассациялық саты» - бірінші сатыдағы соттың істі алқабилердің қатысуымен қараған кезде шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы соттың заңды күшіне енбеген үкімдеріне берілген кассациялық шағымдар (наразылықтар) бойынша істі қарайтын екінші сатыдағы сот;»; 39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «39) «өтініш жасау» - тараптың немесе арыз берушінің қылмыстық процесті жүргізуші органға жолданған іс-жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу немесе іс жүргізу шешімін қабылдау туралы өтініші, ал қадағалау сатысында - қадағалау іс жүргізуін қозғау және заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау туралы жолданым;»; үшінші бөліктің екінші сөйлемі алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын: «3-1. Осы Кодекстің 361-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сот істегі бар және сот отырысында тараптар табыс еткен дәлелдемелерді зерттеудің қажеттілігі мен жеткіліктілігі мәселелері бойынша тараптардың пікірімен байланысты емес.»; төртінші бөліктің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «Қылмыстық процесті жүргізуші орган күдіктінің, айыпталушының кінәсіздігі немесе кінәлілік дәрежесінің аздығы туралы, сондай-ақ оларды ақтайтын не жауаптылығын жеңілдететін дәлелдемелердің бар екендігі туралы барлық мәлімдемелерді, сондай-ақ іс материалдарын дәлелдемелер ретінде жинақтау және бекіту кезінде тергеудің рұқсат етілмеген әдістерінің қолданылғаны туралы мәлімдемелерді тексеруге тиіс.»; 4) 30-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган істі орыс тілінде немесе өзге тілдерде жүргізу қажет болған жағдайда сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы дәлелді қаулы шығарады.»; 5) 42-баптағы «бірге», «бес күннен» деген сөздер тиісінше «бір мезгілде», «бес тәуліктен» деген сөздермен ауыстырылсын; «әділ сотты» деген сөздер «сот төрелігін» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөлігінің екінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты» деген сөздер «Жоғарғы Сот» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші абзацындағы «соттар жүзеге асырады.» деген сөздер «соттар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын: «қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, гарнизондардың әскери соттары жүзеге асырады.»; 7) 58 және 59-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «58-бап. Соттың құрамы 1. Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды судья жеке-дара, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 165, 166, 167, 168 (бірінші бөлігінде), 169, 233 (үшінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстар бойынша істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық істерді айыпталушының өтініші бойынша бір судьяның және он алқабидің құрамында қарайды. 2. Қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады. 3. Кассациялық сатыда кассациялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарауды кемінде үш судья құрамындағы алқа жүзеге асырады. 4. Істі қадағалау тәртібімен қарауды құрамында кемінде үш судья болатын сот жүзеге асырады. 5. Істерді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қараған кезде соттың құрамы осы баптың қағидаларына сәйкес айқындалады. 6. Үкімді орындау кезінде туындайтын мәселелерді және есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарауды тиісті соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады. 59-бап. Соттың өкілеттігі 1. Сот билігінің органы ретіндегі соттың өкілеттігі заңда айқындалады. 2. Тек сот қана: 1) адамды қылмыстың жасалуына кінәлі деп тануға және оған жаза тағайындауға; 2) адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын не мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға; 3) төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге; 4) тергеушінің, анықтау органының, прокурордың айыпталушыға, күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау, қамауға алу түріндегі таңдаған бұлтартпау шараларына санкция беруге және олардың мерзімін ұзартуға; 5) сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға; 6) күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру туралы шешім қабылдауға құқықты. 3. Сот осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен: 1) қылмыстық қудалау органының шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымдарды қарайды; 2) әкімшілік жаза қолданады; 3) іс бойынша жаңадан анықталған мән-жайларға орай іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы прокурордың қаулысына шағымдарды қарайды; 4) үкімнің орындалуына байланысты мәселелерді қарайды. 4. Егер істі сотта қарау кезінде қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайлар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтар, сондай-ақ анықтау, алдын ала тергеу барысында немесе істі төменгі тұрған сотта қарау кезінде жол берілген басқа да заң бұзушылықтар анықталса, сот жеке қаулы шығарып, онда тиісті ұйымдардың немесе тұлғалардың назарын заңды бұзудың қажетті шаралар қабылдауды талап ететін мән-жайлары мен фактілеріне аударады. Егер сот қажет деп тапса, басқа жағдайларда да жеке қаулы шығаруға құқылы. 5. Қылмыстар құрамын құрайтын әрекеттердің жасалу фактілері анықталған кезде сот заңда көзделген шараларды қабылдау үшін тиісті прокурордың атына жеке қаулы шығарады.»; 8) 69-баптың бірінші бөлігінде: бірінші сөйлемдегі «не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалған адам,» деген сөздер алып тасталсын; екінші сөйлемдегі «Іс бойынша басты соттың талқылауы тағайындалған» деген сөздер «Сотқа берілген, ал жеке айыптау істері бойынша өзіне қатысты шағымды сот өзінің іс жүргізуіне қабылдаған» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 71-баптың бірінші бөлігінің 9) тармақшасындағы «мемлекеттік айыптаушы» деген сөздер «прокурор (мемлекеттік айыптаушы)» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 90-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) прокурордың, тергеу және анықтау органдарының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымды қараған болса;»; 11) 109-бап мынадай редакцияда жазылсын: «109-бап. Прокурордың, тергеу және анықтау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жасалған шағымдарды сотта қарау тәртібі 1. Жеке басының құқықтары мен бостандықтарын прокурордың, тергеу және анықтау органдарының іс-әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей қозғайтын тұлға, егер мұндай іс-әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) және шешімдердің заңдылығын тексеруді сот талқылауы кезеңіне дейін кейінге қалдыру адам мен азаматтың нұқсан келтірілген құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруді қиындатса немесе оның мүмкіндігін жоққа шығарса, қылмыс туралы арызды қабылдаудан бас тартылуына, сондай-ақ қылмыстық істі қозғаудан бас тарту, қылмыстық істі қозғау, тоқтата тұру және тоқтату, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру, тінтуді және (немесе) алуды жүргізу, мүлікке тыйым салуды қолдану, кепілді қолдану, өзге де іс-әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасау және шешімдерді қабылдау кезіндегі заң бұзушылыққа шағымданып сотқа жүгіне алады. Шағым тиісті шешіммен танысқаннан кейін не осыған ұқсас шағымды прокурор қанағаттандырмай тастаған жағдайда тікелей сотқа беріледі. 2. Қылмыстық қудалау органының қаулысына жасалған шағымды тексерген кезде сот осы Кодекске сәйкес қылмыстық істі мәні бойынша шешу кезінде сотта қарау нысанасы болып табылатын мәселелерді алдын ала шешпеуге тиіс. 3. Сот тексеруінің шектері осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген іс-әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасау және шешімдерді қабылдау кезінде заң нормаларының сақталуын анықтаумен шектелген. 4. Шағым түсіру шағым жасалып отырған іс-әрекеттің жүргізілуін және шағым жасалып отырған шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды. 5. Шағым тұлғаның келіспейтін шешіммен танысқан күнінен бастап он бес тәулік ішінде не прокурордың өзінің атына берілген шағымды қанағаттандырудан бас тартатыны туралы хабарламасы алынғаннан кейін сол мерзімде немесе, егер прокурорға берілген шағымға жауап алынбаса, ол берілгеннен кейін он бес тәулік өткен күннен бастап қылмыстық процесті жүргізетін орган тұрған жердегі аудандық сотқа берілуі мүмкін. 6. Шағымды судья ол келіп түскен кезден бастап он тәуліктің ішінде прокурордың, арыз берушінің және оның қорғаушысының, егер олар қылмыстық іске қатысса, заңды өкілінің немесе өкілінің, мүдделерін шағым жасалатын іс-әрекет (әрекетсіздік) және шешім тікелей қозғайтын өзге де адамдардың қатысуымен, жабық отырыста жеке-дара қарайды. Егер судья аталған адамдардың келуін міндетті деп таппаса, олардың сот отырысына келмеуі шағымды қарауға кедергі болмайды. Іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым жасалған лауазымды адамдар мұндай іс-әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауға және шешімдерге негіз болған материалдарды сотқа үш тәулік ішінде табыс етуге міндетті. 7. Сот отырысы басталғанда судья қандай шағымның қаралуға жататынын хабарлайды, келген адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Содан соң, егер сот отырысына қатысып отырған болса, арыз беруші шағымды негіздейді, содан кейін келген басқа да адамдар тыңдалады. 8. Шағымды қарау нәтижелері бойынша судья мынадай: 1) заңсыз деп танылған іс жүргізу шешімін бұзу туралы: 2) тиісті лауазымды адамның іс-әрекеттерін (әрекетсіздігін) заңсыз немесе негізсіз деп тану туралы және оның жол берілген бұзушылықты жоюға міндетті екені туралы; 3) прокурорға азаматтың немесе ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерінің жол берілген бұзылуын жою міндетін жүктеу туралы; 4) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы қаулылардың бірін шығарады. 9. Судьяның осы баптың қағидаларына сәйкес шығарған қаулысына ол жария етілген кезден бастап үш тәуліктің ішінде осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар шағымдануы, сондай-ақ прокурор осы қаулы шығарған судьяның соты арқылы облыстық және оған теңестірілген сотқа наразылық беруі мүмкін. Шағымдану мерзімі өткеннен кейін іс бұл туралы осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар мен прокурорға хабарлай отырып, шағыммен, наразылықпен бірге облыстық немесе оған теңестірілген сотқа жіберіледі. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьясы осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген қағидалар мен мерзімдерді сақтай отырып, шағымды, наразылықты қарайды және мынадай: шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру және аудандық немесе оған теңестірілген сот судьясының қаулысын өзгеріссіз қалдыру туралы; шағымды, наразылықты қанағаттандыру және аудандық немесе оған теңестірілген сот қаулысының күшін жою туралы шешімдердің бірін шығарады. 10. Қылмыстық іс бойынша прокурордың, тергеу және анықтау органдарының осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілмеген іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдардың заңдылығын тексеруді сот істі мәні бойынша одан әрі қарау кезінде жүзеге асырады.»; 12)121-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «4. Соттың, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»; 13) 142-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Күдіктіге айып тағу кезінде сот оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдану туралы мәселені осы Кодекстің 150-бабында көзделген тәртіппен қайтадан қарайды. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейінгі жиырма төрт сағат ішінде күзетпен ұстау орнының бастығына соттың айыпталушыны қамауға алуға санкция беру туралы қаулысы келіп түспесе, күзетпен ұстау орнының бастығы ол туралы қылмыстық іс жүргізуінде жатқан органды немесе тұлғаны, сондай-ақ прокурорды хабардар етуге міндетті. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін бұлтартпау шарасын тоқтату немесе айыпталушыны қамауға алуға соттың санкция бергені туралы тиісті шешімдер келіп түспесе, күзетпен ұстау орнының бастығы оны өзінің қаулысымен босатып, қаулының көшірмесін жиырма төрт сағат ішінде қылмыстық іс жүргізуінде жатқан органға немесе тұлғаға және прокурорға жолдайды.»; 14) 150-баптың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «10. Судья айыпталушыны, күдіктіні қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішті қарап, айыпталушыны, күдіктіні қамауға алуға санкция беру туралы не қамауға алуға санкция беруден бас тарту туралы қаулы шығарады. Судья күдіктіні немесе айыпталушыны қамауға алуға санкция беруден бас тартқан кезде сот отырысының барысында прокурордың өтініші бойынша күдіктіге, айыпталушыға қатысты үйде қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы. Күдіктіге, айыпталушыға қатысты үйде қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішті прокурор қажет болған жағдайда, судья күдіктіні, айыпталушыны қамауға алуға санкция беруден бас тарту туралы қаулыны жария еткеннен кейін, өзі оған осы Кодекстің 150-бабында көзделген тәртіппен наразылық беруді орынсыз деп санаған жағдайда тікелей мәлімдей алады. Судья үйде қамауда ұстауға санкция беруден бас тарту туралы қаулы шығарған жағдайда прокурор оған осы Кодекстің 110-бабында белгіленген қағидалар бойынша наразылық беруге құқылы.»; 15) 153-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде қамауға алудың мерзімі, осы Кодексте көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, екі айдан аспауға тиіс. Күдіктіні қамауға алу мерзімі оған бұлтартпау шарасын қолданған кезден бастап, ал егер күдікті ұсталып, содан соң күзетпен қамауға алынған болса, ұсталған кезінен бастап он тәуліктен аспауға тиіс.»; бірінші бөліктің бірінші абзацы «куәгердің» деген сөзден кейін «, сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасына іріктеп алынбаған алқабиге кандидаттың» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөлік «куәгердің» деген сөзден кейін «, сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасының құрамына іріктеп алынбаған алқабиге кандидаттың» деген сөздермен толықтырылсын; 17) 290-бап мынадай редакцияда жазылсын: «290-бап. Аудандық және оған теңестірілген соттың соттауына жататын қылмыстық істер 1. Аудандық және оларға теңестірілген соттар бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді. 2. Мамандандырылған соттардың соттауына жатқызылған қылмыстық істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер аудандық және оған теңестірілген соттың соттауына жатады. 3. Аудандық және оларға теңестірілген соттар қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымдарды қарайды, тергеушінің, анықтау органының күдіктіге, айыпталушыға қатысты үйде қамауда ұстау, қамауға алу түріндегі таңдаған бұлтартпау шараларына, олардың мерзімдерін ұзартуға санкция береді. 4. Үкімді орындау сатысында аудандық және оларға теңестірілген соттар өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 452 және 453-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды. 5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда аудандық және оларға теңестірілген соттар өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша прокурордың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына жасалған шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.»; бірінші абзацтағы «1.» деген цифр алып тасталсын; 1) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |