Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитеті Төрағасының
2006 жылғы 14 маусымдағы
№ 84 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Шөптік ГриппостадÒ
Grippostad HerbalÒ
Саудалық атауы
Шөптік ГриппостадÒ
Grippostad HerbalÒ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ.
Дәрілік түрі
100 мл сироп
20 мл тамызғы дәрілер
Құрамы
Шөптік ГриппостадÒ, сироп
100 мл сиропта мыналар бар:
белсенді зат- шырмауық жапырақтарының құрғақ сығындысы - 333,33 мг (4-8:1), эстрагент - этанол 30% (м/м),
қосымша заттар: калий сорбаты, ашы фенхель майы, сұйық мальтитол, лакрицаның сұйық сығындысы, лимон қышқылының моногидраты, тазартылған су.
Құрамында сорбитол бар. Өлшегіш бір қасық (5 мл) сиропта 3,5 г көмірсу = 14,35 ккал (60,08 кДж) бар.
Шөптік ГриппостадÒ, тамызғы дәрілер
100 мл тамызғы дәріде мыналар бар:
белсенді зат - шырмауық жапырақтарының құрғақ сыңындысы - 1,98 г (6-7:1), эстрагент - этанол 40% (м/м),
қосымша заттар: калий ацесульфамы, мальтодекстрин, повидон К 30, пропилен гликоль, макрогол глицерин гидроксистеарат, тазартылған су, шие иісті зат.
Сипаттамасы
Шөптік ГриппостадÒ, сироп
Сарғыш, күңгірт түсті, тұнбасыз сұйықтық
Шөптік ГриппостадÒ, тамызғы дәрілер
Қоңыр тұтқыр мөлдір немесе лай сұйықтық, қатты түйіршіктері жоқ
Фармакотерапиялық тобы
Жөтелгенде және салқын тиіп ауырғанда қолданылатын препараттар. Муколитиктер.
АТЖ коды R05СВ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Деректер жоқ.
Фармакодинамикасы
Шөптік ГриппостадÒ құрамында шырмауық жапырақтарының сығындысы бар, оның тыныс жолдарының қабыну жағдайларына терапиялық әсері гликозидтік сапониндердің спазмолитикалық және муколитикалық қасиеттерімен жүзеге асады.
Сапониндерге тән болып табылатын жөтелге қарсы әсері, ең дұрысы, шырышты қабықтың жандандыру салдарынан болады, ол өз кезегінде муколизге әкеледі. Жуық арадағы зерттеулер сапониндердің де, сондай-ақ шырмауық сығындыларының фенольдық компоненттерінің де спазмолитикалық әсер ететіндігін көрсетті.
Қолданылуы