Сотталғандарды медициналық куәландыру және оларды ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынуды ретке келтіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы (2010.22.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 93 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 97, 168, 169-баптарына сәйкес, сотталғандарды ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынуды реттеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Сотталғандарды медициналық куәландыру және оларды ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынуды ретке келтіру жөніндегі нұсқаулық; 2) Сотталғандарды ауруына байланысты одан әрі жазасын өтеуден босатуға ұсыну үшін негіз болып табылатын аурулар тізбесі бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін. 3. Бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 4. Бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы ___________ М. Әлімбеков 2009 жылғы 30 қараша
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бас прокуроры 2-дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі _____________ Қ. Мәми 2009 жылғы «__» _________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі ____________ Ж. Досқалиев 2009 жылғы «__» __________
Әділет министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 145 бұйрығымен бекітілген
ҚР Әділет министрінің 2010.22.12. № 341 Бұйрығымен барлық мәтін бойынша «ҚАЖ комитеті басқармаларының», «ҚАЖ комитеті басқармасының» деген сөздер сәйкесінше «ҚАЖ комитетінің ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|