Осы редакция 2009 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысымен бекітілген Шекара және кеден пункттерінде (мемлекеттік шекара арқылы өткізу 1. Шекара мен кеден пункттерiнде (мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерiнде) шекаралық ветеринариялық бақылау бекеттерiн ұйымдастырудың осы Ережесi Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңы 20-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрленді. 2. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру үшiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган шекара мен кеден пункттерiнде (мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерiнде) шекаралық ветеринариялық бақылау бекеттерiн ұйымдастырады (бұдан әрi - бекеттер). 3. Бекеттер, мiндеттi түрде мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауында болатын жүктер алып өтiлетiн шекара және кеден пункттерiнде ұйымдастырылады. Шекара маңындағы мемлекеттердiң аумағында жануарлардың ерекше қауiпті аурулары шыққан кезде өткізу пункттерiнде ветеринария саласындағы заңнамамен белгiленген кезеңде және тәртiппен көлік құралдарын дезинфекциялау ұйымдастырылады. 4. Бекеттер ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның шекара мен көлiктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау аймақтық бөлiмшелерiнiң бөлiмшелерi болып табылады. 5. Бекеттер мемлекеттік шекара арқылы өткізудiң осы пунктiнде белгiленген режимде жұмыс істейдi және ветеринариялық инспекторлардың қажеттi санымен жинақталады. 6. Бекеттердiң ветеринариялық инспекторлары өз жұмысында Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдерiн басшылыққа алады. 7. Бекеттердiң шекарадағы және кедендiк өткізу пункттерiнде басқа да мемлекеттік бақылау органдарымен өзара iс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. |