Қазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 44, 424-құжат; 2005 ж., № 15, 174-құжат; 2006 ж., № 33, 350-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережеде: 3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары мен хатшысы комиссияның бірінші отырысында сайланады.»; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының бір бөлігін сайлауға қатысу үшін саяси партияларға рұқсат беру туралы мәселені қарайды;»; 3) тармақша алып тасталсын; 5) тармақшада: «арыздар мен шағымдарды қарайды;» деген сөздерден кейін «сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады;»; «саяси партиялардың өкілдерімен» деген сөздерден кейін «және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен» деген сөздермен толықтырылсын; 6) тармақшада: «мәслихаттардың депутаттарын және» деген сөздерден кейін «өзге де» деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|