Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженi (2007.13.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2005.21.04. № 1556 Жарлығымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара) «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2733 Конституциялық заңы 14 бабының 2)-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн: 1. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереже (қоса берiлiп отыр) бекітілсiн. 2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 21 желтоқсандағы № 1469 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 48, 579-құжат); «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 22 ақпандағы № 2856 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 7, 38-құжат). 3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы (бұдан былай - Ортсайлауком) Қазақстан Республикасының тұрақты жұмыс iстейтiн мемлекеттік органы болып табылады және Республика сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiне басшылық етедi. 2. Ортсайлауком өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады және өз жұмысын ашық, жариялы және алқалы негiзде құрады. ҚР Президентінің 2007.13.11. № 436 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|