|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 2-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 21 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 287-бапта: тақырыбындағы «Су» деген сөз «Балық ресурстарын және басқа да су» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөлікте: бірінші абзацтағы «Балықты және өзге де» деген сөздер «Балық ресурстарын және басқа да» деген сөздермен ауыстырылсын; б) тармағы «не» деген сөзден кейін «балық ресурстарын және басқа да» деген сөздермен толықтырылсын. 2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; 2009 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 13 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне босқындар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 147-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «147-1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасын бұзу 1. Мемлекеттік монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасында белгіленген шектеулерді сақтамауы, - мемлекеттік монополия субъектісіне айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті уәкілетті емес адамның жүзеге асыруы, - әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке адамдарға - жүз, лауазымды адамдарға және дара кәсіпкерлерге - жүз жиырма бес, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; тақырыбындағы «қорларын» деген сөз «ресурстарын және басқа да су жануарларын» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөлігіндегі «су жануарларын пайдаланудың басқа да» деген сөздер «балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың өзге де» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлікте: «тыйым салынған мерзімдерде» деген сөздердің алдынан «әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылып, «балықты өнеркәсіптік жолымен аулау және» деген сөздер алып тасталсын; «сондай-ақ» деген сөзден кейін «балық ресурстарын және басқа да» деген сөздермен толықтырылсын; тақырыбындағы «су қоймаларын бекіту, пайдалану мен қорғау» деген сөздер «су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту, пайдалану және қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші абзацындағы «су қоймаларын бекіту, пайдалану мен қорғау» деген сөздер «су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту, пайдалану және қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 304-баптың бірінші бөлігіндегі «жанды» деген сөз «биологиялық» деген сөзбен, «жеке тұлғаларға» деген сөздер «жеке адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 306-баптың тақырыбындағы, бірінші және екінші бөліктеріндегі «жанды» деген сөз «биологиялық» деген сөзбен, «жеке тұлғаларға» деген сөздер «жеке адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) мынадай мазмұндағы 306-2-баппен толықтырылсын: «306-2-бап. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін бұзып таңбаланған уылдырығын не таңбаланбаған уылдырығын өткізу 1. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін бұзып таңбаланған уылдырығын не таңбаланбаған уылдырығын өткізу - таңбалау тәртібін бұзып таңбаланған уылдырықты не таңбаланбай өткізілетін уылдырықты тәркілей отырып жеке адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан отыз беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елуден алпысқа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен тоқсанға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, - таңбалау тәртібін бұзып таңбаланған уылдырықты не таңбаланбай өткізілетін уылдырықты тәркілей отырып жеке адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің алпыстан жетпіске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүз оннан жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз қырықтан жүз алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; «147» деген цифрлардан кейін «, 147-1 (екінші бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын; «306-1 (үшінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «306-2,» деген цифрлармен толықтырылсын; 8) 565-2-бап «147-1-бабында» деген сөздерден кейін «(бірінші бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын; 9) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында: екінші абзац: «143» деген цифрлардан кейін «, 147-1 (екінші бөлігі)» деген сөздермен толықтырылсын; «298-1 (екінші бөлігі)» деген сөздерден кейін «, 306-2» деген цифрлармен толықтырылсын; тоғызыншы абзац: «283 (бірінші, үшінші бөліктері)» деген сөздердің алдынан «147-1 (екінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын; «306 (екінші бөлігі)» деген сөздерден кейін «, 306-2» деген цифрлармен толықтырылсын; отызыншы абзац «217» деген цифрлардан кейін «, 306-2» деген цифрлармен толықтырылсын. 3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат): 1) 23-баптың 6-тармағының 2) тармақшасы «, балық шаруашылығын жүргізу» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 37-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) бекітіп берілуі бойынша конкурсқа қойылатын жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін келіседі;»; 3) 107-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтау, өсімін молайту және аулау үшін (оның ішінде кәсіпшілік балық аулау үшін) маңызды мәні бар су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөліктерін, сондай-ақ су қорғау белдеулерінің учаскелерін облыстың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес конкурстың қорытындылары бойынша балық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалануға береді.»; 4) 112-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «қорлары» деген сөз «ресурстары» деген сөзбен ауыстырылсын. 4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 1, 2 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 2 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 239-баптың 9-тармағының бірінші абзацындағы «Балықтардың және басқа» деген сөздер «Балық ресурстарын және басқа да» деген сөздермен ауыстырылсын; тақырыбындағы «Су жануарларын аулауды қоса алғанда, балық» деген сөздер «Балық» деген сөзбен ауыстырылсын; мәтін бойынша «су айдындарын (учаскелерін)», «су айдындарының (учаскелерінің)» деген сөздер тиісінше «су айдындарын және (немесе) учаскелерін», «су айдындарының және (немесе) учаскелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы «алқаптар мен су жануарларының тіршілік ету» деген сөздер «алқаптарда және балық ресурстарының және басқа да су жануарларының тіршілік ету және таралу» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы «Өндірістік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау» деген сөздер «Балық аулау» деген сөздермен ауыстырылсын. 5-тармақ 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 1, 2 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 2 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 73-баптың 11-тармағының 3) тармақшасы «өнімін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 120-баптың 4-тармағы «өнімдерін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 137-баптың 7-тармағы «өнімін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 140-бап «өнімін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 267-баптың 4-тармағы «өнімін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын; 6) 273-баптың 5-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацы «өнімдерін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын; 7) 356-баптың 1) тармақшасы «өнімін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын; 8) 368-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «өнімдерін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын; 9) 388-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «өнімдерін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын; 10) 399-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «өнімдерін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын; 11) 426-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы «өнімдерін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын; 12) 439-баптың 2-тармағы «ауыл шаруашылығы өнімдерін» деген сөздерден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын; 13) 63-тараудың тақырыбы «өнімдерін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын; мәтін «Ауыл шаруашылығы өнімдерін», «ауыл шаруашылығы өнімдерін» деген сөздерден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақтың үшінші бөлігі 1) тармақшасының үшінші абзацы «ара шаруашылығының» деген сөздерден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы)» деген сөздермен толықтырылсын; 15) 450-баптың мәтіні «өнімдерін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын; 16) 481-баптың 4-тармағы «өнімдерін» деген сөзден кейін «, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін» деген сөздермен толықтырылсын. 6. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат): 1) бүкіл мәтін бойынша «су тоғандарындағы (учаскелеріндегі)», «су тоғандарында (учаскелерінде)», «су тоғандарын (учаскелерін)», «су тоғандарының (учаскелерінің)», «су тоғандары (учаскелері)», «су тоғандарына (учаскелеріне)» деген сөздер тиісінше «су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі», «су айдындарында және (немесе) учаскелерінде», «су айдындарын және (немесе) учаскелерін», «су айдындарының және (немесе) учаскелерінің», «су айдындары және (немесе) учаскелері», «су айдындарына және (немесе) учаскелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) акваөсіру - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жасанды өсімін молайту және өсіру; 2) аншлаг - балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің және (немесе) учаскелердің атаулары мен шекараларын, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды белгілейтін маңдайша жазу; 3) аңшы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аң аулауға құқық алған жеке тұлға; 4) аңшы куәлігі - жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын белгіленген нысандағы құжат; 5) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қоры - жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығының су айдындары және (немесе) учаскелері; 6) аңшылыққа қойылатын ең төменгі талап (бұдан әрі - аңшылық минимумы) - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы бойынша арнайы бағдарлама; 7) аңшылық шаруашылығы - аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесі объектілерін орнықты пайдалану, жануарлар дүниесінің мекендеу ортасын сақтау, оларды қорғау және өсімін молайту жөніндегі шаруашылық қызметтің түрі; 8) аңшылық шаруашылығы субъектісі - бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аңшылық шаруашылығын жүргізетін жеке немесе заңды тұлға; 9) аңшылық шаруашылығының санаты - аңшылық шаруашылықтарына шаруашылықаралық аңшылық ұйымдастыру негізінде берілетін, аңшылық шаруашылықтарының аңшылық алқаптары өнімділігінің, күзет және өсімін молайту іс-шаралары сипатының белгілері бойынша сыныптамалық бөліну бірлігі; 10) балық аулау - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау; 11) балық аулаушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әуесқойлық (спорттық) балық аулау құқығын алған жеке тұлға; 12) балықтың қырылу қаупі бар су айдыны және (немесе) учаскесі - балық шаруашылығының әлсін-әлсін қырылуға ұшырайтын су айдыны және (немесе) учаскесі; 13) балық өсіру - сирек кездесетін және құрып бара жатқан балық түрлерін сақтау үшін және (немесе) кәсіпкерлік қызмет мақсатында балықтардың өсімін жасанды түрде молайту және өсіру жөніндегі акваөсіру бағыты; 14) балық ресурстары және басқа да су жануарлары - сулы ортада мекендейтін барлық жануарлардың жалпы жиынтығы; 15) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттік басқарудың бассейндік принципі (бұдан әрі - бассейндік принцип) - уәкілетті орган әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан қолданатын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту мен өріс аудару ерекшеліктері ескерілген, балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі балық ресурстарын және басқа да су жануарларын басқарудың біртұтас жүйесі; 16) балық шаруашылығы - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаумен, өсімін молайтумен, акваөсірумен, балық өсірумен, балық аулаумен, сондай-ақ қайта өңдеумен және өткізумен байланысты шаруашылық қызмет түрі; 17) балық шаруашылығын ұйымдастыру - балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергенге дейін жүргізілетін, балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін түгендеу, паспорттандыру жөніндегі іс-шаралар кешені, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алдын ала бағалау, сондай-ақ олардың негізінде балық шаруашылығын жүргізу жоспары, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректеріне жыл сайынғы түзету жасалатын балық-су-мелиорациялық, қорғау және өсімін молайту іс-шараларын әзірлеу; 18) балық шаруашылығы субъектісі -қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға; 19) балықтың қырылуы - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы; 20) балықшы - бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өз еңбек міндеттемелеріне қарай балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері; 21) балықшы куәлігі - жеке тұлғаның балықшы функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын, балық шаруашылығы субъектісі беретін белгіленген нысандағы құжат; 22) биологиялық негіздеме - жануарлар дүниесін пайдалануға, балықтардың жалпы жол берілетін аулау мөлшерін анықтауға және жануарлар дүниесінің басқа да объектілерін алып қоюға, сондай-ақ жануарлар дүниесінің объектілері мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабілетті шаруашылық және өзге де қызметке арналған ғылыми негізделген қорытынды; 23) биологиялық-экономикалық тексеру - жануарлар дүниесі объектілерін жол берілетін алып қоюды айқындау әрі аңшылық және балық шаруашылықтарын ұтымды жүргізу мақсатында аумақ пен акваторияны биологиялық және экономикалық бағалау;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |