Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілге
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға (150.00-нысан) қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2010 жылғы 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады
ҚР Қаржы министрінің 2010.30.06. № 311 Бұйрығымен мәтіні бойынша «2010 жылдың 13 тамызына дейін» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарына дейін» деген сөздермен ауыстырылды, «2010 жылдың 13 тамызынан бастап» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау (2010.30.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) сәйкес әзірленген және осы Ереженің корпоративтік табыс салығын есептеуге арналған қосымшасына сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны: Салық кодексінің 308-бабы 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушыларды; кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты суларын, емдік балшықтарды өндіруді, сондай-ақ барлау және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты ғимараттарының құрылысын және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда жер қойнауын пайдаланушылар жасайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (150.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған қосымшалардан (150.01-ден 150.19-ға дейінгі нысандар) тұрады; 3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді; 4. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін Декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|