Мемлекеттік материалдық резерв туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы (2006.07.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 3 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-7 баптар) 2-тарау. Мемлекеттік резерв жүйесін қалыптастыру (8-12 баптар) 3-тарау. Мемлекеттік резервті пайдалану (13-15 баптар) 4-тарау. Мемлекеттік резервтің сақталуын қамтамасыз ету (16-19 баптар) Осы Заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервiн қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласында мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасындағы құқықтық және экономикалық қатынастарды реттейдi және оларды басқарудың негiздерiн белгiлейдi. 1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен шығару материалдық құндылықтарды жаңарту, қарызға беру, броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен алынуы; 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) мемлекеттік материалдық резерв (бұдан әрі - мемлекеттік резерв) - жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдауға, ізгілік көмек көрсетуге және нарыққа реттеушілік ықпал жасауға арналған материалдық құндылықтар запасы; 3) мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру мөлшерi мен сапасы бiрдей, тақiлеттес материалдық құндылықтарды белгiлi бiр шарттармен мемлекеттік резервке кейiннен қайтара отырып, материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен шығару; 4) материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке салу - мемлекеттік резервте сақтау үшiн материалдық құндылықтарды қабылдап алу; 5) 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) материалдық құндылықтар - номенклатурасын (тiзбесiн және көлемін) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкiлеттi органның алдына қойылған мiндеттердi қамтамасыз ету үшiн қажет тауарлар; 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) жұмылдыру резерві - мемлекеттік резервтің құрамдас бөлігі болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндірістік қызметінде пайдаланбайтын шектеулі номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары; 8) азайтылмайтын қор - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтары қорының тұрақты сақталатын көлемi; 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды 8-1) сақтау нормативтері - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық нормативтер мен талаптар; 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) операция жасау - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын беру, сақтау және шығару; 10) мемлекеттік резервтi жаңарту - материалдық құндылықтарды сақтаудың белгiленген мерзiмдерi аяқталғанға дейiн мөлшерi бiрдей және сапасы ұқсас материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке бiр мезгiлде немесе уақыт өткiзiп сала отырып, мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару; 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды 10-1) материалдық құндылықтардың орнын ауыстыру материалдық құндылықтарды тиеу мен түсіруді қоса алғанда, мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтайтын бір пункттен екінші пунктке материалдық құндылықтарды тасымалдау; 11) материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке жеткiзiп беру материалдық құндылықтарды сатып алу және (немесе) оларды мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiне жөнелту (жеткiзу); 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері - шарт негізінде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды және сақтауға байланысты қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар; 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) броньнан шығару - материалдық құндылықтарды кейіннен қайта салмау не оларды кәдеге жарату (жою) мақсатында мемлекеттік резервтен шығару; 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14) тапсырысты орналастыру - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын беру және шығару үшін өнім берушілер мен тұтынушыларды таңдау; 15) уәкiлеттi орган - атқару және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік резерв жүйесiне басшылықты жүзеге асырушы мемлекеттік орган. 2-бап. Мемлекеттік резерв туралы заңдар 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік резерв туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының мемлекеттік резерв туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-бап. Мемлекеттік резервтiң мақсаты Мемлекеттік резерв: 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) жұмылдыру мұқтаждарын қамтамасыз ету; 2) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі бiрiншi кезектегi жұмыстарды қамтамасыз ету; 3) iзгiлiк көмегiн көрсету; 4) рынокқа реттеушiлiк ықпал жасау мақсаттарында құрылады және пайдаланылады. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-бап. Мемлекеттік резерв жүйесi Мемлекеттік резерв жүйесін уәкілетті орган және оған ведомстволық бағынысты ұйымдар құрайды. 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мемлекеттік резервке жалпы басшылықты жүзеге асырады және оны дамытудың бiрыңғай саясатын айқындайды; 2) мемлекеттік резервтi құрады; 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) мемлекеттік резерв жүйесiнiң құрылымын ұсынады; 4) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын броньнан шығару және қарызға беру тәртібімен шығару туралы шешiм қабылдайды; 5) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарының номенклатурасын және сақтау көлемiн бекiтедi; 6) қажет болған жағдайда мемлекеттік резервке белгiленген мөлшердiң үстiне материалдық құндылықтарды республикалық бюджет қаражаты есебiнен қосымша салу туралы шешiм қабылдайды; 7) 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарымен операция жасаудың тиiстi ережелерiн бекiтедi; 9) 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 10) 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 11) мемлекеттік резервті сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге шығындарды өтеудiң, сондай-ақ төтенше жағдайлардың зардаптарын жою, рынокқа реттеушiлiк ықпал жасау және iзгiлiк көмек көрсету үшiн шығарылатын мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтары үшiн залалдарды өтеудің тәртібін айқындайды; 12) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауға арналған объектiлердi орналастыру және салу жөнiнде шешімдер қабылдайды. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 6-бап. Орталық атқарушы органдардың мемлекеттік резерв саласындағы өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыреті шегінде: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік резерв саласындағы нормативтiк құқықтық актілерінiң орындалуын қамтамасыз етедi; 2) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау үшiн ұйымдардың тiзбесi жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, олармен мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды жеткiзу және сақтау үшiн шарттар жасасуға жәрдемдеседi; 3) материалдық құндылықтарды жеткiзу мен салуға және оларды сақтауға ұйымдарға ұйымдастырушылық көмек көрсетедi; 4) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын қарызға беру және броньнан шығару туралы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкіметіне ұсыныстар енгiзедi. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде: 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) мемлекеттік резерв жүйесiн басқаруды жүзеге асырады, мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, толықтыру, орнын ауыстыру, жаңарту және нысаналы пайдалану кезiнде осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын қамтамасыз етедi; 2) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарымен операция жасаудың тиiстi ережелерiн әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекiтуге ұсынады; 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау нормативтері жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекiтуге енгiзедi; 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау жөніндегі шығыстардың мөлшерi мен құрылымы бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Үкiметке ұсыныстар енгiзедi; 5) мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды жеткiзуге тапсырыстарды орналастырады; 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) материалдық құндылықтарды (жаңарту тәртібімен) мемлекеттік резервтен шығару және оған жеткiзу туралы шешiм қабылдайды; 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пунктері бейінін өзгерткен, қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдайды; 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі уәкілетті органмен және қорғаныс саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін жасайды және бекітеді; 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды жүзеге асырады; 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын орналастыруды, есепке алуды, олардың сан және сапа жағынан сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді; сақтау пункттерінде сақталатын материалдық құндылықтардың сақталуына тексерулер (тексерістер) жүргізу туралы шешім қабылдайды; тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен мамандарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексерулер (тексерістер) жүргізуге тартады; мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібінің бұзылуына кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы мәселені шешу үшін тексерулердің (тексерістерін) материалдарын құқық қорғау органдарына жібереді; 10) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарымен жасалатын операцияларға қатысушылармен шарттардан туындайтын талаптар бойынша борыш пен тұрақсыздық айыбын өндiрiп алуды заңдарға сәйкес жүзеге асырады; 11) заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінiң және Үкіметінiң актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. 2-тарау. Мемлекеттік резерв жүйесін қалыптастыру 8-бап. Мемлекеттік резервтi қаржыландыру 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мемлекеттік резерв жүйесін қамту мен дамытуға, мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жасауға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 1) республикалық бюджет қаражаты; 2) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сатудан алынатын қаражат; 3) уәкiлеттi органға бағынышты ұйымдардың заңдармен тыйым салынбаған қызметiнен алынған табыстар есебiнен жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауға және олармен операциялар жасауға, сондай-ақ мемлекеттік резервтiң алдына қойылған мiндеттердi орындауға жыл сайын бөлiнетiн қаражат мөлшерi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледi. 9-бап. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарының құқықтық мәртебесi 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарының қорлары, олардың сақталған жерiне қарамастан, республикалық меншiк болып табылады. 2. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi болып табылатын ұйымдарды шетел қатысатын ұйымдардың сенiмгерлiк басқаруына берген немесе оларды шетел қатысатын ұйымдар жекешелендiрген жағдайда материалдық құндылықтар Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен құпиялылық режимi сақтала отырып, басқа ұйымдарға орналастырылады. 10-бап. Мемлекеттік резервтiң азайтылмайтын қоры Мемлекеттік резервтiң құрамында материалдық құндылықтардың азайтылмайтын қоры (оларды сақтаудың тұрақты өзгертiлмейтiн көлемi) жасалады. Мемлекеттік резервтiң азайтылмайтын қорында сақталуға тиiс материалдық құндылықтардың мөлшерiн, сондай-ақ оны пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi. 11-бап. Мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды жеткiзiп беруге тапсырыстарды орналастыру 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мемлекеттік резервке материалдық құндылықтар беруге тапсырыстар оларды берушілер арасында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен орналастырылады. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік резервке материалдық құндылықтар беруге уәкілетті орган тапсырыс беруші болады. 3. Мемлекеттік резервке жеткiзiлiп берiлетiн материалдық құндылықтар бүкiл сақтау мерзiмiнде сертификаттау және стандарттау туралы заңдардың талаптарына сәйкес келуге тиiс. 12-бап. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын орналастыру 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтары уәкілетті органның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында және мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiнде сақталады. 2. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi сақтауға берiлген мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарының сапасы мен саны жағынан сақталуына жауапты болады. 3. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3-тарау. Мемлекеттік резервті пайдалану
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 13-бап. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығарудың негiздерi мен тәртібі 1. Мемлекеттік резервтi пайдалану: 1) жұмылдыру мұқтаждары үшiн - Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың тиiстi жоспарлары негiзiнде; 2) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі бiрiншi кезектегi жұмыстарды қамтамасыз ету, iзгiлiк көмек көрсету және рынокқа реттеушiлiк ықпал жасау үшiн Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады. 2. Материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен шығару: 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) оларды жаңартуға байланысты; 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) қарызға беру тәртібімен; 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) броньнан шығару тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін. 4) 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5. Материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен қарызға беру тәртібімен шығару кезiнде қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындайтын тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiк беруi осылай шығарудың мiндеттi шарты болып табылады. 6. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтары, егер материалдық құндылықтарды алушы: 1) мемлекеттік бюджет алдында қарыздар болса; 2) мемлекеттік резервтiң өзi бұдан бұрын алған материалдық құндылықтарын қайтармаған болса; 3) банкротқа ұшырау кезеңiнде тұрса, қарызға беру тәртібімен шығарылмайды. 7. Материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртібімен шығарған кезде уәкiлеттi орган алушымен тиiстi шарт (келісім-шарт) жасасады. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жаңарту, броньнан шығару мақсатында шығаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 9. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды иелiктен айыру олардың құны толық төленген немесе аккредитив ашылған, не осы баптың 5-тармағына сәйкес екiнші деңгейдегi банктердiң кепiлдiгi берiлген жағдайда жүргiзiледi. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10. Материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен шығарған кезде оларды сатудан алынған қаражат бюджет есебіне алынуға тиіс. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезiнде пайдаланылған мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтары тоқсан күн ішінде бюджет қаражаты есебiнен заттай түрде өтелуге тиiс. 14-бап. Мемлекеттік резервтiң қорларын рынокқа реттеушiлiк ықпал жасау үшiн пайдалану Ішкi рынокта сұраным мен ұсыным арасында дағдарысты құбылыстар мен қауiптi сәйкессiздiктер туындаған жағдайда мемлекеттік резервтiң ресурстары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерi негiзiнде және заңдарға сәйкес рынокқа реттеушілiк ықпал жасау үшiн пайдаланылуы мүмкiн. 15-бап. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын тасымалдауды қамтамасыз ету 1. Төтенше жағдайлар туындаған немесе төтенше жағдай енгiзiлген реттерде мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын тасымалдауды көлiк ұйымдары бiрiншi кезекте жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерi негiзiнде, онысы iшiнде зiлзалалардың, авариялардың, апаттар мен басқа да табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшiн мемлекеттік резервтен шығарылатын материалдық құндылықтарды меншiк нысандарына қарамастан көлiк ұйымдары жүктi тасымалдауға ұсыну бойынша алдын ала төлемсiз қабылдайды. 4-тарау. Мемлекеттік резервтің сақталуын қамтамасыз ету 16-бап. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарының мөлшерi мен қозғалысы туралы есеп беру Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарының мөлшерi мен қозғалысы туралы есеп беру заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл орайда мемлекеттік резерв жүйесiнiң ұйымдарында және сақтау пункттерiнде мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарының қозғалысы бойынша есепке алу мен есеп беру мемлекеттік резервтi сақтау жөніндегі қызметтердi және ұйым жарғысында көзделген өзге қызметтi есепке алудан және олар бойынша есеп беруден бөлек жүргiзіледi. 17-бап. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарымен жүргiзiлетiн операциялар бойынша мүлiктiк жауапкершiлiк 1. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарымен жүргiзiлетiн операциялар бойынша мүлiктiк жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады. 2. Мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарымен жүргiзiлетiн операцияларға қатысушылар арасындағы шартта мүлiктiк жауапкершiлiктiң қосымша шаралары көзделуi мүмкiн. Мемлекеттік резервтi қалыптастыру және пайдалану процесiне қатысушылар арасында туындайтын даулардың барлығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шешiледi. 2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді өзгертілді (бұр.ред.қара) 19-бап. Мемлекеттік резерв туралы заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Мемлекеттік резерв туралы заңдардың бұзылуына кiнәлi мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарға сәйкес жауапты болады. Қазақстан Республикасының
|