Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Жер телімдерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер сомасының есебіне (851.00-нысан) қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2010 жылғы 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады
ҚР Қаржы министрінің 2010.30.06. № 311 Бұйрығымен мәтіні бойынша «2010 жылдың 13 тамызына дейін» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарына дейін» деген сөздермен ауыстырылды, «2010 жылдың 13 тамызынан бастап» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Жер телімдерін пайдаланғаны үшін салық есептілігін (ағымдағы төлемдер сомасының есебі) жасау (2010.30.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуге арналған осы Ережеге қосымшаға сәйкес жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігінің нысанын (ағымдағы төлемдер сомасының есебі) (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есепті жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, Салық кодексінің 478-бабында айқындалған төлемақы төлеушілер жасайды. 2. Есеп осы Есептің өзінен (851.00 нысан) және жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлем алу объектілері туралы ақпаратты ашу жөніндегі оған қосымшадан (851.01 нысан) тұрады. 3. Есепті толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, өшіруге жол берілмейді. 4. Тиісті торкөздердің көрсеткіштері жоқ болған кезде толтырылмайды. 5. Есепке Қосымша тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін Есепте жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады. 6. Есепке Қосымша онда көрсетуге жататын деректер жоқ болған кезде толтырылмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|