Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі оған Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен бюджеттік, салықтық және кедендік саясатты қалыптастыру мен бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді беру жолымен; 2) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, соның ішінде оған стратегиялық жоспарлау және өңірлік даму саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді жүктей, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінен сауда саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, оны Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі етіп қайта құру жолымен; 3) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, соның ішінде оған Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінен электр энергетикасы, тау-кен және атом өнеркәсібі саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі етіп қайта құру жолымен; 4) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі оны Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі етіп қайта құру жолымен; 5) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, соның ішінде оған Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі етіп қайта құру жолымен; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|