Экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес және карантиндік іс-шараларға қатысу жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Ішкі істер органдарының қызметін жандандыру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасудың тиімділігін арттыру, осы жұмыстың нысандары мен әдістерін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес және карантиндік іс-шараларға қатысу жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру туралы» нұсқаулық бекітілсін. 2. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары: 1) сынақтар қабылдай отырып, мүдделі қызметтер қызметкерлерінің осы Нұсқаулықты зерделеуін ұйымдастырсын және оның талаптарының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсін; 2) экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі табиғатты қорғау полициясы, қоғамдық қауіпсіздік, криминалдық, жол полициясы, тергеу және анықтау бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу мәселелерін бақылауға алсын; 3) экологиялық қылмыстарды анықтау және жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттерінің тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|