Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы (2011.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 233-бабына және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 37-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі бекітілсін. 2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Н.Р. Аршабеков) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Н.Б. Қалабаев) педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуге уақытылы дайындалуы үшін пайдаланылған әдебиеттерді көрсете отырып тест тапсырмаларының және сұрақ-тапсырмалардың дайындығын қамтамасыз етсін. 4. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Н.Р. Аршабеков), Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) аталған бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттерінің, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін. 5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 9 сәуірдегі № 181 бұйрығының (№ 5215 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы № 155 «Юридическая газета» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін. 7. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 16 бұйрығымен бекітілген Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|