|
|
|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі: 1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін; 2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министрінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 175-ө өкімімен бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы: Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |