|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет ҚР нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат): 14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «14) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган - бюджетті атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебi негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»; 17) тармақша «реконструкциялауға» деген сөзден кейін «, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға» деген сөздермен толықтырылсын; 18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «18) бюджеттік қамтамасыз етілу - тиісті бюджеттер қаражаты есебінен ұсынылатын, осы көрсетілетін қызметтерді алушылардың бірлігіне есептегендегі мемлекеттік қызметтер құны;»; 31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «31) квазимемлекеттік сектор субъектілері - мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;»; 48) тармақша «өтелмеген» деген сөзден кейін «мемлекеттік емес» деген сөздермен толықтырылсын; 55) тармақшадағы «мемлекеттік реттеу жөніндегі функцияларды» деген сөздер «басшылықты және салааралық үйлестіруді» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы «және бюджеттік параметрлердің» деген сөздер алып тасталып, 8) тармақшадағы «және бюджеттік параметрлер, базалық шығыстар болжамдарына» деген сөздер «болжамдарына, базалық шығыстарға» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) тармақша «басшыларының» деген сөзден кейін «және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 11-баптың 4-тармағындағы «Салық кодексінде» деген сөздер «Салық және Кеден кодекстерінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Төтенше резерв Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуіне пайдаланылады.»; 6-тармақтағы «соңына» деген сөз «20 желтоқсанына» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 21-баптың 2-тармағындағы «мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерін және өзге де мүліктерді жинақтауға» деген сөздер «қаржы активтерін және өзге де мүліктерді жинақтау жолымен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт мөлшері абсолюттік тіркелген мәнде айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.»; 7) 29-баптың 1-тармағы «құжаттарын» деген сөзден кейін «, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын» деген сөздермен толықтырылсын; 8) 34-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мемлекеттік қызмет көрсету деп мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, жеке-дара сипаттағы әрі жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтініші бойынша жүзеге асырылатын қызметі танылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттері шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы немесе тегін негізде көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің, нысанының, мазмұнының және нәтижесінің сипаттамаларын қамтитын мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар әзірлейтін мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар әзірлейтін мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»; 9) 38-баптағы «құруға» деген сөз «қалыптастыруға» деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле жасалып» деген сөздер «республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле жасау арқылы іске асыру шеңберінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Мемлекеттік тапсырмалардың, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғалардың тізбесін жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»; 11) 44 және 46-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «44-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары 1. Бюджетаралық қатынастар: 1) республикалық және облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң арасында: трансферттермен; бюджеттік кредиттермен; 2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында: трансферттермен; бюджеттік кредиттермен; кiрiстердi бөлу нормативтерiмен реттеледi. 2. Бюджет деңгейлерi арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы трансферттерге, ағымдағы нысаналы трансферттерге, нысаналы даму трансферттерiне бөлiнедi. 3. Нысаналы трансферттердi және бюджеттік кредиттердi жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi бюджеттік бағдарламаларда айқындалған олардың нысаналы мақсатына сәйкес қана пайдаланады. 4. Нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердiң нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары мемлекеттік қаржылық бақылау органының актiсiне сәйкес осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен бақылау актiсiне қол қойылғаннан кейiн бiр ай iшiнде міндетті түрде қайтарылуға жатады. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен бөлiнгендерiн қоспағанда, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердiң қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесi қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкiн. Облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен бөлiнгендерiн қоспағанда, облыстық бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердiң қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесi қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкiн. 6. Өткен қаржы жылында республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде үнем жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар ағымдағы қаржы жылының соңына дейін үнемделген тиісті соманы жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді пайдалану жүзеге асырылған бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға пайдалануға құқылы. 7. Өткен қаржы жылында бөлінген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша пайдалануға (толық пайдалануға) рұқсат етілген нысаналы трансферттердің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары ағымдағы қаржы жылының соңына дейін, оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады. Республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстың жергілікті атқарушы органы ағымдағы қаржы жылы одан әрі пайдалану (толық пайдалану) туралы шешім қабылдамаған нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары жылдың басындағы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін, оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.»; «46-бап. Нысаналы трансферттер 1. Нысаналы трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттерге және нысаналы даму трансферттеріне бөлінеді. 2. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде: 1) жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған; 2) төмен тұрған бюджеттер жоғары тұрған бюджеттерге беретін, мемлекеттік органдар функцияларының мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне берілуіне байланысты жоғары тұрған бюджет шығыстарының ұлғаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қабылдаудан туындайтын жоғары тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады. 3. Жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады. 4. Жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін тиісті жоғары тұрған органға жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомалары көрсетілген өтінімдерді ұсынады. 5. Жергілікті бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығыстар берілетін нысаналы даму трансферттерінің көлемі ескеріле отырып, жергілікті бюджеттерде айқындалады. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері әр объект бойынша жеке бөлінбей, бір сомада бөлінеді және жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында жергілікті бюджеттерде осы мақсаттарға көзделген шығыстарды ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар бөледі. 6. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері өткен қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансфертері бойынша нәтижелер туралы келісімдерде айқындалған тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу кезінде бөлінеді. Мұндай нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда, кезекті қаржы жылында нысаналы даму трансферті берілмейді. 7. Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюына байланысты шығыстар жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негіздемеде немесе үлгі жобада көзделмеген қосымша құрамдас бөліктердің енгізілуіне байланысты тиісті жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 8. Нысаналы даму трансферттерін бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 9. Төмен тұрған бюджеттерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстың жергілікті атқарушы органының резервінен қаражат бөлу нысаналы трансферттер түрінде жүзеге асырылады. 10. Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны жеке-дара қаржыландыру жоспарының негізінде аударады. 11. Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім: шешілуіне нысаналы трансферттер бөлінетін мақсаттар мен міндеттерді; нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілуге тиіс тікелей және түпкілікті нәтижелерді; тиісті жергілікті атқарушы органның қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне табыс етуі туралы міндеттемені; тараптардың шешімі бойынша айқындалатын басқа да жағдайларды қамтитын құжатты білдіреді. 12. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен тиісті жергілікті атқарушы орган арасында ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан кешіктірілмей бір қаржы жылына жасалады. 13. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында одан әрі бөлінген жағдайда, облыстың жергілікті атқарушы органы аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы тиісті келісімдер жасасады. 14. Жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің көлемі өзгерген жағдайда, нысаналы трансферттердің көлемі өзгерген күннен бастап бір ай ішінде нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге тиісті өзгерістер енгізіледі. Егер бюджетті нақтылау кезінде қосымша нысаналы трансферттер бөлінсе, Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойғаннан кейін және мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттың шешімі бекітілгеннен кейін бір ай ішінде осы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасалады. 15. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жарты жылдың және бір жылдың қорытындылары бойынша облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жарты жылдың және бір жылдың қорытындылары бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісіне нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді. 16. Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді әзірлеу, нысаналы трансферттерді аудару, қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жасау және беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»; 1-тармақтың 11) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;». 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларға, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға және концессиялық міндеттемелерді орындауға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулерге және нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге;»; 4-тармақ «ескеріле отырып,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Президенті мен» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақтың 11) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;»; 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларға, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға және концессиялық міндеттемелерді орындауға;»; 1-тармақтың 11) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;»; 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларға, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға және концессиялық міндеттемелерді орындауға;»; 1-тармақтың 9) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;»; 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларға, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға және концессиялық міндеттемелерді орындауға;»; 16) 58-баптың 1) тармақшасындағы «және бюджеттік параметрлердің» деген сөздер алып тасталсын және 60-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «дамуы мен бюджеттік параметрлерінің» деген сөздер «даму» деген сөзбен ауыстырылсын; 17) 61 және 62-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «61-бап. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы 1. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлауда өзара байланыс орнату мақсатында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып, жыл сайын жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге арнап әзірлейді және мыналарды: 1) мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде: жылдар бойынша бөліп көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының бес жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамын, әлеуметтік параметрлер болжамын, әлеуметтік-экономикалық даму үрдістерін, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін; мыналарды: Қазақстан Республикасының салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын; мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің негізгі параметрлерінің болжамдарын; республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемін қамтуға тиіс бюджеттік параметрлердің үш жылға арналған болжамын; 2) мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде: жылдар бойынша бөліп көрсетіле отырып, өңірдің бес жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, үрдістерін, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін; мыналарды: өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын; тиісті жергілікті бюджеттердің негізгі параметрлерінің болжамдарын; жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемін қамтуға тиіс бюджеттік параметрлердің үш жылға арналған болжамын қамтиды. Сандық және сапалық нәтижелерді айқындау үшін негізгі бағыттар (салалар) бойынша нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер белгіленіп, оған қол жеткізу үшін бес жылдық кезең ішінде Қазақстан Республикасының немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық саясаты бағытталуға тиіс. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі (жергiлiктi атқарушы орган) әлеуметтiк-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердiң қосымша көрсеткiштерiн енгiзуi мүмкiн. 3. Жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарына арналған бюджеттік параметрлердiң болжамы индикативтiк сипатта болады және әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының өзгерістерi, бюджеттік мониторинг және нәтижелердi бағалау, басқа да iшкi және сыртқы факторлар ескерiле отырып, кезектi жоспарлы кезеңге бюджеттік параметрлердiң болжамын әзiрлеу кезiнде нақтылануы мүмкiн. 4. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергiлiктi атқарушы орган мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады. 62-бап. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары 1. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әр үш жыл сайын бес жылдық кезеңге әзірленеді. 2. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары мемлекеттік орган қызметiнiң стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, мiндеттерiн, нәтижелерiнiң көрсеткiштерiн айқындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды қоспағанда, мемлекеттік органның стратегиялық жоспары жоспарлы кезеңге қаржыландыру көлемі бар бюджеттік бағдарламаларды қамтиды. 3. Бюджеттік бағдарламалар әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi үшін көзделген бюджет қаражатының болжамды көлемiнiң шегiнде әзiрленедi. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құрылымына кiретiн мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Президентi немесе ол уәкiлеттiк берген лауазымды тұлға бекiтедi. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Парламентi Шаруашылық басқармасының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының стратегиялық жоспарлары Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын тәртiппен бекітіледi. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, мәслихаттардың аппараттары стратегиялық жоспарларды әзірлемейді. 5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспары ол облыстық бюджеттен қаржыландырылатын тиiстi салалық атқарушы органмен келісілгеннен кейiн бекітіледi. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспары ол тиiстi салалық орталық мемлекеттік органмен келісілгеннен кейiн бекітіледi. 6. Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар республикалық бюджет бекітілгеннен кейін пысықталып, Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бір апта мерзімде бекітіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау қамтамасыз етіле отырып, күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері бекітілгеннен кейін пысықталып, ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін бекітіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау қамтамасыз етіле отырып, күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітілгеннен кейін пысықталып, келесі қаржы жылының 10 қаңтарына дейін бекітіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау қамтамасыз етіле отырып, күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады. 7. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге: 1) Қазақстан Республикасының жаңа заңдары қабылданған не өзгерістер енгізілген; 2) жаңа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданған не өзгерістер енгізілген; 3) мемлекеттік органның функциялары, құрылымы өзгерген; 4) көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал ететін республикалық немесе жергілікті бюджеттердің параметрлері өзгерген жағдайларда жол беріледі. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, стратегиялық жоспарларды әзірлеу және бекіту кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталады. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына бюджетті нақтылаумен байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, бюджетті, стратегиялық жоспарларды әзірлеу және бекіту кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталады. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына қаржыландыру көлемінің өзгеруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар жобаларын тиісті бюджет комиссиясы қарайды.»; 18) 65-баптың 1-тармағындағы «дамудың және бюджеттік параметрлердің» деген сөздер «даму» деген сөзбен ауыстырылсын; 19) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын: «66-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын құжаттар 1. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік өтінімдер ұсынады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |