<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2006.07.07. № 167-III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының
 Заңы

 

Концессиялар туралы

(2009.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  • Показать изменения

1-тарау. Жалпы ережелер

(1-7 баптар)

  • Показать изменения

2-тарау. Концессия саласындағы мемлекеттік реттеу

(8-14 баптар)

  • Показать изменения

3-тарау. Объектілерді концессияға беру

(15-20 баптар)

  • Показать изменения

4-тарау. Концессия шарты

(21-26 баптар)

  • Показать изменения

5-тарау. Қорытынды ережелер

(27-29 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

  • Показать изменения

Осы Заң концессияның құқықтық жағдайларын, концессионерді мемлекеттік қолдау түрлерін айқындайды және концессия шарттарын жасасу, орындау және тоқтату процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1-тарау.

Жалпы ережелер

 

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есеп пен есептілікті атқару, жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  • Показать изменения

2) концедент - Қазақстан Республикасы, оның атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган, сондай-ақ олар концессия шартын жасасуға уәкілдік берген мемлекеттік органдар;

  • Показать изменения

3) концессионер - концессия шартына сәйкес концессия объектісіне құқық алған заңды тұлға (мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) концессия - концессия шарты бойынша мемлекеттік меншік объектілерін жақсарту және тиімді пайдалану мақсатында уақытша иеленуге және пайдалануға беру, сондай-ақ мұндай объектілерді одан әрі пайдалануы үшін концессионерге оны иелену, пайдалану құқықтарын беру арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қолдауды ұсыну арқылы не онсыз кейіннен мұндай объектілерді мемлекетке бере отырып, концессионердің қаражаты есебінен немесе концеденттің қоса қаржыландыруы шартымен жаңа объектілер құру (салу) құқықтарын беру;

  • Показать изменения

5) концессия бойынша конкурсты ұйымдастырушы (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы) - концессия бойынша конкурстар өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

5-1) концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым - Қазақстан Республикасының Үкіметі концессия мәселелері бойынша қызметтер көрсету үшін құрған ұйым;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6) концессия объектісі - тізбеге енгізілген, жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері және концессия шартының талаптарын орындау нәтижелері бойынша болашақта пайда болатын объектілер;

  • Показать изменения

7) концессия шарты - концедент пен концессионер арасында жасалатын, тараптардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, концессияны іске асыру шартын айқындайтын жазбаша келісім;

  • Показать изменения

8) концессиялық жоба - шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

8-1) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру - концессия объектілерін құруға (салуға) және реконструкциялауға арналған шығындардың белгілі бір көлемін қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу;»

  • Показать изменения

9) республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган - экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында (аясында) республикалық меншік объектілерін басқару саласында өз құзыреті шегінде арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, меншікті жекешелендіруді және оның мемлекеттік мониторингін жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

  • Показать изменения

10) тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы - мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

10-1) тізбе - концессияға ұсынылатын объектілердің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, орташа мерзімдік кезеңге арналған тізбесі;

  • Показать изменения

11) экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар

туралы заңнамасы

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы Конституцияға негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  • Показать изменения

Осы Заңның ережелері жер қойнауын пайдалану саласындағы концессияға байланысты қатынастарға қолданылмайды. Жер қойнауын пайдалану саласындағы концессияға байланысты қатынастар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеліп, жүзеге асырылады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Концессияның негізгі принциптерi

  • Показать изменения

Концессияға байланысты қызмет мынадай негізгі принциптерге:

1) концедент пен концессионер қызметінің жариялылығы мен ашықтығына;

2) концедент пен концессионердің мүдделері мен тәуекелдерінің теңдестірілімін қамтамасыз етуге;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) концессионер концессия шарты бойынша беретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды

4) еркін бәсекелестікке;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

5) барлық ықтимал концессионерлердің теңдігіне және кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4-бап. Концессияның қолданылу аясы

  • Показать изменения

Тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын объектілерді қоспағанда, экономиканың барлық салаларындағы (аясындағы) объектілер концессияға беріле алады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5-бап. Концессия объектілеріне меншік құқығы

  • Показать изменения

1. Концессияға берілген, осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілерде жүргізілген жақсартулар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілері және осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, концессия шартының талаптарын орындау кезінде пайда болған зияткерлік меншік құқықтары мемлекеттік меншік болып табылады.

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Шарт талаптарын орындау нәтижесінде пайда болған концессия объектісі концессионердің осы объектілерді кейіннен пайдалануы арқылы концессия объектісін құрған кезден бастап мемлекеттік меншікке беріледі.

  • Показать изменения

3. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессионердің концессия объектілерін пайдалану нәтижесінде алған өнімі мен өзге де кірістері оның меншігі болып табылады.

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4. Концессия объектілері кепіл нысанасы бола алмайды.

  • Показать изменения

5. Концессия объектілері концессия шартының қолданылу мерзімі кезеңінде иеліктен шығарылуға жатпайды.

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

6. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессионер өзіне концессия шарты бойынша иелік етуге және пайдалануға берілген мемлекеттік мүліктің, сондай-ақ концессия шартын орындау нәтижелері бойынша пайда болған мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну тәуекелін көтереді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Концессионерге жер учаскелеріне құқықтар беру

Концессия шартын іске асыру мақсатында концессионерге Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер пайдалану құқықтарының берілуі мүмкін.

 

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7-бап. Концессионердің шығындарын өтеу және кірістерін алу көздері

  • Показать изменения

1. Концессионердің концессия шартын орындауға байланысты шығындары өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сату және концессия объектісін пайдалану процесінде кірістер алу арқылы өтелуі мүмкін.

  • Показать изменения

2. Концессионер өндірген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) пайдалануға жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

  • Показать изменения

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы органдар осы баптың 2-тармағында көрсетілген, көлемі мен ұсынылу талаптары концессия шартында айқындалатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тұтынушылары бола алады.

  • Показать изменения

4. Мемлекет Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессионердің инвестициялық шығындарына өтемақы беруі мүмкін.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау.

  • Показать изменения

КОНЦЕССИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

 

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттіктерi

Қазақстан Республикасының Үкіметі концессия саласында:

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) тізбені бекітеді;

  • Показать изменения

2) жасалған концессия шарттарының және берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізу ережелерін бекітеді;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ережелерін бекітеді;

  • Показать изменения

4) концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарды (бұдан әрі - ұсыныс) беру, қарау және іріктеу ережелерін бекітеді;

  • Показать изменения

5) экономиканың әр түрлі саласында (аясында) концессияның үлгі шарттарын бекітеді;

  • Показать изменения

6) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - комиссия) құрады және ол туралы ережені бекітеді.

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

7) концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды құрады;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

8) концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімін бекітеді.

 

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9-бап. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілеттіктері

  • Показать изменения

Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) мыналарды:

  • Показать изменения

ұсыныстарды сараптауды;

  • Показать изменения

техникалық-экономикалық негіздемені экономикалық сараптауды;

  • Показать изменения

конкурстық құжаттаманы сараптауды;

  • Показать изменения

концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді талдау мен сараптауды;

  • Показать изменения

концессия шарттарының жобаларын сараптауды жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады;

  • Показать изменения

2) техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының нәтижелерін ескере отырып, тізбені қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;

  • Показать изменения

3) конкурстық құжаттаманы және концессия шартын келіседі;

  • Показать изменения

4) концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шектері мен басымдықтарын белгілейді.

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

5) концессия объектісінің, концессиялық жобаның құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекітеді.

 

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10-бап. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілеттіліктері

  • Показать изменения

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:

  • Показать изменения

1) тізбені келіседі;

  • Показать изменения

2) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты конкурстық құжаттаманы келіседі;

3) концессия шарттары бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің шарттарын жасасады, сондай-ақ концессия шарттары бойынша берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізеді;

  • Показать изменения

4) жасалған концессия шарттары бойынша концессиялық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді;

  • Показать изменения

5) концессиялық міндеттемелерді тіркейді;

  • Показать изменения

6) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келіседі.

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

7) мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға берудің тәртібін айқындайды.

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктері

Республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:

  • Показать изменения

1) республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген объектілер бойынша тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары табыс ететін ұсыныстарды олар ұсынылған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде тізбеге енгізу үшін келіседі;

2) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;

  • Показать изменения

3) өз құзыреті шегінде республикалық меншікте болатын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалу мониторингін жүзеге асырады;

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келіседі;

  • Показать изменения

5) концессия шарттары негізінде құрылған (салынған) объектілерді республикалық меншікке қабылдайды;

  • Показать изменения

6) концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау тәртібін айқындайды.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12-бап. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік

органының өкілеттіктерi

Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы:

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) осы Заңның 15-1-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жеке бастама тәртібімен енгізген ұсыныстарын ескере отырып, республикалық меншікке жататын объектілер бойынша ұсыныстарды қалыптастырады;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурстың ұйымдастырушысы болады;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) Комиссияның шешімі негізінде республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілері бойынша концессия шартын жасасады;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

5) республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жасалған концессия шарттары бойынша ақпарат береді.

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

6) концессия шарттары негізінде құрылған (салынған) объектілерді республикалық меншікке беруді ұйымдастырады;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

7) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша бұрын жасалған концессия шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты өткізу жолымен жаңа концессионерлерді тартуды ұйымдастырады;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

8) қажет болған жағдайда концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартады.»;

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

13-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,

астананың) жергілікті атқарушы органдарының өкілеттіктерi

  • Показать изменения

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) осы Заңның 15-1-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жеке бастама тәртібімен енгізген ұсыныстарын ескере отырып, тізбеге енгізу үшін коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша ұсыныстарды қалыптастырады;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) концессия шартын жасасу кезінде тиісті өңірдегі халықтың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталуына байланысты мәселелерді шешу үшін конкурсты ұйымдастырушыға республикалық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты ұсыныстар енгізеді;

  • Показать изменения

3) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты комиссияны құрады және ол туралы ережені бекітеді;

  • Показать изменения

5) коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурстың ұйымдастырушысы болады;

6) комиссияның шешімі негізінде коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілері бойынша концессия шартын жасасады;

  • Показать изменения

7) коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

8) концессия шарттары негізінде құрылған (салынған) объектілерді коммуналдық меншікке қабылдайды;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

9) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша бұрын жасалған концессия шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты өткізу жолымен жаңа концессионерлерді тартуды ұйымдастырады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14-бап. Концессионерлердің қызметін мемлекеттік қолдау

  • Показать изменения

Концессионерлердің қызметін қолдау мақсатында мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері ұсынылуы мүмкін:

1) концессия шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерліктері;

2) концессиялық жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер;

  • Показать изменения

3) концессия объектісін пайдалануға байланысты ерекше құқықтардың берілуі;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай гранттар беру.

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

5) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

6) егер концессионер өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) негізгі тұтынушысы мемлекет болса, мемлекеттің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір көлемін тұтыну кепілдігі;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

7) концессия шартында белгіленген мерзімде және концессия шартының қолданылуы кезеңінде сонда айқындалған көлемде концессионердің инвестициялық шығындардың белгілі бір көлеміне өтемақы төлеу.»;

  • Показать изменения

2. Концессионерге мемлекеттік қолдаудың жоғарыда аталған түрлерінің біреуі не бірнешеуі ұсынылуы мүмкін.

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2-1. Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған кезде концессионер сатуға ұсынылатын концессия объектісінің құнына қатысты кемінде жиырма процент көлемінде инфрақұрылымдық облигациялар шығаруға міндетті.

  • Показать изменения

Инфрақұрылымдық облигацияларды шығару көлемі, орналастыру талаптары тараптардың келісімімен концессия шартында айқындалады.

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың осы баптың 1-тармағында көзделген түрлерінің біреуі не бірнешеуі ұсынылған кезде мұндай қолдаудың жиынтық құны концессия шарты шеңберінде концессионер қаражаты есебінен құрылған (салынып жатқан) объектінің құнынан аспауға тиіс.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-тарау.

ОБЪЕКТІЛЕРДІ КОНЦЕССИЯҒА БЕРУ

 

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

15-бап. Объектілерді концессияға беру тәртібі

  • Показать изменения

1. Объектілерді концессияға беру төрт кезеңде жүзеге асырылады:

  • Показать изменения

іріктелген ұсыныстардың тізілімін дайындау;

  • Показать изменения

тізбені қалыптастыру;

  • Показать изменения

концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу;

  • Показать изменения

концессионерді анықтау және концессия шартын жасасу.

  • Показать изменения

2. Концессионерге мемлекет кепілгерліктерін берудің міндетті шарты Қазақстан Республикасының қор биржасында инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру болып табылады.

 

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

15-1-бап. Ұсыныстар дайындау және іріктелген ұсыныстардың  тізілімін қалыптастыру

  • Показать изменения

1. Ұсыныстарды тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары мыналарды:

  • Показать изменения

1) саланың одан әрі дамуына ықпал ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын;

  • Показать изменения

2) концессиялық жоба мақсаттарының стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларда, республиканың немесе өңірдің даму жоспарларында белгіленген саланың даму басымдықтарына сәйкестігін, сондай-ақ салада орын алған проблемаларды шешуді;

  • Показать изменения

3) концессионердің және концессионер ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың мүдделері теңдестірілуін қамтамасыз ету принципін негізге ала отырып, балама нұсқаларды;

  • Показать изменения

4) концессиялық жобаны іске асырған және мұндай іске асыру болмаған жағдайда саладағы ахуалды;

  • Показать изменения

5) концессиялық жобаны іске асырудан түскен пайданы бөлуді бағалауды қоса алғанда, салалық сараптаманы негізге ала отырып, жеке бастама тәртібімен жеке немесе заңды тұлғалар енгізген ұсыныстарды ескеріп қалыптастырады.

  • Показать изменения

2. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша ұсыныстарды республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге тиіс.

  • Показать изменения

3. Ұсыныстарды тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.

  • Показать изменения

4. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсыныстарға сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.

  • Показать изменения

5. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның сараптамасы негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу үшін іріктеліп алынған ұсыныстардың тізілімін қалыптастырады.

  • Показать изменения

6. Тізбеге енгізілмеген концессия объектілері бойынша тиісті хабарламалар тиісті ұсыныстарды табыс еткен мемлекеттік органдарға оларды қабылдамаудың дәлелді негіздемесімен бірге жіберіледі.

  • Показать изменения

Тізбеге енгізілген және концессияға берілмеген концессия объектілерін экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган келесі орта мерзімді кезеңге арналып қалыптастырылатын тиісті тізбеге енгізеді.

 

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16-бап. Тізбені қалыптастыру

  • Показать изменения

1. Тізбені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

  • Показать изменения

Тізбе Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға тиіс.

  • Показать изменения

2. Тізбе мынадай екі бөлімнен тұрады:

  • Показать изменения

1) жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде жүзеге асырылатын қолда бар мемлекеттік меншік объектілері;

  • Показать изменения

2) салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер.

  • Показать изменения

3. Тізбені экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының нәтижелерін ескере отырып және стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларға, республиканың даму жоспарларына, орта мерзімді фискалдық саясатқа, республикалық бюджеттің инвестициялық мүмкіндіктеріне сәйкес жылжымалы негізде жыл сайын үш жыл мерзімге қалыптастырады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

17-бап. Конкурстық құжаттаманың мазмұны

  • Показать изменения

1. Конкурсты ұйымдастырушы барлық ықтимал концессионерлерге мынадай ақпаратты:

  • Показать изменения

1) ықтимал концессионерлерге қойылатын біліктілік талаптарына олардың сәйкестігін растау үшін табыс етілуге тиіс құжаттарға қойылатын талаптарды;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) техникалық ерекшеленімдерді, жоспарларды, сызбалар мен нобайларды қоса алғанда, ал қажет болған жағдайда нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіле отырып, концессияға беруге ұсынылатын объектінің техникалық-экономикалық негіздемесін, сипаттамасы мен оның жалпы техникалық және сапалық сипаттамаларын;

3) концессияға беруге ұсынылатын объектінің тұрған орнын;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

3-1) осы концессия жобасы үшін мемлекеттік қолдаудың ықтимал түрлерін және жол берілетін көлемдерін;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) үлгілік шарт негізінде әзірленген концессия шартының жобасын;

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ; 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді

  • Показать изменения

5) нәтижесінде жеңіп шыққан концессия өтінімін анықтауға негіз болатын барлық өлшемдердің, оның ішінде қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелердің сипаттамасын, оның ішінде мұндай әрбір өлшемнің салыстырмалы мәнін, концессиялық өтінімдерді бағалау және салыстыру тәсілінің сипаттамасын;

  • Показать изменения

6) концессиялық жобаның бағасы көрсетілуге тиіс валюта немесе валюталар және концессиялық жобаның бағаларын салыстыру және бағалау мақсатында оларды бірыңғай валютаға сәйкес келтіру үшін қолданылатын бағамды;

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес концессиялық өтінімдерді жасасу және табыс ету тіліне қойылатын талаптарды;

  • Показать изменения

8) ықтимал концессионердің конкурстық өтінім берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурстық өтінімін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына тиісті нұсқаманы;

  • Показать изменения

9) конкурстық өтінімдерді табыс етудің тәсілін, орны мен түпкілікті мерзімін (бірақ жергілікті уақыт бойынша жұмыс күнінің он бес сағатынан кеш емес) және олардың қолданылу мерзімін;

  • Показать изменения

10) ықтимал концессионердің тікелей конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу кезінде концессиялық жобаның бағасы көрсетілетін конкурстық өтінімнің бір бөлігін ұсыну құқығына тиісті нұсқаманы;