Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 161 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 317 қаулысымен бекітілген
Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленген және бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту тәртібі мен шарттарын белгілейді. 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) біліктілік емтиханы - бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік деңгейін анықтау рәсімі; 2) бағалау қызметі бойынша біліктілік комиссиясы - біліктілік емтиханын қабылдау үшін құрылатын комиссия. 3. Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдар құрамындағы мүшелерінің саны тақ болатын, кемінде бес мүшесі болатын Бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясында (бұдан әрі - Комиссия) біліктілік емтиханынан өтеді. Комиссия Қазақстан Республикасы әділет органдарының, бағалау палаталарының өкілдерінен қалыптастырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|