Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 және
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 45, 514-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасында: «Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерінің қазіргі жай-күйін талдау» деген 3-бөлімнің он жетінші абзацында «; Астана қаласының Сарыарқа ауданында «Нұрбесік» шағын ауданы құрылысының жобасы әзірленді» деген сөздер алынып тасталсын; «Тұрғын үймен қамтамасыз ету» деген 5.3.3-кіші бөлімде: екінші абзацтағы екінші сөйлем алынып тасталсын; алтыншы абзац «органдарға» деген сөзден кейін «тұрғын үй салуды және/немесе сатып алуды ұйымдастыру үшін» деген сөздермен толықтырылсын; тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Сонымен бір мезгілде жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй құрылысына тапсырыс беруші өкілеттігін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға (бұдан әрі - ӘКК) жүктей алады.»; оныншы абзацтағы «ӘКК» деген аббревиатура «жергілікті атқарушы органдар (ӘКК)» деген сөздермен ауыстырылсын; он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «1) Бағдарламаға қатысушы: «ҚТҚЖБ» АҚ-мен тұрғын үй сатып алуға қарыз алу үшін қажетті соманы 5,5 жылдың ішінде жинақтау жөнінде тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасасады; қажетті сома жинақталғаннан кейін тұрғын үй кепілімен жылдық 4,5 %-бен қарыз алу үшін құжаттарын «ҚТҚЖБ» АҚ-ға ұсынады; 2) «ҚТКДБ» АҚ: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|