Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2012.24.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Бас Прокурорының 2012 жылғы 12 қарашадағы № 134 бұйрығымен күші жойылды
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы бірыңғай статистикалық есепті одан әрі жетілдіру мақсатында «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2709 Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкін құру және оның жүргізілуі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 29 қыркүйектегі № 53 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5854 тіркелген): аталған бұйрықпен бекітілген әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкін жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық): 1-тармақта «мемлекеттік органдарға бірыңғай» сөздерінен кейін тұрған «әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулысы заңды күшке енген» сөздері алып тасталсын; екінші бөлімдегі «Әскери басқармада» сөздер «Комитеттің әскери басқармасында» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөліммен толықтырылсын: «ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері анықтаған Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар Комитет басқармаларында әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орны бойынша есепке алынады.»; екінші бөлімдегі екінші сөйлем келесі мазмұнда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|