Дінтану сараптамасын жүргізу ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2010 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Дінтану сараптамасын жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу кезінде Ережеге сәйкес дінтану сараптамаларының жүргізілуін қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 70 қаулысымен бекітілген
\=Дінтану сараптамасын жүргізу ережесi
Дінтану сараптамасын жүргізу ережесі (бұдан әрі - Epeжe) «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және дінтану сараптамасын жүргізу тәртібін айқындайды.
1. Дінтану сараптамасы (бұдан әрі - сараптама) діни бірлестіктер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін анықтау мақсатында діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу кезінде жүргізіледі. Сараптама Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленетін басқа негіздер бойынша да жүргізілуі мүмкін. 2. Сараптама діни ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар өкілдерінің, дінтанушылардың, заңгерлердің және ар-ождан бостандығы құқығы саласындағы басқа да мамандардың (бұдан әрі - сарапшылар) қатысуымен жүргізіледі. 3. Сараптама діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу үшін маңызы бар мәліметтер сарапшы арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізетін зерттеулер нәтижесінде белгіленуі мүмкін жағдайда тағайындалады. Сараптаманы арнайы ғылыми білімі бар мүдделі емес адам жүргізеді. 4. Діни бірлестіктердің құрылтай және басқа да құжаттары, оның ішінде мүдделі мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер ұсынған діни мазмұндағы материалдар және діни мақсаттағы заттар сараптама объектісі болып табылады. 5. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті мен аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) сараптаманың жүргізілуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады. 6. Сараптаманы тиісті бейіндегі ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары, сондай-ақ зерттелетін сараптама объектісінің мазмұнына қарай ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын арнайы ғылыми білімі бар сарапшылар жүргізеді. Сараптама жүргізу бір немесе бірнеше сарапшыға (сараптама комиссиясына) тапсырылуы мүмкін. 7. Сараптама объектісі бойынша әр түрлі мамандықтардың сарапшылары кешенді сараптама жүргізуі немесе әр алуан түрдегі дербес сараптама жүргізуі мүмкін. 8. Сарапшылар ретінде басқа мемлекеттерден, шетелдік және халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкін.
2. Дінтану сараптамасын жүргізудің тәртібі мен шарттары
9. Ереженің 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган тиісті сараптаманы жүргізу, сондай-ақ сараптама жүргізу үшін сараптаманың түрі мен сарапшыны немесе сарапшыларды белгілеу туралы шешім қабылдайды. 10. Сарапшылардың ішінен сарапшы немесе сарапшылар белгіленеді, оларды іріктеуді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады. 11. Қабылданған шешім негізінде уәкілетті орган сарапшыға (сарапшыларға) сараптамаға жататын объектіні және сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер тізбесін жолдайды. 12. Сараптама сарапшыға (сарапшыларға) сараптама объектісін ұсынған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі. 13. Сараптаманы жүргізу үшін қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеу қажет болған кезде сараптаманы жүргізу мерзімі отыз күнтізбелік күнге ұзартылуы мүмкін. 14. Уәкілетті орган мүдделі діни бірлестіктерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерге сұрау салулар жіберу жолымен сарапшыға (сарапшыларға) қосымша материалдар мен ақпарат алуға жәрдем көрсетеді. Шетелдік мемлекеттік органдарға, халықаралық ұйымдарға тиісті сұрау салулар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы жіберіледі. 15. Сараптама жүргізу, сондай-ақ діни бірлестік ұсынған құжаттар бойынша маманның қорытындысын алу қажет болған жағдайда мемлекеттік тіркеу мерзімі тоқтатылады. Сараптаманы жүргізу кезінде сарапшы (сарапшылар) Қазақстан Республикасының заңнамасын, уәкілетті органмен жасалған шарттың талаптарын, сондай-ақ жалпыға бірдей қабылданған әдеп нормаларын сақтауға міндетті. 16. Сараптама жүргізу барысында сарапшы (сарапшылар): 1) уәкілетті орган қойған мәселелер бойынша дәлелді, объективті және толық сараптамалық қорытынды дайындайды; 2) сараптама жүргізу үшін ұсынылған сараптама объектісі, материалдар мен ақпараттар туралы мәліметтерді жария етпейді, сондай-ақ оларға жария баға беруден тартынады. 17. Сараптама жүргізу мүмкін еместігі және оны жүргізуге кедергі келтіретін жағдайлар туралы сарапшы (сарапшылар) өкілетті органды жедел хабардар етеді. 18. Жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды жасалады, ол сараптама жүргізудің мәні бойынша сарапшылардың дәлелді, ғылыми негізделген, объективті және толық тұжырымдарын қамтуға тиіс. 19. Сараптамалық қорытынды сараптама жүргізген ұйымның фирмалық бланкісінде дайындалады, ал сараптаманы жеке тұлға жүргізген жағдайда қорытындыда оның тегі, аты, әкесінің аты және оның құзыреттілігін көрсететін деректер көрсетіледі. 20. Сараптамалық қорытындыда мыналар көрсетілуге тиіс: 1) сараптама жүргізген ұйым немесе тұлға; 2) ғылымның ол бойынша сараптама жүргізілген саласы; 3) сараптаманың мәні мен мақсаттары; сарапшының алдына қойылған мәселелер; 4) сараптама объектісінің атауы; 5) сараптама объектісінің арналуы; 6) қойылған сұрақтарға негізделген және толық жауаптар. Сараптама қорытындысында сараптама объектісі бойынша қосымша мәліметтер көрсетілуі мүмкін. 21. Қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге байланысты сараптаманы тағайындау ерекшеліктері тиісті заңнамалық актілермен реттеледі.
22. Сараптамалық қорытындының негізінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни бірлестікті мемлекеттік тіркеуге қатысты тиісті шешім қабылдайды. 23. Сараптаманы жүргізуді қаржылық, материалдық-техникалық және әкімшілік-құқықтық қамтамасыз етуді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сарапшымен (сарапшылармен) жасалған шарттың талаптарына сәйкес және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырады.
|