Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына (2009.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бағалы қағаздар рыногы» туралы 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.07.07 № 136 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы қаулы мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) арнайы қаржы компаниясы - секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін «Секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылып отырған заңды тұлға; 2) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) - шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі өзінің жеке құрылтайшысының (қатысушысы, акционері) - осы немесе басқа мемлекеттің заңды тұлғасының кепілдігіне, оның ішінде борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру жолымен қаржы тарту болып табылатын заңды тұлға; 3) борыштық бағалы қағаз - шығарылым шарттарымен белгіленген мөлшер мен мерзімде оның иесінің эмитенттен алатын негізгі борыш сомасы құқығын растайтын бағалы қағаз; 4) жергілікті атқару органдарының облигациялары - республика дәрежесіндегі қаланың, астананың жергілікті атқару органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|