|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; 2010 жылғы 6 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы): 553-баптың бірінші бөлігі «89,» деген цифрлардан кейін «175 (екінші бөлігінде) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын. 2. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 жылғы 6 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) кіріспеде: «қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың» деген сөздер «қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың, инциденттердің салдарынан туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персоналға, халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерінің» деген сөздермен ауыстырылсын; «олардың салдарын» деген сөздер «аварияларды, инциденттерді және олардың салдарын» деген сөздермен ауыстырылсын; «авариялардың» деген сөз «олардың» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын: «2-2) қауіпті өндірістік фактор - қауіпті өндірістік объектілерде авариялар, инциденттер болған кезде туындайтын, жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян келтіретін физикалық құбылыс;»; 3) тармақшадағы «қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардан және аталған авариялардың салдарларынан» деген сөздер «қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақшадағы «мемлекеттік реттеу мен бақылауды» деген сөздер «басшылықты» деген сөзбен ауыстырылсын»; мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын: «5) техникалық басшы - ұйымның технологиялық процесіне басшылықты жүзеге асыратын, жоғары білімі бар маман; 6) техникалық құрылғылар - машиналар, жабдықтар және дербес маңызы бар басқа да конструкциялар (есепке алу аспаптары, ысырмалар, крандар және басқалар).»; 3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын: «3-бап. Қауіпті өндірістік объектілер Қауіпті өндірістік объектілерге: 1) мынадай: тұтанғыш - қалыпты қысым және ауамен қосылу жағдайында тұтанғыш болатын және қайнау температурасы қалыпты қысым жағдайында 20 немесе одан төмен Цельсий градусын құрайтын зат; жарылғыш - сыртқы әсердің белгілі бір түрлері кезінде жылу бөліп, газ құрап, өздігінен жылдам тарайтын химиялық өзгерістерге ұшырай алатын зат; жанғыш - өздігінен тұтанып, сондай-ақ от алдыру көзінен от алып, оны алып тастағаннан кейін өздігінен жанатын зат; тотықтандырғыш - жануға көмектесетін, тұтануды тудыратын және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтірудің экзотермиялық реакциясы нәтижесінде басқа заттардың тұтануына себеп болатын зат; уытты - тірі организмдерге әсер ету кезінде олардың өліміне әкеп соқтыруға бейім және мынадай сипаттамасы бар зат: асқазанға енгізілген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа қоса алғанда 15-тен 200 миллиграмға дейін келетін; теріге енгізген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа қоса алғанда 50-ден 400 миллиграмға дейін келетін; ауадағы өлтіретін орташа шоғырлануы бір литрге қоса алғанда 0,5-тен 2 миллиграмға дейін келетін; жоғары уытты - тірі организмдерге әсер ету кезінде олардың өліміне әкеп соқтыруға бейім және мынадай сипаттамасы бар зат: асқазанға енгізілген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа 15 миллиграмнан аспайтын; теріге енгізген кезде өлтіретін дозасы бір килограмм салмаққа 50 миллиграмнан аспайтын; ауадағы өлтіретін орташа шоғырлануы бір литрге 0,5 миллиграмнан аспайтын; қоршаған орта үшін қауіп тудыратын, су ортасында мынадай өте уытты көрсеткіштермен сипатталатын зат: балыққа тоқсан алты сағат бойына ингаляциялық әсер ету жағдайында өлтіретін орташа дозасы литріне 10 миллиграмнан аспайтын; дафнияға қырық сегіз сағат бойына әсер ету жағдайында нақты әсер тудыратын удың орташа шоғырлануы литріне 10 миллиграмнан аспайтын; балдырларға жетпіс екі сағат бойына әсер ету жағдайында орташа тежейтін шоғырлануы литріне 10 миллиграмнан аспайтын қауіпті заттардың бірі өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын; 2) 0,07 мегаПаскальдан жоғары қысыммен немесе 115 Цельсий градусынан жоғары судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар пайдаланылатын; 3) қара, түсті, бағалы металдардың балқымалары және олардың негізінде алынатын қорытпалар жасалатын; 4) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргізілетін; 5) құрамында адамның денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпті заттары бар өндіріс қалдықтары сақталатын, тасымалданатын, қайта өңделетін, жойылатын; 6) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер пайдаланылатын; 7) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын электр қондырғыларының барлық түрлері пайдаланылатын; 8) қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын; 9) радиоактивті және ионды сәулелену көздері пайдаланылатын объектілер жатады.»; 4) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын: «3-1-бап. Өндірістік объектінің қауіптілігін бағалау 1. Өндірістік объектінің қауіптілігін бағалау: 1) жазатайым оқиғалардың жиілігі; 2) жазатайым оқиғалардың ауырлығы; 3) өлімге әкеп соғатын жарақаттанудың жиілігі; 4) кәсіптік ауру; 5) негізгі қорлардың тозуы; 6) негізгі қорларды ауыстыру; 7) қауіпті өндірістік объектінің авариялылығы коэффиценттері бойынша жүзеге асырылады. Өндірістік объектілер қауіптілігінің деңгейін, оның ішінде орташа салалық көрсеткіштерін уәкілетті орган айқындайды. Қауіпті өндірістік объектілердің иелері мен сақтандыру ұйымдары өздері ұсынатын қосымша материалдар негізінде өндірістік объектілер қауіптілігінің есептелген деңгейін өзгертуді талап етуге құқылы. 2. Объект қауіптілігінің жалпы деңгейі осы Заңға қосымшаға сәйкес жыл сайын айқындалып отырады.»; 1-тармақтың 5) тармақшасындағы «қауіпті өндірістік объектілердің» деген сөздер алып тасталып, «қауіпсіздігіне» деген сөз «қауіпсіздікке» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің міндетті талаптары уәкілетті органның нормативтік актілерімен белгіленеді. Нормативтік актілер нормативтік актіде көрсетілген қызмет аясында орындалуға міндетті өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қамтиды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді тіркеуді және есепке алуды уәкілетті орган жүзеге асырады.»; 14) тармақшадағы «қауіпті өндірістік объектіде сөзсіз аварияға ұрындыру қаупі бар» деген сөздер «қауіпті өндірістік факторлардың өндіріс персоналына, халыққа, қоршаған ортаға сөзсіз зиянды әсер ету қаупі бар» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 17-3) тармақшамен толықтырылсын: «17-3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді тіркейді және олардың есебін жүргізеді;»; 18) тармақшадағы «авария салдарын» деген сөздер «аварияларды және олардың салдарын» деген сөздермен ауыстырылсын; «28) халықты және ұйымдарды қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың алдын алу және оларды жою шаралары туралы хабардар етеді.» деген сөздер «30) халықты және ұйымдарды қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою шаралары туралы хабардар етеді;» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 29) және 31) тармақшалармен толықтырылсын: «29) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтірумен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі міндетті қауіпті өндірістік объектілер иелерінің орындауын бақылайды;»; «31) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 2) тармақшадағы «қауіпті өндірістік объектілерді авариялар» деген сөздер «қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақшада: орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді; «уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен» деген сөздер «сараптамалық қорытынды негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 10-баптың 4) тармақшасы «авариялар» деген сөзден кейін «, инциденттер» деген сөзбен толықтырылсын; 4) тармақшадағы «нормативтік құқықтық актілерде» деген сөздер «өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) тармақшада: «авариялардың» деген сөзден кейін «, инциденттердің» деген сөзбен толықтырылсын; «авариялардың және олардың зардаптарының алдын алуға, оларды жоюға» деген сөздер «қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің және олардың зардаптарының алдын алуға және жоюға» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) тармақшадағы «авариялар туралы» деген сөздер «қауіпті өндірістік факторлардың туындауы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) тармақша «авариялардың» деген сөзден кейін «, инциденттердің» деген сөзбен толықтырылсын; 12) тармақшадағы «саласындағы нормативтік құқықтық актілердің» деген сөздер алып тасталсын; 14) тармақшадағы «авариялар» деген сөз «қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын: «16-1) мемлекеттік инспектор қауіпті өндірістік объектіде өз міндеттерін атқарған кезде оны қорғану құралдарымен, қауіпсіздік приборларымен қамтамасыз етуге және өзге де жәрдем көрсетуге;»; 24), 25) және 26) тармақшалар алып тасталсын; 27) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «27) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қауіпті заттардың тасымалданатыны туралы үш тәулік бұрын хабарлауға;»; «29) қауіпті өндірістік объектілерді салу, реконструкциялау, жаңғырту, жою жобаларын, сондай-ақ жергілікті жобаларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен келісуге;»; 30) тармақшадағы «уәкілетті орган өкілінің» деген сөздер «мемлекеттік инспектордың» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Пайдалану кезінде қауіпті өндірістік факторлардың халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі бар қауіпті өндірістік объектілер міндетті түрде декларациялануға жатады. Қауіпті өндірістік факторлардың халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі жоба алдындағы шешімдерге өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу арқылы белгіленеді. Сараптама қауіпті өндірістік объектілердегі қауіпті өндірістік факторларды, сондай-ақ олар әсер етуі ықтимал аймақтағы адамдардың санын анықтайды. Уәкілетті орган сараптамалық қорытынды негізінде қауіпті өндірістік объектіні декларациялау туралы шешім шығарады.»; 3-тармақта: 2) тармақшадағы «қауіпті әсер ету факторларын (әр фактор» деген сөздер «қауіпті өндірістік факторларды (әр фактор» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақша «қауіпті» деген сөзден кейін «өндірістік» деген сөзбен толықтырылсын; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Декларация екі данада қағаз жеткізгіште, сондай-ақ электрондық жеткізгіште жоба құрамында сараптама қорытындысымен бірге немесе жеке құжат түрінде уәкілетті органға тіркеу үшін ұсынылады. Бір данасы және электрондық нұсқасы - уәкілетті органда, екінші данасы қауіпті өндірістік объектіні пайдаланушы ұйымда сақталады.»; 1-тармақтағы «қауіпті өндірістік объектілері бар» деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақтағы «уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Ұйымдарда тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары құрылады. Ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Бас мемлекеттік инспекторының немесе оның орынбасарларының төрағалық етуімен уәкілетті органның комиссиясында емтихан тапсырады. Тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының құрамына уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспектор енгізіледі. Ұйымдардың бөлімшелерінде құрылатын емтихан комиссияларының мүшелері емтиханды ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларында тапсырады. Мамандар, инженер-техникалық қызметкерлер мен жұмысшы персонал емтихандарды ұйымдардың бөлімшелерінде құрылатын емтихан комиссияларында тапсырады. Емтихан комиссияларының жұмысына уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторы қатысады.»; 4-тармақтағы «оны уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бекітуге» деген сөздер «ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен келісілуге» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін барлық адамдар: 1) жұмысшы персонал - жыл сайын; 2) техникалық басшылар, мамандар мен инженер-техникалық қызметкерлер - үш жылда бір рет білімдері тексерілуге жатады.»; 8-тармақтағы «үш адамнан артық» деген сөздер «кемінде үш адам» деген сөздермен ауыстырылсын; 9 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «9. Емтихан билеттері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен келісіледі.»; «11. Емтихан тапсырған адамдарға емтихан комиссиясының төрағасы қол қойған куәлік беріледі. Оқу ұйымында емтихандар қабылдау кезінде емтихан комиссиясы төрағасының қолы - ұйымның мөрімен, мемлекеттік инспектордың қолы нөмірлі мөртаңбамен куәландырылады.»; мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын: «16. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспектордың емтихан комиссияларының жұмысына қатысуы үшін ұйым уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін емтихан басталғанға дейін күнтізбелік бес күн бұрын емтихан өткізілетін күн мен уақыт туралы хабардар етеді. Мемлекеттік инспектор келмей қалған жағдайда комиссия емтихан қабылдауды оның қатысуынсыз жүзеге асырады.»; 12) 4-тараудың тақырыбы «Аварияларды» деген сөзден кейін «, инциденттерді» деген сөзбен толықтырылсын; тақырыбы «Аварияларды» деген сөзден кейін «, инциденттерді» деген сөзбен толықтырылсын; бірінші абзацтағы және 1) тармақшадағы «авариялардың салдарын» деген сөздер «аварияларды және олардың салдарларын» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «олардың салдарын» деген сөздер «аварияларды және олардың салдарларын» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақша «авариялардың» деген сөзден кейін «, инциденттердің» деген сөзбен толықтырылсын; 4) және 5) тармақшалар «авария» деген сөзден кейін «, инцидент» деген сөзбен толықтырылсын; 2-тармақтағы «уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторы» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы «саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға» деген сөздер «талаптарына» деген сөзбен ауыстырылсын; 15) 14-9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Техникалық құрылғыларды, материалдарды дайындауға рұқсат алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға техникалық құрылғылардың, материалдардың қолданылу мақсаты туралы қысқаша ақпараты бар өтінішті дайындаушының сериялық өндіріс кезінде өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мүмкіндігін растайтын сараптамалық қорытындымен қоса ұсынады.»; 16) 14-10-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға рұқсат алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың қолданылу мақсаты және олардың қолданылу аясы туралы қысқаша ақпараты бар өтінішті технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындымен қоса ұсынады.»; 17) 14-11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Өтініш беруші рұқсат алу үшін уәкілетті органға тәжірибелік партияны қабылдап алу сынақтарының актісімен және жарылыс жұмыстары саласындағы аттестатталған ұйымның сараптамалық қорытындысымен қоса өтініш ұсынады.»; 1-тармақтың 4) тармақшасындағы «жай-күйі жатады.» деген сөздер «жай-күйі;» деген сөздермен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын және оларда жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдар жатады.»; 2-тармақ «аттестаттаған» деген сөзден кейін «, өтініш беруші ұйымға тәуелсіз» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақтың 1), 2), 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жұмыстарды өтініш беруші ұйымға тәуелсіз, аттестатталған ұйымдар жүргізуге тиіс.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Аттестаттау үшін ұйым өнеркәсіп саласын және жүзеге асырылатын қызметтің түрін көрсете отырып, ұйым жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесімен, ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесімен, ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындымен қоса өтініш ұсынады.»; 7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрған себептер жойылмаған жағдайда аттестаттан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады. Аттестаттың қолданылуы: 1) ұйым аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы өтінішті ұсынған; 2) оның қолданылу мерзімі біткен; 3) заңды тұлға таратылған; 4) аттестаттан айрылған жағдайларда тоқтатылады.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Уәкілетті орган аттестат алған ұйымдар туралы немесе аттестаттың қолданылуының тоқтатылғаны туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсына орналастырады немесе ол республикалық мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Уәкілетті орган берілген және өзінің қолданысын тоқтатқан аттестаттардың тізілімін жүргізеді.»; 1-тармақтың екінші бөлігінде: үшінші абзацтағы «- уәкілетті орган басшысының орынбасарлары» деген сөздер алып тасталсын; төртінші абзацтағы «- уәкілетті органның мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары» деген сөздер алып тасталсын; бесінші абзацта: «облыстар мен қалалардың» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын; «- уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары» деген сөздер алып тасталсын; алтыншы абзацта: «облыстар мен қалалардың» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын; «- уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары» деген сөздер алып тасталсын; жетінші абзацтағы «- уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары» деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақ «нөмірлі мөртабан» деген сөздерден кейін «, омырауға тағатын белгі» деген сөздермен толықтырылсын; 21) 15-4-баптың бірінші бөлігіндегі «және сақтандыру қызметі» деген сөздер алып тасталсын; 22) мынадай мазмұндағы 15-6-баппен толықтырылсын: «15-6-бап. Жоспарлы тексерулерді өндірістік объектінің тәуекел дәрежесіне қарай жүзеге асыру 1. Тәуекелі жоғары дәрежедегі объектілерге өнеркәсіптік қауіпсіздігі міндетті түрде декларациялануға тиіс объектілер жатады. Бұл объектілерді жоспарлы тексерулер жылына бір рет жүзеге асырылады. 2. Тәуекелі орташа дәрежедегі объектілерге технологиялық процесі тоқытылатын және өндіріс персоналының өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін авария, инцидент туындауы мүмкін объектілер жатады. Бұл объектілерді жоспарлы тексерулер үш жылда бір рет жүзеге асырылады. 3. Тәуекелі болмашы дәрежедегі объектілерге техникалық құрылғылар бүлінетін және қызмет көрсететін персоналдың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін авария, инцидент болуы мүмкін объектілер жатады. Бұл объектілерді жоспарлы тексерулер бес жылда бір рет жүзеге асырылады. 4. Тәуекелі ең төменгі деңгейге дейін жеткізілген осы санаттағы объектілер қауіптіліктің келесі санатына ауысады. Тәуекелі төменгі деңгейдегі осы санаттағы объектілер үшін тексерулер көбейе түсетін үрдісі бар тәуекел факторлары бойынша жүзеге асырылады.»; 23) 16-баптың 1-тармағындағы «авариялар туындау қаупін мейлінше азайту, олардың салдарынан болатын залал мен материалдық шығын мөлшерін кеміту» деген сөздер «қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерінің тәуекелін барынша азайту» деген сөздермен ауыстырылсын; 24) көрсетілген Заңға қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына қосымша»
Объект қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау тәртібі
1. Жазатайым оқиғалардың жиілік коэффиценті мына формула бойынша айқындалады: Жк= n / N, мұндағы: n - қауіпті объектіде бір жыл ішінде болған жазатайым оқиғалардың саны; N - қауіпті объектіде қызмет көрсететін персоналдың бір жыл ішіндегі орташа тізімдік саны. 2. Жазатайым оқиғалардың ауырлық коэффиценті мына формула бойынша айқындалады: Ак = n1 / N, мұндағы: n1 - бір жылда жол берілген барлық жазатайым оқиғалар бойынша зардап шеккендердің еңбекке жарамсыздық күндерінің саны. 3. Өлімге әкеп соққан жарақаттанудың жиілік коэффиценті мына формула бойынша айқындалады: Өк = n2 / N, мұндағы: n2 - өлімге әкеп соққан жағдайлардың бір жыл ішіндегі саны (жазатайым оқиғадан кейінгі бір жыл ішінде зардап шеккендердің өлімін есепке алғанда). 4. Кәсіптік ауру коэффициенті мына формула бойынша айқындалады: Ак = n3 / N, мұндағы: n3 - есепті жыл ішінде алғаш рет кәсіптік ауруы анықталған қызметкерлердің саны. 5. Негізгі қорлардың тозу коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |