Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекіту туралы (2010.02.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымы туралы» 2000 жылғы 6 шiлдедегi № 417 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже бекітілсiн. 2. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысының 1-тармағы 1-тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 жыл, № 15, 142-бап) күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2007.19.12 № 1241 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің ведомствосы - Штабтар бастықтары комитеті бар. 2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі мен өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Министрліктің, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттілік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қарулы Күштердің барлық жеке құрамы үшін міндетті күші бар бұйрықтар мен директивалар түрінде актілер шығарады. 5. Министрліктің штат саны лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 6. Министрліктің заңды мекенжайы: Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы. Арнайы экономикалық аймақ, 2-үй. 7. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі» мемлекеттік мекемесі. 8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 9. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
10. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізу; Қарулы Күштерді әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыру; агрессияға тойтарыс беру, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарумен қорғау, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету және қорғау, әуе кеңістігін қорғау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштерді әзірлікте ұстау. ҚР Үкіметінің 2010.02.02. № 58 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Министрлік өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады; Әскери доктринаны, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен дамуының тұжырымдамасын әзірлейді; Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің құрылымын, штат санын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі бекіткен Қарулы Күштер, Қорғаныс министрлігі және Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат саны лимитінің шегінде Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер бойынша штат санын белгілейді; мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізеді; елдің қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметін ұйымдастырады; Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектері мен арнаулы әскерлердің жедел мақсаттары мен міндеттерін, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің қарулы күштерімен өзара іс-қимыл жасай отырып олардың қолданылуын айқындайды; қорғаныс саласында ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және басқа жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады, олардың сапасына бақылауды ұйымдастырады; Қарулы Күштердегі әскерлерді инспекциялауды және қаржы қаражатының жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады; ведомстволық әскери оқу орындары мен әскери даярлықты жүзеге асыратын басқа да білім беру ұйымдарының қызметін және оқу-тәрбие жұмысының сапасына бақылауды жүзеге асырады; әскери қызметке шақырылуға дейінгі және шақырылатын жастардың әскери қызметке даярлығын үйлестіреді; қорғаныс өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады; халықаралық әскери ынтымақтастықты жүзеге асырады; Қарулы Күштерде заңдылық пен құқық тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады және әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персоналды әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауға қатысуын қамтамасыз етеді; келісім шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген офицерлер мен әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында даярлауға жәрдемдеседі; азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін бірлесіп пайдалану ауқымдарында радиожиілік спектрін бөлу мен пайдалануды келіседі, сондай-ақ мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігі мұқтаждарын қамтамасыз ету мақсатында радиожиілік спектрінің және тиісті радиоэлектрондық құралдардың пайдаланылуын реттеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтаждары үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде мемлекеттік құпияларды қорғауды ұйымдастырады; азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға қатысады; мемлекеттік авиация қызметі саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.02.02. № 58 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомствоға мынадай функциялар жүктелуі мүмкін: Қарулы Күштердің жауынгерлік және күнделікті қызметін жедел-стратегиялық жоспарлауды, оларды қолдануды және оған басшылық жасауды жүзеге асыру; Қарулы Күштер құрылысы мен дамуының және әскерлерді жұмылдыра өрістетудің жоспарларын әзірлеу, басқа әскерлер мен әскери құралымдар құрылысының жоспарларын әзірлеуді үйлестіру, олардың орындалуын бақылау; мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Қарулы Күштерді қолдану жоспарын әзірлеу, Қарулы Күштерді жұмылдыру жоспарын әзірлеуге қатысу; Қарулы Күштерді жауынгерлік және жұмылдыру даярлығында ұстау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін күзету мен қорғауды қамтамасыз ету; Қарулы Күштердің басқа да әскерлер мен әскери құралымдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ қорғаныс мүдделерінде ел аумағын жедел жабдықтау жоспарын әзірлеу; экономиканың, мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың жұмылдыру даярлығын ұйымдастыруға қатысу; аумақтық қорғаныс жоспарларын әзірлеуді үйлестіру, аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға қатысатын күштер мен құралдардың қолданылуын ұйымдастыру; Қарулы Күштерді мерзімді қызметтің әскери қызметшілерімен келісімшарт бойынша жасақтауды және азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу; Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың шет мемлекеттердің қарулы күштерімен бірге жедел қолданылуын және өзара іс-қимылының жоспарын әзірлеуге қатысу; кадрларды орналастыруды жүзеге асыру және әскери атақтар беру, Қорғаныс министрінің қарауына номенклатураға сәйкес қызметке тағайындау және әскери атақтар беру жөнінде ұсыныстар енгізу; Қарулы Күштерді қару-жарақтың, әскери техниканың қажетті түрлерімен, оқ-дәрі мен басқа да материалдық құралдармен қамтамасыз етуді, оларды пайдалануды, сақтауды, есепке алуды, есептен шығаруды және кәдеге жаратуды ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастыру, сондай-ақ бейбіт уақытта әскерлерді жұмылдыра өрістету үшін осы құралдардың қорларын жинақтауды және орналастыруды жоспарлау; Қарулы Күштерде әскери ғылымды дамыту бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу; жеке құрамның жоғары жауынгерлік және моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында әскерлерді моральдық-психологиялық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; әскерлер қызметіне байланысты экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органын, ал жергілікті әскери басқару органдары арқылы төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық, қалалық басқармаларды тиісті әзірлік деңгейіне келтіру туралы, сондай-ақ жұмылдыруды жариялау туралы құлақтандыру; Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары негізінде азаматтарды Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс жүйесіне міндетті әскери қызметке шақыруды жүргізу, әскери қызметшілерді запасқа шығару, тізімдегі құрамды оқу жиындарына шақыру, сондай-ақ жұмылдыру бойынша азаматтарды шақыру; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органын, оның аумақтық органдарын, Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарын әскерге шақырылатын құраммен және жұмылдыру ресурстарымен жасақтауды жүзеге асыру, офицерлерді запастан әскери қызметке шақыру (қабылдау); халық пен аумақтарды осы заманғы зақымдау құралдарын қолданудың зардаптарынан қорғау жөніндегі, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың зардаптарын жою жөніндегі міндеттерді шешу кезінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органымен өзара іс-қимыл жасау; Ішкі әскерлерді запастағы офицерлермен, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін және шақырылатын әскери қызметшілермен жасақтауды жүзеге асыру; Қарулы Күштерде заңдылық пен құқық тәртібінің сақталуын және әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персоналды әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету; мемлекеттік авиация қызметі саласындағы бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік авиациядағы әуе кемелері ұшуларының қауіпсіздігін қадағалауды жүзеге асыру.
13. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады. 14. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады. 15. Министрлік өзіне бекітіліп берілген әскери мақсаттағы мүлікке қатысты иелік ету және пайдалану құқықтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімдерінің негізінде билік ету құқықтарын жүзеге асырады. Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен мүлікті есептен шығаруды жүзеге асырады.
4. Қызметті ұйымдастыру мен жауапкершілік
16. Министрлік Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін дамыту және мемлекеттің қорғанысы жөніндегі міндеттерді орындауға даярлық үшін толық жауапты болады. 17. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметте босататын Министр басқарады. 18. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады. 19. Осы мақсатта Министр заңнамада белгіленген тәртіппен және өз құзыретінің шегінде: 1) өз орынбасарларының, Министрліктің және оның құрылымдық бөлімшелері лауазымды адамдарының, Қарулы Күштер түрлері, әскер тектері және өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды; 2) Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің құрылымын, штат санын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі бекіткен Қарулы Күштердің Министрліктің және оған ведомостволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиті шегінде Министрлікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санын белгілейді; 3) бекітілген штат санының лимиті шегінде Министрліктің және оның бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын айқындайды; 4) Министрліктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады; 5) барлық мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді; 6) Қарулы Күштер жауынгерлік әзірлігінің жай-күйін бақылауды жүзеге асырады; 7) Қазақстан Республикасының Президентіне Қарулы Күштердегі лауазымдарды алмастыру үшін белгіленген номенклатураға сәйкес және жоғары әскери атақтар беруге генералдар мен офицерлердің кандидатураларын ұсынады; 8) бұйрықтар мен директивалар шығарады; 9) Қазақстан Республикасының Президентіне Қарулы Күштердің құрылысы жөнінде ұсыныстарды, оларды қолдану, жұмылдыра өрістету мен қаржылай қамтамасыз ету жоспарларын бекітуге ұсынады; 10) өз өкілеттіктер шегінде әскери қызметшілерді қызметке тағайындайды, қызмет бойынша ауыстыру, әскери атақтар беру және одан айыру, сондай-ақ Қарулы Күштер қатарынан босату жөніндегі мәселелерді шешеді; 11) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы және аймақтық қолбасшылықтардың түрлерін, тектері мен әскерлерін басқару органдары туралы ережелерді бекітеді; 12) тапсырыстар көлемін бөлуді, қару-жарақтың, әскери техниканың, күрделі салымдар мен басқа да материалдық-техникалық жабдықтардың негізгі түрлерін сатып алуды, сондай-ақ Қарулы Күштердің түрлері, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар мен Министрліктің құрылымдық жабдықталым бөлімшелері бойынша бюджеттік қаржы бөлуді бекітеді; 13) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери киім нысандарын кию ережесін бекітеді; 14) Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға және құрметті атақтарын беруге ұсынады, көтермелейді, сондай-ақ оларға жаза қолданады; 15) азаматтардың шағымдарын, өтініштерін қарауды және Қарулы Күштер әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелерінің, зейнеткерлердің, қызметшілері мен қызметкерлерінің құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғауды ұйымдастырады; 16) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 20. Министрліктің алқасы бар. Алқаның санын және дербес құрамын, сондай-ақ ол туралы ережені Министр бекітеді.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
21. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
|