2010 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2010 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын. 2. «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 40) тармақшадағы «бөлу.» деген сөз «бөлу;» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 41-2) және 41-3) тармақшалармен толықтырылсын: «41) осы қаулыға 41-2-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке меншік кәсіпкерлікті қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 42) осы қаулыға 41-3-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу.»; төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне 2 656 661 мың теңге»; мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігіне 78 550 мың теңге»; жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтардағы «және ақпарат» деген сөздер алып тасталсын; 15-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15-2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2010 жылғы 30 мамырға дейінгі мерзімде: «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікке мемлекеттік қаржылай қолдау көрсету тәртібі шешімінің жобасын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|