|
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеудің негізгі шарттарын анықтау туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 117 Қаулысымен күші жойылды
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 175, 180, 188-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеудің негізгі шарттары қосымшаға сәйкес анықталсын. 2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесімен біріге отырып: 1) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру туралы кредиттік шарт жасасын; 2) кредиттік шартты тіркеуді, есепке алуды және мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К.Кемаловаға жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2010 жылғы 30 сәуірдегі № 151 қаулысына қосымша
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеудің негізгі шарттары
1. Кредит беру мақсаты - Шағын және орта бизнесті «Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамын кредиттеу», 519 - «Өзге де ішкі бюджеттік кредиттеу» бағдарламасы бойынша қаржыландыру. 2. Мыналар бюджеттік кредиттеуге қатысушылар болып табылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|