Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2004 қаулысына өзгерістер енгізу және Казақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Осы редакция 2010 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2004 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1-тармақта: шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсiн: Жұматаев Рүстем Нұркейұлы - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Транзиттiк саясат және сыртқы байланыстар департаментінің директоры, хатшы; Ахметов Темiрбай Біләлұлы - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі орталық iшкi iстер басқармасының бастығы; Қожамұратов Асылбек Әубәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринария департаментiнiң директоры; Сексенбеков Тілеужан Садықжанұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі халықаралық ұйымдар және қауiпсiздiк проблемалары басқармасының бастығы; Бейiсбеков Өмiрзақ Көбегенұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі кедендiк бақылауды ұйымдастыру басқармасының бастығы; Дайыров Мүсілiм Қабылбекұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Штаб бастықтары комитетi Арнайы әскерлер департаментiнiң бастығы; Байнақов Рахмет Ғазизұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу және халықаралық қаржы қатынастары департаментiнiң директоры; «Төлебаев Алмаз Қажыкенұлы - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Импорт алмастыру және сыртқы байланыстар департаментiнiң директоры, Әбдiреев Батырбек Сейтенұлы - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсiп салалары департаментінің директоры» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «Төлебаев Алмаз Қажыкенұлы - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Ядролық энергетика және сыртқы байланыстар департаментiнiң директоры, Әбдiреев Батырбек Сейтенұлы - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық даму комитетi төрағасының орынбасары»; көрсетілген құрамнан Мусина Гүлмира Рашитқызы, Полонский Александр Иванович, Мүсенова Галина Ақайқызы, Мыңжанов Марат Тұрсынайұлы, Маханов Нұрлан Зарлықұлы, Жалғасбаев Нұрлан Әдiлұлы, Исаев Мұсабек Исаұлы, Малғаждаров Алтай Байкенұлы, Дүйсекеев Мұқан Естайұлы, Әбділдина Ажар Сәкенқызы шығарылсын. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының әуе кемелерi ұшуының қауiпсiздiгi жағдайын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 18 қарашадағы № 1748 қаулысы; 2) «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 18 қарашадағы № 1748 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 23 қарашадағы № 1771 қаулысы. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
|