Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2010 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 наурыздағы № 346 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 10, 115-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру ережесінде 1-тармақтың 6) тармақшасындағы «отбасы істері және гендерлік» деген сөздер «әйелдер істері және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 мамырдағы № 555 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 14, 152-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесінде 15-тармақтың 1) тармақшасындағы «отбасы істері және гендерлік» деген сөздер «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) «Халықаралық гуманитарлық, құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1251 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 516-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында: «Нәубетова Рашида Аронқызы - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының бас инспекторы (келісім бойынша)» деген жол жаңа редакцияда жазылсын: «Нәубетова Рашида Аронқызы - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы хатшылығының консультанты (келісім бойынша)»; 4) «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1262 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында: «Нәубетова Рашида Аронқызы - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының бас инспекторы» деген сөздер жаңа редакцияда жазылсын: «Нәубетова Рашида Аронқызы - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының консультанты»; 5) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 ақпандағы № 138 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 61-құжат): кіріспедегі және 1, 2-тармақтардағы «отбасы істері және гендерлік» деген сөздер «әйелдер істері және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссия туралы үлгі ережеде: тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «отбасы істері және гендерлік» деген сөздер «әйелдер істері және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта: 3) тармақшада: «гендерлік жағдайды» деген сөздер «әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуалды» деген сөздермен ауыстырылсын; «гендерлік» деген сөзден кейін «және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен толықтырылсын; 5) тармақшада: үшінші абзацтағы «гендерлік теңдік», төртінші және бесінші абзацтардағы «гендерлік теңдікке» деген сөздер «әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің», «әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне» деген сөздермен ауыстырылсын; алтыншы абзацтағы «жүргізуге» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын: «демографиялық жағдайды жақсартуға;»; 6) тармақшада: «ерлердің, әйелдер мен балалардың» деген сөздер «халықтың» деген сөзбен ауыстырылсын; 7) тармақшада «отбасы және гендерлік теңдік» деген сөздер «жыныстар теңдігінің, отбасы және демография» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) тармақшада «гендерлік теңдіктің» деген сөздер «жыныстар теңдігінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта: 3) тармақшада «отбасы және гендерлік теңдік» деген сөздер «жыныстар теңдігі, отбасы және демография» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақшада «отбасы және гендерлік теңдік мүдделерін» деген сөздер «жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерін»; 6) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 сәуірдегі № 261 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 1, 6 және 16-жолдардағы «ОІГСҰК» деген аббревиатура «ӘІОДСҰК» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; ескертудегі «ОІГСҰК - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздер «ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) «Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 маусымдағы № 600 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 241-құжат): 2-тармақтағы «Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияға» деген сөздер «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 1, 2, 3, 4, 5, 7, 8, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 20, 21, 35, 37, 38, 40, 41 және 43-жолдардағы «ОІГСҰК» деген аббревиатура «ӘІОДСҰК» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; ескертудегі «ОІГСҰК - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздер «ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) «Халықаралық сараптамалық-консультативтік және грант көмегін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі қызметін үйлестіру мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 шілдедегі № 671 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық сараптамалық-консультативтік және грант көмегін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі қызметін үйлестіру мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның құрамында: «Нәубетова Рашида Аронқызы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және гендерлік саясат істері жөніндегі ұлттық комиссиясы хатшылығының бас инспекторы (келісім бойынша)» деген сөздер жаңа редакцияда жазылсын: «Нәубетова Рашида Аронқызы - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы хатшылығының консультанты (келісім бойынша)»; 9) «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі № 953 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірлері 1, 8, 12, 17, 25, 29, 34, 36, 45, 46-жолдардың 4-бағанда «ОІГСҰК» деген аббревиатура «ӘІОДСҰК» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; ескертудегі «ОІГСҰК - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы мәселелері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздер «ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) «Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 12, 140-құжат): Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірлері 13, 145, 146, 147-жолдардың 3-бағанында «ОІГСҰК» деген аббревиатура «ӘІОДСҰК» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; ескертпедегі «ОІГСҰК - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздер «ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысында: көрсетілген қаулыға Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамындағы: «Моисеева Нелли Яковлевна - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы хатшылығының бас сарапшысы» деген жол жаңа редакцияда жазылсын: «Моисеева Нелля Яковлевна - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы хатшылығының сарапшысы»; 12) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 354-құжат): Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында: 4-бөлімдегі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|