|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара
1-бап. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) басылымның міндетті тегін данасы - басып шығарушылардың Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында ұлттық кітапханаларға беруіне жататын, редакциялық-баспа өңдеуінен өткен, шығарылым деректері бар басылымның (мәтіндік, ноталық, электрондық, картографиялық, бейнелеу басылымының) данасы;»; мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын: «1-1) кинематографиялық ұйым - қызметінің негізгі түрлері фильм және (немесе) киношежіре шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильм шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми-зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді, фильмнің және (немесе) киношежіренің бастапқы материалдарын сақтау болып табылатын заңды тұлға; 1-2) киношежіре - уақыттың, орынның, мән-жайдың өзіндік (көбінесе өткен шақтағы) ерекшеліктерін сипаттайтын және келешекте фильм шығаруға арналған деректі сюжеттердің түсірілімдері; 1-3) көркем құндылықтар - шығармашылық қызмет нәтижесінде жасалған мәдениет, әдебиет және өнер туындылары;»; 2) тармақша «мәдениет» деген сөзден кейін «, әдебиет» деген сөзбен толықтырылсын; 11) тармақшадағы «мәдениет» деген сөз «мемлекеттік мәдениет» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2), 16-3), 16-4), 16-5) және 16-6) тармақшалармен толықтырылсын: «16-1) фильм - шығармашылық ниеттің негізінде кез келген нысанда және әртүрлі жанрда жасалған, кинотаспаға, магниттік таспаға немесе жеткізгіштердің өзге де түрлеріне жазылған және өзара реттілікпен байланысқан кадрларды біртұтас тақырыпқа біріктірген бейнеден, дыбыстық сүйемелдеуден тұратын және тиісті техникалық құралдардың көмегімен естіп-көруге арналған дыбыстау-бейнелеу туындысы; 16-2) Фильмдердің мемлекеттік қоры - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, ұлттық фильмдерді, бірлесіп түсірілген фильмдерді, сондай-ақ олардың бастапқы материалдарын сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға; 16-3) Фильмдердің мемлекеттік тізілімі - прокатталуы және көпшілікке көрсетілуі (демонстрациялануы) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын фильмдердің тізбесі; 16-4) фильмді прокаттау - көпшілікке көрсету (демонстрациялау), телевизия эфирінде (кәбілдік телевизияны қоспағанда) трансляциялау, жалға беру, сондай-ақ өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған тәсілмен фильмді тарату; 16-5) фильмнің таралымын көбейту - тарату мақсатында жеткізгіштің кез келген түрінде және түпнұсқа форматында фильмнің бір немесе одан көп көшірмесін (таралымын) дайындау; 16-6) фильм шығару - нәтижесінде дыбыстау-бейнелеу туындысы жасалатын автордың шығармашылық ниетін іске асыру үдерісі;»; 1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) мәдениетті мемлекеттік қолдау, Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау және дамыту; 2) Қазақстан Республикасы азаматтарының мәдениет саласындағы құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;»; 3), 7) және 8) тармақшалар алып тасталсын; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) мәдени қызмет субъектілері арасында бәсекелес ортаны қалыптастыру;»; мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын: «10) Қазақстан халқы мәдениетінің әлемдік мәдени кеңістікке кірігуін қамтамасыз ету болып табылады.»; 3) 4-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;»; 11) тармақша «жекелеген» деген сөзден кейін «кәсіби» деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын: «13) мәдениет ұйымдары желісінің ең төменгі мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын бекітеді; 4) тармақшаның бесінші абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 14) фильмге прокаттау куәлігін беру тәртібін бекітеді; 15) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) өз құзыреті шегінде мәдениет мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: «9-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен әдебиетті республикалық деңгейде басып шығаруды, сондай-ақ ұлттық фильмдер жасауды қалыптастырады, орналастырады және бақылайды;»; мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын: «10-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шығармашылық ұжымдарды Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ұсыныстар енгізеді;»; 12) тармақша «конкурстар» деген сөзден кейін «мен фестивальдер» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын: «12-1) республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік ережелерін әзірлейді және бекітеді;»; 16) тармақшадағы «ұйымдары қызметкерлерін» деген сөздер «ұйымдарын» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 31), 32), 33), 34), 35) және 36) тармақшалармен толықтырылсын: 5) тармақшаның он үшінші абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді «31) Фильмдердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді; 5) тармақшаның он төртінші абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 32) фильмдерге прокаттау куәліктерін береді және оларды сот тәртібімен кері қайтарып алады; 33) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізеді; 34) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізеді; 5) тармақшаның он жетінші абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 35) фильмнің индексін айқындау критерийлерін әзірлейді және бекітеді; 36) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»; тақырыптағы, бірінші абзацтағы, 2), 3), 5), 9) және 11) тармақшалардағы «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақша «қолдайды» деген сөзден кейін «және үйлестіреді» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;»; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;»; 8) тармақшадағы «облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) деңгейде» деген сөздер «облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық деңгейде» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) тармақшадағы «ұйымдарының қызметкерлерін» деген сөздер «ұйымдарын» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын: «10-1) уәкілетті органмен келісе отырып облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын тағайындайды;»; мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын: «14) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» мәртебесін береді.»; тақырыптағы, бірінші абзацтағы, 1), 3), 5) және 7) тармақшалардағы «(облыстық маңызы бар қаланың)» деген сөздер «, облыстық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақша алып тасталсын; 5) тармақшадағы «ұйымдары қызметкерлерін» деген сөздер «ұйымдарын» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: «9) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» мәртебесін береді.»; 8) 10-баптың 1-тармағының орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 9) 11-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) қазақ халқы мен этностық топтардың ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді құрметтеуге міндетті.»; 3-тармақтағы «, қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асыратын» деген сөздер алып тасталсын; 5-тармақтағы «(республикалық маңызы бар қала, астана)» деген сөздер «, республикалық маңызы бар қала және астана» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Республикалық шығармашылық одақтар мәдениет саласындағы мемлекеттік және салалық (секторлық) даму бағдарламаларын әзірлеуге тартылуы мүмкін. Өңірлік және жергілікті шығармашылық одақтар мәдениет саласындағы өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеуге тартылуы мүмкін.»; 11) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын: «20-1 бап. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттау 1. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттау олардың негізгі қызметінің тиімділігін бағалау және материалдық, еңбек және қаржы көздерін ұтымды пайдалану, осы негізде олардың желілері мен құрылымдарын ретке келтіру үшін жүргізіледі. 2. Барлық мемлекеттік мәдениет ұйымдары бес жылда бір рет аттестаттауға жатады. 3. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды уәкілетті орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізеді.»; 1-тармақта: бірінші бөлік «жекелеген» деген сөзден кейін «кәсіби» деген сөзбен толықтырылсын; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Ұлттық» мәртебені Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.»; 2-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тәртіппен «Академиялық» мәртебе беріледі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі «Академиялық» мәртебе береді» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларға беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қаланың кітапханаларына уәкілетті орган бекіткен тәртіппен «Орталық» мәртебесін береді.»; 13) 23-баптың 4-тармағындағы «Үкіметі белгілеген» деген сөздер «бюджет заңнамасында белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта: «мекеме» деген сөз «мәдениет ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын; орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қоры тек қана электронды жеткізгіштердегі құжаттардан тұратын кітапхана (электронды кітапхана) пайдаланушылармен жанама түрдегі (қашықтықта) немесе толық емес жанама түрдегі өзара іс-қимыл кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып қызмет көрсетуді жүзеге асырады.»; мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын: «2-1. Кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру сатып алу, кітап алмасу және сыйға тарту жолымен жүзеге асырылады. Ұлттық кітапханалардың кітапхана қоры басылымның міндетті тегін данасын алу жолымен де қалыптастырылады. 2-2. Басылымдардың міндетті тегін даналарын дайындалған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде басып шығарушы немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлға Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханаларына жібереді.»; 3-тармақ «әмбебап,» деген сөзден кейін «салалық, салааралық,» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақта: бірінші бөліктегі «мемлекеттік кітапхананың иелігінде қалуы мүмкін» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөлік алып тасталсын; мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Кітапханалар сирек және құнды басылымдарды беру кезінде салынған кепіл сомасын, кітапхана қорына пайдаланушылар келтірген залал өтемақысының түрлері мен мөлшерін белгілеуге құқылы. Мемлекеттік кітапханалар кітапхана қорына келтірілген залал үшін алынған өтемақы сомаларын тиісті бюджетке аударады.»; 5-тармақ «кітапхана қорларын» деген сөздерден кейін «қалыптастырумен,» деген сөзбен толықтырылсын; 2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын; 4-тармақта: бірінші бөліктегі «мемлекеттік мұражайлардың және мұражай-қорықтардың иелігінде қалуы мүмкін» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөлік алып тасталсын; 6-тармақтағы «Үкіметі белгілеген» деген сөздер «бюджет заңнамасында белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Кинематография - фильмді жасауға, сақтауға, прокаттауға және көрсетуге бағытталған шығармашылық, ғылыми, өндірістік, білім беру қызметі түрлерін біріктіретін мәдениет саласы.»; 2-тармақта: бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2. Кинематографиядағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары: 1) киношежіре мен ұлттық, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдер жасау;»; 2) тармақшадағы «сақтауға және дамытуға» деген сөздер - «сақтау және дамыту» деген сөздермен; 3) тармақшадағы «фильмдер өндірісіне, таралымына және прокатына басым жағдайлар жасауға» деген сөздер - «фильмдерді шығаруға, олардың таралымын көбейтуге және прокаттауға басым жағдайлар жасау» деген сөздермен; 4) тармақшадағы «өткізуге» деген сөз - «өткізу» деген сөзбен; 5) тармақшадағы «қатысуға және өкілдік етуге бағытталған» деген сөздер «қатысу және өкілдік ету болып табылады» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасындағы кино өндірісінің негізін кинематографиялық ұйымдар құрайды.»; 17) мынадай мазмұндағы 28-1, 28-2, 28-3, 28-4, 28-5 және 28-6-баптармен толықтырылсын: «28-1-бап. Ұлттық фильм 1. Фильм мынадай негіздердің жиынтығына сәйкес келсе: 1) егер фильм жоғары көркемдік деңгейде жасалып, халықтың рухани қажеттіктерін қанағаттандыруға қабілетті болса, мемлекеттік мүдделерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасын кино өнері арқылы әлемдік аренада танып-білуге қызмет ететін болса; 2) фильмдерді шығару, тарату және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) кезінде смета бойынша жұмыстардың жалпы көлемінің кемінде жетпіс процентін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кинематографиялық ұйымдар жүзеге асыратын болса; 3) Қазақстан Республикасының азаматы және (немесе) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға фильмнің продюсерлері болып табылса; 4) фильм түсіретін топтың құрамына кіретіндердің (режиссерлер, операторлар, дыбыс операторлары, киім суретшілері, монтаждаушылар, басты рөлдерді орындайтын актерлер) отыз пайыздан аспайтыны Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдар болса; 5) фильм шығарудағы шетелдік инвестициялар фильмнің сметалық құнының отыз процентінен аспаса; 6) фильмді шығару ішінара немесе толығымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылса, ұлттық деп танылады. 2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес шетелдік кинематографиялық ұйымдармен бірлесіп түсірілген фильм ұлттық деп танылуы мүмкін. 3. Фильмді ұлттық деп тану тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 17) тармақшаның он екінші - қырық үшінші абзацтар 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 28-2-бап. Фильмге прокаттау куәлігін беру 1. Қазақстан Республикасында шығарылған, сондай-ақ фильмге прокаттау куәлігін алу мақсатында Қазақстан Республикасына прокаттау және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) үшін әкелінген (жеткізілген) фильмдер, фестивальдерде, семинарларда, ретроспективада және басқа да іc-шараларда демонстрациялау үшін әкелінетін (жеткізілетін) фильмдерді қоспағанда, Фильмдердің мемлекеттік тізілімінде тіркеледі. Бұл талап бұрынғы КСРО-ның кинематографиялық ұйымдары шығарған фильмдерге қолданылмайды. Фильмге прокаттау куәлігі - фильм туралы техникалық мәліметтер, фильмнің жасаушылары, индексі мен жанры туралы ақпарат көрсетілетін, оны прокаттауға негіз болатын құжат. 2. Фильмге прокаттау куәлігін беруді уәкілетті орган өзі бекіткен нысан бойынша жүзеге асырады. 3. Фильмге прокаттау куәлігін алу үшін өтініш беруші: 1) уәкілетті орган басшысының атына өтінішті; 2) өтініш берушінің фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттарды; шет тіліндегі құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі; 3) фильмнің аннотациясын; 4) отандық немесе бірлесіп түсірілген фильмдерде пайдаланылатын туындылар туралы мәліметтерді ұсынуы қажет. 4. Фильмге прокаттау куәлігін алуға өтініш түскен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарауға жатады. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган өтініш берушіге фильмді прокаттау куәлігін береді. 5. Уәкілетті орган өтініш берушіге фильмді прокаттау куәлігін беруден мынадай негіздер бойынша: 1) өтініш беруші дәйексіз немесе бұрмаланған ақпарат берсе; 2) өтініш беруші осы баптың 3-тармағының талаптарына сай келмейтін құжаттарды табыс етсе; 3) фильмнің мазмұны Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, ұлттық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған жағдайда, бас тартуы мүмкін. 6. Фильмге прокаттау куәлігін беру үшін бұдан бұрын негіз болған фильм туралы ақпараттың дәйексіздігі және (немесе) бұрмаланғандығы анықталған жағдайда, уәкілетті орган фильмді прокаттау куәлігін сот тәртібімен кері қайтарып алуға құқылы. 28-3-бап. Фильмдердің индекстері 1. Қазақстан Республикасында шығарылған барлық фильмдер мен Қазақстан Республикасының аумағына прокаттау және көпшілікке демонстрациялау мақсатымен әкелінетін (жеткізілетін) фильмдер көрермендердің жас шегіне қарай индекстеледі. Фильмдердің мынадай индекстері белгіленеді: 1) «К» - әртүрлі жастағы көрермендерге арналған фильмдер; 2) «БА» - он екі жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берілген фильмдер; 3) «Б14» - он төрт жасқа дейінгі балаларға ата-аналарымен бірге көруге ұсынылатын фильмдер; 4) «Е16» - он алты жасқа дейінгі көрермендерге ата-аналарымен бірге көруге ұсынылатын фильмдер; 5) «Е18» - он сегіз жастан асқан көрермендерге арналған фильмдер; 6) «НА» - жиырма бір жасқа толған көрермендерге ғана арналған фильмдер. 2. «НА» индексі бар фильмді көпшілікке көрсетуге (демонстрациялауға) кинозалдарда және осы мақсаттар үшін көзделген өзге де орындарда жергілікті уақытпен сағат 22-ден таңғы сағат 6-ға дейін жол беріледі. Телевизия арқылы (кәбілдік телевизияны қоспағанда) «Е18» индексі бар фильмді - жергілікті уақытпен сағат 22-ден таңғы сағат 6-ға дейін, «НА» индексі бар фильмді жергілікті уақытпен сағат нөлден таңғы сағат 6-ға дейін көрсетуге жол беріледі. 3. Фильмге прокаттау куәлігін алған тұлға көрерменді фильмнің индексі туралы хабардар етуге міндетті. 4. Фильмнің индексі туралы ақпарат уәкілетті орган бекіткен стандарттарға сәйкес көрсетілуге және тұтынушылар үшін қолжетімді болуға тиіс. 28-4-бап. Фильмдерді прокаттау тілі 1. Қазақстан Республикасының аумағында барлық фильмді прокаттау қазақ тілінде және басқа да тілдерде жүзеге асырылады. 2. Ұлттық фильмдерді прокаттау қазақ тілінде және қажеттігіне қарай басқа да тілдерде жүзеге асырылуға тиіс. 3. Прокаттау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (жеткізілетін) барлық фильмге 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақ тілінде дубляж жасалуға тиіс. 28-5-бап. Фильмдердің түрлері 1. Фильмдер түрлері бойынша мыналарға бөлінеді: 1) анимациялық фильм - графикалық әдістерді және бейнелеу өнері тәсілдерін, сондай-ақ компьютерлік графика мүмкіндіктерін пайдалану жолымен қимылдар мен көріністер жандандырыла отырып жасалатын фильм; 2) деректі фильм - режиссер операторлық өнер, монтаждық құрау құралдарымен және басқа да құралдармен түсіндіретін өзекті оқиғалар, шындық фактілері жинақталып көрсетілген сценарий желісінің негізінде жасалатын фильм; 3) ойын фильмі - сценарийдің негізінде жасалатын және актер ойыны, режиссура, операторлық өнер, қоюшы-суретшінің, композитордың және кинематография саласындағы басқа да қатынас субъектілерінің шығармашылығы құралдарымен іске асырылатын фильм; 4) хроникалы фильм - өзекті оқиғалар мен шындық фактілері көрсетілген фильм. 2. Бейнелеуді көрсету тәсілдері бойынша фильмдер кинофильмдерге, телевизиялық фильмдерге және бейнефильмдерге бөлінеді. 3. Ұзақтығы алпыс минуттан кем емес фильм толық метражды болып табылады, ұзақтығы алпыс минутқа жетпейтін фильм қысқа метражды фильм болып табылады. 28-6-бап. Фильмдердің және киношежіренің бастапқы материалдарын сақтау 1. Мемлекет ұлттық фильмдерді, бірлесіп түсірілген фильмдерді және киношежірені, оның ішінде ұлттық мәдени игіліктің ажырамас бөлігі ретінде ұлттық фильмдердің және киношежіренің бастапқы материалдарын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. 2. Ұлттық фильмдердің бастапқы материалдары Фильмдердің мемлекеттік қорына тұрақты сақтауға беріледі. 3. Қазақстан Республикасының аумағына көшірмесін жасау, таралымын көбейту, прокаттау және көрсету үшін әкелінетін (жеткізілетін) бірлесіп түсірілген фильмдердің бастапқы материалдары да Фильмдердің мемлекеттік қорына тұрақты сақтауға беріледі. 4. Фильмдердің мемлекеттік қоры ұлттық фильмдердің, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (жеткізілетін) бірлесіп түсірілген фильмдердің бастапқы материалдарын сақтау кезінде фильмдердің бастапқы материалдарына олардың құқық иелерінің еркін және өтеусіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді. 5. Киношежіренің бастапқы материалдары Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының орталық мемлекеттік мұрағатына тұрақты сақтауға беріледі, ол киношежіренің бастапқы материалдарына олардың құқық иелерінің еркін және өтеусіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді. 6. Негатив, контратип, бейне негативі, фонограмма негативі, эталонды көшірме, қондыру роликтері, паспорттары мен олардың жазбалары, фильмнің бақылау көшірмесі, қайта жазбалардың, музыканың, шулардың магнитті фонограммаларының түпнұсқасы, бейнефонограмма-мастер, компакт-диск және фильмнің кез келген материалдық нысандағы таралымын көбейту үшін қажетті өзге де материалдар фильмнің және киношежіренің бастапқы материалдарына жатады.»; 18) 31-баптың 2-тармағындағы «Мемлекеттік емес мәдениет ұйымдарын қаржыландыру,» деген сөздер «Мемлекеттік мәдениет мекемелерін қоспағанда, мәдениет ұйымдарын қаржыландыру» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақшадағы «археологиялық олжалар» деген сөздер «археологиялық ескерткіштер, археологиялық олжалар» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) ғылым мен техника тарихын, соғыстар мен қоғам тарихын, ұлттық мәдениет тарихын қоса алғанда, тарихқа қатысты, сондай-ақ ұлттық ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің, ойшылдардың, ғалымдардың, ақын-жазушылар мен әртістердің өмірімен және ірі ұлттық оқиғалармен байланысты құндылықтар;»; 5) тармақша «коллекциялардағы» деген сөзден кейін «елу немесе одан көп жыл бұрын шығарылған» деген сөздермен толықтырылсын; 20) 33-баптың 2-тармағындағы «жаңа» деген сөз алып тасталсын; 21) 38-баптың 2-тармағындағы «бірлестіктерге кіруге құқығы» деген сөздер «бірлестіктерге кіруге» деген сөздермен ауыстырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |