Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2008.24.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2010 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 25 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген бөлімдегі реттік нөмірлері 45, 46, 47-жолдар алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 104-1-жол алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті" деген бөлімдегі реттік нөмірі 109-23-жол алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 461-5-жол алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" деген бөлімдегі реттік нөмірі 466-5-жол алынып тасталсын. 2. "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 45, 230-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы "Оқжетпес" санаторийі Көкшетау облысы, Бурабай поселкесі" деген жол алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Оқжетпес" санаторийі" АҚ". 3. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік yлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен yлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: "Ақмола облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-9-жолмен толықтырылсын: "13-9 "Оқжетпес" санаторийі АҚ"; "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-67, 21-68, 21-69-жолдармен толықтырылсын: "21-67 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Сақшы-На страже" ЖШС 21-68 "Өрт сөндіруші" АҚ 21-69 "Өндірістік-пайдалану кәсіпорны" ЖШС"; "Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-101-жолмен толықтырылсын: "123-101 "Алматы протездік-ортопедиялық орталығы" АҚ"; "Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 165-11-жолмен толықтырылсын: "165-11 "Семей протездік-ортопедиялық орталығы" АҚ"; "Солтүстік Қазақстан облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 280-4-жолмен толықтырылсын: "280-4 "Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы" АҚ". 4. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік yлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде: "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-4-жолмен толықтырылсын: "20-4 "Өндірістік-пайдалану кәсіпорны" ЖШС"; "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы 217-9-жолмен толықтырылсын: "217-9 АЛА-005430 "Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" АҚ"; "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 238-9-жолмен толықтырылсын: "238-9 "Оқжетпес" санаторий" АҚ"; "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 266-5-жолмен толықтырылсын: "266-6 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Сақшы-На страже" ЖШС"; "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 279-2, 279-3, 279-4-жолдармен толықтырылсын: "279-2 "Алматы протездік-ортопедиялық орталығы" АҚ 279-3 "Семей протездік-ортопедиялық орталығы" АҚ 279-4 "Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы" АҚ"; мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетіне" 296 "Өрт сөндіруші" АҚ". 5. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 38, 515-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімдегі реттік нөмірі 8-жол алынып тасталсын. 6. ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: мына: "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Алматы протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында); Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Семей протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында); "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Петропавл протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Алматы протездік-ортопедиялық орталығы" акционерлік қоғамы; "Семей протездік-ортопедиялық орталығы" акционерлік қоғамы; "Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы" акционерлік қоғамы". |