Осы редакция 2010 жылғы 13 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген
Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі
1. Осы Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тәртібін анықтайды. 2. Үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын және кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі. 3. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 1) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау - бұл кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес, оқу кестесіне сай ағымдағы оқытушының дәріс барысында білім алушылардың білімін жүйелі түрде тексеру; 2) білім алушыларды аралық аттестаттау - бағдарламаға сәйкес, оқытылып біткен оқу пәнінің мазмұнын білім алушылардың игеру мақсатында өткізілетін рәсім; 3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім; 4) транскрипт - әріппен және санмен көрсетілген кредиттер мен бағалар көрсетіле отырып, тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар белгіленген нысандағы құжат.
2. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|