Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін
Ақтау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 605 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 «Сауда қызметін реттеу туралы», 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 592 «Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімінен молықтыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын орындау мақсатында, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 1 қосымшаға сәйкес Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда нүктелері белгіленсін. 2. Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі (А.Ш. Ержанов) маусымдық сипаттағы азық-түлік өнімдерін сату үшін тиісті шаралар қолданып, кәсіпкерлердің арасында жеміс-көкөніс өнімдерін жергілікті базарларға және сауда алаңдарына жеткізуді ұлғайтуға және қол жетімділікті кеңейтуге ықпал ететін қажетті түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырсын. 3. Ақтау қаласы әкімдігінің 2009 жылдың 19 маусымдағы № 685 «Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда нүктелерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-109 болып тіркелген, 2009 жылғы 2 шілдедегі № 107-108 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Н. Молдағұловқа жүктелсін. 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|