Қазақстан Республикасының Президентi туралы (2007.19.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
I тарау Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесi (1 - 6 баптар) II тарау Қазақстан Республикасы Президентінің өкiлеттiгi (7 - 19 баптар) III тарау Қазақстан Республикасы Президентінің актілері (20 - 25 баптар) IV тарау Республика Президентiн қызметiнен мерзiмiнен (26 - 27 баптар) бұрын босату, кетiру V тарау Қазақстан Республикасы Президентінің қызметiн (28 - 33 баптар) қамтамасыз ету VI тарау Қазақстан Республикасының бұрынғы Президенттерi (34 - 36 баптар) VII тарау Қорытынды ережелер (37 - 38 баптар) ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен тақырып пен кіріспе жаңа редакцияда Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық жағдайын белгiлейдi. Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесi 1-бап. Республика Президентi 1. Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. 2. Республика Президентi - халық пен мемлекеттік билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi. 3. Республика Президентi мемлекеттік билiктiң барлық тармағының келісіп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. 4. Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi. 5. Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентінің абыройы мен қадр-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады. ҚР Қылмыстық кодексi қараңыз 2-бап. Республика Президентiн сайлау Республика Президентiн сайлау конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады. ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 3-бап өзгертілді 3-бап. Республика Президентінің қызметiне кiрiсуi 1. Республика Президентi: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. Республика Президентi анттың мәтiнiн мемлекеттік тiлде айтады. 2. Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың барлық бұрынғы Президенттерiнiң қатысуымен өткiзiледi. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика Президентінің өкiлеттiгiн қабылдаған күннен бастап бiр айдың iшiнде ант бередi. 3. Республика Президентi Республика Конституциясына ант етедi. Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнi орындалады. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Президентке Қазақстан Республикасы Президентінің куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және "Алтын қыран" орденiн тапсырады. 4. Егер бiр тұлға Республика Президентi болып екiншi өкiлеттiк мерзiмiне сайланған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің омырауға тағатын белгiсi, байрағы және "Алтын Қыран" орденi оған қайталап тапсырылмайды. ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 ; 2007.19.06. № 265-III (бұр.ред.қара) Конституциялық заңдарымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Республика Президентінің өкiлеттiк мерзiмi 1. Республика Президенті бес жыл мерзімге сайланады. Бесжылдық өкілеттік мерзімі 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Республика Президентінің жеті жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өткізілетін президенттік сайлау қорытындысы бойынша Республика Президенті болып сайланған адамға қолданылатын болады. 2. Республика Президентінің өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен сәттен бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. 4. Бiр тұлға қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды. 5-бап. Республика Президентi лауазымында болуға байланысты шектеулер 1. Республика Президентінің өкiлдi органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетiн қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға хақы жоқ. 2. ҚР 2007.19.06 № 265-III Конституциялық заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6-бап. Республика Президентінің айырым белгiлерi 1. Республика Президентінің айырым белгiлерi - Қазақстан Республикасы Президентінің омырауға тағатын белгiсi мен байрағы болады. 2. Омырауға тағатын белгiнiң сипаттамасын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды. Байрақтың сипаттамасын, омырауға тағатын белгi мен байрақты ресми пайдалану тәртібін Республика Президентi белгiлейдi. 3. Республика Президентi қызметi бойынша "Алтын Қыран" орденiнiң иесi болып табылады. 4. "Алтын Қыран" орденiнiң сипаттамасы, аталған ордендi берудiң негiздерi мен тәртібі Республика заңдарымен белгiленедi. Қазақстан Республикасы Президентінің өкiлеттiгi ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Республика Президентінің сыртқы саясаттағы өкiлеттiгi 1. Республика Президентi: 1) келiссөздер жүргiзедi және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды; 2) келiссөздер жүргiзуге және Республиканың мемлекетаралық шарттарына қол қоюға өкiлеттiк бередi; 4) бекіту грамоталарына қол қояды; 5) Республика жасасқан, бекітуге жатпайтын халықаралық шарттардың күшiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды; 6) Парламентке Республика жасасқан халықаралық шарттарды денонсациялау туралы ұсыныс енгiзедi. 2. Республика Президентi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды және керi шақырып алады. 3. Республика Президентi өзiнiң жанында тiркелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және өзге де өкiлдерiнiң сенiм грамоталары мен керi шақырып алу грамоталарын қабылдайды. ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 8-бап өзгертілді 8-бап. Республика Президентінің мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi Республика Президентi: 1) Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы күштердiң жоғары қолбасшылық құрамын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады: 2) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қатер төнген әрi мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламентi Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялар алысқаннан кейiн, бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкiл аумағында және оның жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгізудi, Республиканың Қарулы Күштерiн қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететiн шараларды қолданады; 3) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей қатер төнген ретте Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде әскери жағдай енгiзедi, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлайды; 4) Парламент Палаталарының бiрлескен отырысының қарауына Республика Қарулы Күштерiн бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөніндегі халықаралық мiндеттемелердi орындау үшiн пайдалану туралы ұсыныс енгiзедi; 5) өзiне бағынысты Республика Президентінің Күзет қызметiн және Республикалық ұланды жасақтайды; 6) Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекiтедi; 7) Республика азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру және мерзiмдi әскери қызметтiң қызметшiлерiн запасқа шығару туралы шешiм қабылдайды; 8) Парламент Сенатының келісімiмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасын қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады.
ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен;2006.11.12 № 200-III (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 265-III (бұр.ред.қара) Конституциялық заңдарымен 9-бап өзгертілді 9-бап. Республика Президентінің Парламентке және оның Палатасына қатысты өкiлеттiгi Республика Президентi: 1) Парламентке кезектi және кезектен тыс сайлау тағайындайды; 2) Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын тағайындайды. Сенаттың тағайындалатын мүшелері өкілеттіктерінен айырылған немесе олардың өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда бір ай мерзімде шығып қалғандардың орнына Сенат депутаттарын тағайындайды; 3) сайлау нәтижелерi жариялаған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей Парламенттiң бiрiншi сессиясын шақырады; 4) Парламент депутаттарының Қазақстан халқына беретiн антын қабылдайды; 5) Парламент сенатының Төрағасы лауазымына кандидатура ұсынады; 6) әдетте, Парламент сессияларын ашады; 7) Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде өз бастамасымен, палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады, онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады; 8) Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; егер Парламент Конституцияның 54-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, бір ай ішінде заңға қол қояды; 9) Парламенттiң қарауына Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы жоба беруге хақылы; 9-1) заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісінің қарауына заңнамалық актілер жобаларын өзінің арнайы жолдауымен енгізеді; 10) заң жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге, сондай-ақ заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялауға, яғни Парламенттiң осы жобаны оның енгiзiлген күнiнен бастап бiр ай iшiнде қарауға мiндеттi екендiгiн бiлдiретiн ұсыныс енгізуге құқығы бар. Осы талапты Парламент орындамаған жағдайда Республика Президентi Заң күшi бар, Конституцияда белгiленген тәртiппен Парламент жаңа Заң қабылданғанға дейiн күшi болатын жарлық шығаруға хақылы; 11) Парламент Палаталарының кез келген бiрлескен отырыстарына немесе оның Палаталарының бөлек отырыстарына қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар; 12) Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда Сенат немесе Мәжіліс Конституцияда көзделген тәртiппен қабылдаған Парламент Сенатының немесе Мәжілісiнiң оны қызметiнен босату жайындағы өтiнiшiн қарайды, сондай-ақ Парламенттiң тиiстi Палатасы Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен Республика Президентiне Yкiметтiң осы мүшесiн қызметiнен босату туралы алғаш өтiнiш берген күннен бастап алты ай өткен соң ол туралы қайталап мәселе қойса, Yкіметтiң ол мүшесiн қызметiнен босатады; 13) Конституцияда көзделген тәртіппен Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады.
ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 10-бап толықтырылды ; ҚР 2007.19.06. № 265-III Конституциялық заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 10-бап. Республика Президентінің Үкiметке қатысты өкiлеттiгi Республика Президентi: 1) Парламент Мәжілісінің келісімiмен Республиканың Премьер-Министрiн қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; 2) Премьер-Министрді тағайындағаннан кейінгі он күн мерзім ішінде оның енгізген ұсынысы бойынша Үкімет құрылымын айқындайды, Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; 3) Үкiмет мүшелерiнiң антын қабылдайды; 4) жүйелi түрде Премьер-Министрдiң үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары туралы және оның барлық маңызды шешiмдерi туралы баяндамасын тыңдайды, оның барысында Премьер-Министр Үкiмет жұмысы туралы есеп бередi; 5) Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша Республиканың мемлекеттік бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдар үшiн қаржыландыру мен қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекiтедi; 6) аса маңызды мәселелер бойынша Үкiмет отырыстарына төрағалық етедi; 7) Үкiметке Парламент Мәжілісiне заң жобасын енгізудi тапсырады; 8) Республика Үкіметі мен Премьер-Министрі актілерінiң күшiн жояды не толық немесе iшiнара тоқтата тұрады; 9) егер Үкiмет пен оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi жүзеге асыруы мүмкiн емес деп санаса, немесе егер Парламент Мәжілісі не Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрсе, олар мәлiмдеген орнынан түсуi туралы, сондай-ақ Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшесi мәлiмдеген орнынан түсуi туралы шешiмдi қабылдайды; 10) Үкiмет немесе оның кез келген мүшесi мәлiмдеген орнынан түсудi он күн мерзiм iшінде қабылдайды немесе қабылдамай тастайды; 11) Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуiн қабылдамай тастаған ретте оларға өз мiндетiн одан әрi жүзеге асыруды тапсырады; 12) өз бастамасы бойынша Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату, Премьер-Министр мен Үкiметтiң кез келген мүшесiн қызметтен босату туралы шешiм қабылдауға хақылы; 13) өз актілерімен Үкiметке Республика Конституциясы мен заңдарында белгiленгеннен басқа атқару мiндеттерiн жүзеге асыруды жүктеуге хақылы; 14) Республика Үкіметіне заң шығару тапсырмаларын бередi.
11-бап. Республика Президентінің Конституциялық Кеңеске қатысты өкiлеттiгi Республика Президентi: 1) Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен екi мүшесiн қызметке тағайындайды, конституциялық заңға сәйкес оларды мерзiмiнен бұрын қызметтен босатуға хақылы; 2) Республика Конституциясының 72-бабында көзделген жағдайларда Конституциялық Кеңеске өтiнiш білдіредi; 3) Конституциялық Кеңестiң шешiмiне толық немесе оның бiр бөлiгiнде қарсылықтар енгiзедi.
ҚР 2007.19.06. № 265-III Конституциялық заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12-бап. Республика Президентінің соттарға және судьяларға қатысты өкілеттіктері Республика Президенті: 1) Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесін негізге ала отырып, Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын қызметке сайлау және қызметтен босату үшін Парламент Сенатына ұсынады; 2) Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
13-бап. Республика Президентінің прокуратура органдарына қатысты өкiлеттiгi Республика Президентi: 1) Парламент Сенатының келісімiмен Республиканың Бас Прокурорын бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады. 2) Бас Прокурордың ұсынысы бойынша Республика Бас Прокурорының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) әр тоқсанда кемiнде бiр рет Бас Прокурордың елдегi заңдылықтың жай-күйi туралы есебiн тыңдайды. ҚР 2007.19.06. № 265-III Конституциялық заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 14-бап. Республика Президентінің Орталық сайлау комиссиясына қатысты өкiлеттiгi Республика Президентi: 1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін тағайындайды; 2) Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженi бекiтедi; 3) Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының тағайындалған республикалық референдумға, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға әзiрлiк барысы туралы және референдум мен сайлау нәтижелерi жөніндегі хабарламасын тыңдайды. ҚР 2007.19.06. № 265-III Конституциялық заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 15-бап. Республика Президентінің Ұлттық Банкке қатысты өкiлеттiгi Республика Президентi: 1) Парламент Сенатының келісімiмен Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; 2) Ұлттық Банк Төрағасының ұсынысы бойынша Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) әр тоқсанда кемiнде бiр рет Ұлттық Банк Төрағасының Республика Ұлттық Банкінің жұмысы туралы есебiн тыңдайды. ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 16-бап өзгертілді 16-бап. Республика Президентінің Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiне қатысты өкiлеттiгi Республика Президентi: 1) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды, оларды қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатуға хақылы; 2) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы Ереженi бекiтедi; 3) әр тоқсанда кемiнде бiр рет Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi Төрағасының Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң жұмысы туралы хабарламасын тыңдайды. ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 17-бап толықтырылды; ҚР 2007.19.06. № 265-III Конституциялық заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 17-бап. Республика Президентінің әкiмдерге қатысты өкiлеттiгi Республика Президентi: 1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының әкімдерін қызметке тиісінше облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының келісімімен тағайындайды; 2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкiмдерi актілерінiң күшiн жояды не толық немесе iшiнара тоқтата тұрады; 3) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша әкiмдерге тапсырмалар бередi және олардың орындалуы жөнiнде әкiмдердiң есебiн тыңдайды; 4) өз қалауы бойынша әкiмдердi қызметiнен босатуға, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының әкiмдерiне тиiстi мәслихаттар өз депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен сенiмсiздiк бiлдiрген жағдайда, оларды қызметтерiнен босатуға хақылы. 4-1) аудандардың, қалалардың (астана мен республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда), қалалардағы аудандардың, ауылдық (селолық) округтердiң, ауылдардың, селолардың (поселкелердiң) әкiмдерiн тағайындаудың немесе сайлаудың тәртібін белгiлейдi. ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 17-1-баппен толықтырылды 17-1-бап. Республика Президентінің өзiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдарға қатысты өкiлеттiгi 1. Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар басшыларының өкiлеттiгi жаңадан сайланған Президент қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады. Бұл орайда олар Мемлекет басшысы осы органдардың басшыларын тағайындағанға дейiн өз мiндеттерiн атқара бередi. 2. Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар басшыларының ұсынуы бойынша Республика Президентi: 1) осы мемлекеттік органдар туралы ережелердi, олардың құрылымы мен жалпы штат санын бекiтедi; 2) егер Республика Президентi өзгеше белгiлемесе, Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн органдар басшыларының орынбасарларын, осы органдар ведомстволарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) аталған мемлекеттік органдардың ведомстволарын құрады, таратады және қайта ұйымдастырады. Егер Республика Президентi өзгеше белгiлемесе, бұл ведомстволар орталық атқарушы органдардың ведомстволары үшiн көзделген мәртебенi иеленедi. 3. Республика Президентi өзi белгiлейтiн тәртiп пен мерзiмде Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар басшыларының аталған органдардың жұмысы туралы есептерiн тыңдайды. ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 18-бап толықтырылды 18-бап. Республика Президентінің республикалық референдумға қатысты өкiлеттiгi 1. Республика Президентi конституциялық заңға сәйкес өз бастамасы бойынша, Парламенттiң, Үкiметтiң немесе сан жағынан облыстардың, Республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың бәрiн бiрдей дәрежеде бiлдiретiн Республиканың сайлау құқығы бар кем дегенде екi жүз мың азаматының бастамасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы шешiм қабылдайды. 2. Республика Президентi Парламенттiң, Үкiметтiң немесе Республика азаматтарының референдум өткізу туралы бастамасы бойынша мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды: 1) референдум өткізу туралы; 2) референдум өткiзбей-ақ, оның мәнi ретiнде ұсынылып отырған мәселе жөнiнде Республика Конституциясына, конституциялық заңына, заңына өзгертулер мен толықтыруларды немесе өзге шешiмдi қабылдау қажеттiгi туралы; 3) референдум өткізу туралы ұсынысты қабылдамай тастау туралы. Егер Республика Президентi Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Парламенттiң ұсынысын қабылдамай тастаса, Парламент Палаталарының әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемiнде бестен төртiнiң көпшiлiк дауысымен Парламент Конституцияға осы өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы заң қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда Республика Президентi бұл заңға қол қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады. 3. Референдум бастамашыларының келісімiмен Республика Президентi оны өткiзгенге дейiн оның бастамашыларының өз еркiн неғұрлым анық бiлдiруi үшiн референдумға ұсынылатын мәселенiң (мәселелердiң) тұжырымын нақтылауға хақылы. ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 ; 2007.19.06. № 265-III (бұр.ред.қара) Конституциялық заңдарымен 19-бап өзгертілді 19-бап. Республика Президентінің өзге де өкiлеттiгi Республика Президентi: 1) жыл сайын Қазақстан халқына елдегi жағдай және Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы ауызша не жазбаша жолдау арнайды. Егер арнау Парламент сессияда жария етiлсе, ол талқыланбайды, ол бойынша сұрақ қойылмайды; 2) стратегиялық жоспарларды, республикалық бюджеттi және оның орындалуы туралы есептi әзiрлеу тәртібін белгiлейдi, мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларды бекiтедi; 3) Республиканың мемлекеттік наградаларымен марапаттайды және құрметтi, жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендердi, дипломатиялық дәрежелердi, біліктiлiк сыныптарын бередi; аталған наградалардан, атақтардан, шендерден, дәрежелер мен сыныптардан айырады; 4) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оны сақтау және одан шығу, Республика азаматтығын қалпына келтiру туралы шешiм қабылдайды; 5) саяси баспана беру мәселелерiн шешедi; 6) азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асырады; 7) Республика Мемлекеттік хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн анықтайды; 8) ұлттық валютаның қолданылу тәртібін, мерзiмi мен шарттарын белгiлейдi; 9) Президент Әкімшілігін жасақтайды; Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады; 10) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады; 11) мәслихат өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатады; 12) Республика Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 20-бап өзгертілді 20-бап. Республика Президентi актілерінiң нысандары 1. Республика Президентi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар жарлықтар мен өкiмдер шығарады. 2. Республика Конституциясының 53-бабының 4) тармақшасында көзделген ретте Президент заңдар шығарады, ал Конституцияның 61-бабының 2 тармағында көзделген ретте заң күшi бар жарлықтарын шығарады. Парламент пен оның Палаталарының құзыретiне енбейтiн өзге жағдайларда Республика Президентi заңға тәуелдi актiлер - жарлықтар және өкiмдер шығарады. 3. Республика Президентi қол қоятын Парламент актілері, сондай-ақ Үкiмет бастамасымен шығарылатын Президент актілері, тиiсiнше осы актiлердiң заңдылығы үшiн заңдық жауапкершiлiк жүктелетiн Парламенттiң әр Палатасы Төрағаларының не Премьер-Министрдiң алдын-ала қолдары қойылып тиянақталады. 4. Республика Президентi тиiстi Жарлықтар мен өкiмдер шығаратын мәселелер тiзбесi осы Конституциялық заңның 21 және 22-баптары бойынша анықталады. Қажет болған жағдайларда Республика Президентi өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде өзiнiң тиiстi өкiлеттiктерiнiң қандай акт нысанында, Жарлық немесе өкiм нысанында жүзеге асырылатындығын дербес анықтай алады. |