Қазақстан Республикасының (2009.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 9 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде мемлекеттік кіріс ысырабын болдырмау мақсатында трансферттік баға белгілеу кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ақпарат көздерінен алынған баға - ресми танылған ақпарат көздерінен, биржалық баға белгіленімдері туралы деректерден, уәкілетті органдардан, сондай-ақ басқа да ақпарат көздерінен алынған баға; 2) баға ауқымы - ресми ақпарат көздерінде жарияланған екі және (немесе) одан да көп нарықтық баға. Ресми ақпарат көздерінде нарықтық баға болмаған жағдайда, баға ауқымы деп осы Заңда белгіленген тәртіппен нарықтық бағаны айқындау әдістерінің біреуін қолдану нәтижесінде «қол созу» принципіне сәйкес айқындалған екі және (немесе) одан да көп нарықтық баға танылады; 3) біртекті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) - ұқсас болмаса да бірдей сипаттағы және ұқсас құрамдастардан тұратын, ол өздеріне бір ғана функцияларды атқаруға және өзара алмастырылуға мүмкіндік беретін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер); 4) дифференциал - мәміленің бағасын немесе ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын түзету мөлшері; 5) жеңілдікті салық салынатын мемлекет - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалатын шет мемлекет; 6) қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесі - мәміле бағасының қолданылу негізділігін растайтын және уәкілетті органдарға берілетін құжаттар мен ақпарат; 7) «қол созу»« принципі - өзара байланысты тараптар арасындағы мәмілелер шарттарын салыстыру негізінде баға ауқымын ескере отырып, осы Заңда белгіленген тәртіппен айқындалатын нарықтық баға жөніндегі мәмілелерді жүзеге асыратын тәуелсіз тараптар арасындағы мәмілелер шарттарымен нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын принцип; 8) мәмілеге қатысушы - осы Заңмен реттелетін мәмілені жасасқан жеке немесе заңды тұлға; 9) мәмілелер мониторингі бойынша есептілік - трансферттік бағаларды қолдана отырып есепті кезең ішінде жасалған мәмілені қоса алғанда, мәмілеге қатысушы уәкілетті органдар бекітетін тәртіпке және нысанға сәйкес жыл сайын салық қызметі органдарына ұсынатын мәмілелер бойынша деректер; 10) мәміленің бағасы - тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қатысушылар мәміле жасау кезінде қолданатын бағасы; 11) нарықтық баға - «қол созу» принципіне сәйкес салыстырымды экономикалық шарттарда ұқсас (ал олар болмаған жағдайда - біртекті) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылы кезінде қалыптасқан тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы; 12) салықтар бойынша жеңілдіктер - салық төлеушілердің жекелеген санаттары бойынша салық міндеттемелерінен босату (оларды азайту), инвестициялар жөніндегі келісімшартқа сәйкес инвестициялық салық преференцияларының болуы немесе қызметті арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асыру; 13) салыстырымды экономикалық шарттар - егер мұндай шарттар арасындағы айырмашылық бағаға ықпал етпесе немесе мәмілелердің шарттарын осы Заңға сәйкес салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру мақсатында түзетілуі мүмкін болса, ұқсас (ал олар болмаған жағдайда - біртекті) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығындағы мәмілелердің шарттары; 14) трансферттік баға (трансферттік баға белгілеу) - өзара байланысты тараптар арасында қалыптасатын және (немесе) тәуелсіз тараптар арасында мәмілелер жасалуы кезінде баға ауқымы ескеріле отырып, объективті қалыптасатын нарықтық бағадан айырмашылығы болатын, осы Заңға сәйкес бақылауға жататын баға; 15) трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім - нарықтық бағаны айқындау әдісі мен белгілі бір кезеңге нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзін белгілейтін уәкілетті органдар мен мәмілеге қатысушының арасындағы жазбаша шарт; 16) уәкілетті органдар - Қазақстан Республикасының салық қызметі органдары мен кеден органдары; 17) ұзақ мерзімдік баға - белгілі бір кезеңге ресми танылған ақпарат көзінде белгіленген мәміленің бағасы; 18) ұқсас тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) - өздеріне тән бірдей негізгі белгілері: физикалық сипаттамалары, сапасы мен нарықтағы өтімділігі, шығарылған және өндірген елі бар тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер); 19) ұқсас (ал олар болмаған жағдайда - біртекті) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тиісті нарығы - нарықтық баға қалыптасатын немесе айқындалатын тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) межелі (берілетін) нарығы; 20) халықаралық іскерлік операциялар - тауарларды сатып алу-сату жөніндегі экспорттық және (немесе) импорттық мәмілелер; тұрақты мекеме құрмастан Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес болып табылатын тараптардың бірінің жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі мәмілелері; Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жөнінде жасаған мәмілелері.
3-бап. Трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру 1. Трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау (бұдан әрі - бақылау) мынадай: 1) халықаралық іскерлік операциялармен; 2) Қазақстан Республикасының аумағында: тараптардың бірі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген, өткізілетін пайдалы қазбалар бойынша; салықтар бойынша жеңілдіктері бар тараптардың бірімен; мәмілелер жасасатын жылдың алдындағы соңғы екі салық кезеңі ішінде салық декларацияларының деректері бойынша залал шеккен тараптардың бірімен жасалатын мәмілелер бойынша олар халықаралық іскерлік операциялармен тікелей өзара байланысты болған жағдайда жүзеге асырылады. 2. Бақылау уәкілетті органдардың: 3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де рәсімдерді жүргізуі арқылы жүзеге асырылады. 3. Осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын бақылау жүргізу кезінде уәкілетті органдардың өзара іс-қимылының тәртібін уәкілетті органдар айқындайды.
4-бап. Уәкілетті органдардың өкілеттіктері 1. Уәкілетті органдар бақылауды жүзеге асыру мақсатында: 1) мәмілеге қатысушылардан, мемлекеттік органдардан және үшінші тұлғалардан нарықтық баға мен дифференциалды айқындау үшін қажетті ақпаратты, сондай-ақ мәмілелер мониторингін жүргізу үшін басқа да деректерді сұратуға; 2) трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде түсіндірулерді жүзеге асыруға және түсіндірмелер беруге; 3) мәмілелер мониторингін жүзеге асыруға; 4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізуге; 5) мемлекеттік органдардың мамандарын тексерулерге тартуға; 6) уәкілетті органдар белгілеген тәртіппен трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасуға құқылы. 2. Уәкілетті органдардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар. 1) мәмілеге қатысушылардың құқықтарын сақтауға; 2) мемлекет мүдделерін қорғауға; 3) қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын растайтын құжаттарды және дифференциалды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірінің қолданылғаны туралы ақпаратты және қолданылатын бағаның негізділігін растайтын басқа да ақпаратты қарауға; 4) мәмілелер мониторингі бойынша белгіленген есептілік нысандарын толтыру тәртібін түсіндіруге; 5) бақылауды жүзеге асыру барысында алынған мәліметтердің құпиялылығын сақтауға; 6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеру нәтижелері бойынша мәмілеге қатысушылардың шағымдарын қарауға міндетті. 4. Уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді атқарады.
5-бап. Мәмілеге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері 1) уәкілетті органдарға қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын растайтын құжаттарды және дифференциалды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірінің қолданылғаны туралы ақпаратты және қолданылатын бағаны растайтын басқа да ақпаратты беруге; 2) уәкілетті органдардан Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы жөнінде ақпарат және түсініктер алуға; 3) бақылауды жүзеге асыруға байланысты туындайтын мәселелер бойынша жеке өзі не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өз мүдделерін білдіруге; 4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тексеру актілері жөніндегі хабарламаларға және уәкілетті органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға; 5) тексеруге дейін мәміленің бағасын және салық салу объектілерін, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілерді дербес түзетуге; 6) уәкілетті органдармен трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасуға құқылы. 2. Мәмілеге қатысушылардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар. 1) осы Заңға сәйкес міндеттерін уақтылы және толық көлемде орындауға; 2) уәкілетті органдардың заңды талаптарын орындауға; 3) қолданылатын мәміле бағасының негізділігін растайтын есептілік пен құжаттаманы жүргізуге; 4) уәкілетті органдарға ақпаратты және мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті, сондай-ақ осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен көзделген тәртіппен басқа да құжаттарды беруге міндетті. Уәкілетті органдардың сұратуы бойынша мәмілеге қатысушы күнтізбелік тоқсан күн ішінде ақпаратты және қолданылатын мәміле бағасының негізділігін растайтын құжаттарды береді; 5) уәкілетті органдардың талап етуі бойынша тексерулер жүргізу барысында қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын растайтын құжаттарды және дифференциалды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірінің қолданылғаны туралы ақпаратты және қолданылатын бағаны растайтын басқа да ақпаратты беруге міндетті. 4. Мәмілеге қатысушылар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен көзделген басқа да міндеттерді орындайды.
1. Мәмілелер мониторингі мәмілеге қатысушылар қолданатын бағаларды уәкілетті органдардың байқап отыруы арқылы жүзеге асырылады. 2. Тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша халықаралық іскерлік операциялар мәмілелер мониторингіне жатады, олардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 3. Мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқығаны анықталған жағдайда уәкілетті органдар мәмілелер мониторингінің нәтижелері бойынша трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексеру жүргізеді. 4. Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру тәртібін уәкілетті органдар бекітеді және ол мәмілеге қатысушылардың мәмілелер мониторингі бойынша бекітілген есептілік нысандарын толтыру және құжаттама жүргізу тәртібін қамтиды.
7-бап. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті ұсыну 1. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік мынадай ақпаратты: тараптардың өзара байланыстылығы туралы деректерді; мәмілеге қатысушының кәсіпкерлік қызметінің, мәмілеге қатысушы өз қызметін жүзеге асыратын саланың және нарық шарттарының сипатталуын; баға белгілеуге ықпал ететін факторларға қатысты ақпаратты қоса алғанда, болжамдарды, бизнес стратегиясын, трансферттік баға белгілеудің әдістемесін; функционалдық талдауды, қатерді талдауды, материалдық және материалдық емес активтерді; халықаралық іскерлік операцияларда «қол созу» принципін қолдану жөніндегі қорытындыны; халықаралық стандарттар бойынша есептерді, оның ішінде қаржылық есептілікті қоса алғанда, баға қолдану негізділігін растайтын құжаттаманы; 2) нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдісті; 3) нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзін; 4) осы Заңның 3-бабында аталған мәмілелер бойынша растайтын құжаттар қоса берілген халықаралық іскерлік операциялар туралы деректерді, сондай-ақ дифференциалды айқындау үшін қажетті ақпаратты; 5) физикалық сипаттамасын, сапасы мен нарықтағы өтімділігін, шығарылған және өндірілген елін, тауар белгісінің болуын және тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапалық сипатына байланысты басқа да ақпаратты қоса алғанда, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сипатталуын; 7) іскерлік операциялар жүргізу стратегиясын; 8) сауда брокерінің (сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақы) комиссиялық сыйақысын (маржаны); 9) мәміле бағасын қолданудың дұрыстығын негіздейтін және мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін басқа да деректерді қамтиды. Осы баптың 1), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында аталған ақпарат осы Заңмен реттелетін мәмілелер жасалған кезде мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін осындай шарттар мен деректер болған жағдайда салық қызметі органдарына беріледі. 2. Осы Заңға сәйкес мәмілелер мониторингіне жатпайтын тауарлармен мәмілелерді жүзеге асыратын мәмілеге қатысушылар қолданылатын бағаның негізділігін растайтын құжаттаманы жүргізуге және оны уәкілетті органдардың сұратуы бойынша уәкілетті органдарға беруге міндетті.
8-бап. Уәкілетті органдардың басқа ұйымдармен өзара іс-қимылы 1. Уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мына субъектілерден: 2) банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан; 3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан, сақтандыру брокерлерінен; 4) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларынан; 5) аудиторлардан, аудиторлық ұйымдардан; 6) халықаралық іскерлік операцияларға қатысы бар өзге де ұйымдардан мәміле бағасының қолданылу дұрыстығын айқындау үшін қажетті ақпарат сұратуға құқылы. 2. Ақпарат беру және мемлекеттік органдардың мамандарын тексерулерге тарту туралы сауалдар күнтізбелік отыз күн ішінде орындалуға міндетті.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 9-бап. Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізу 1. Уәкілетті органдар мынадай жағдайларда: 1) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуы анықталған кезде; 2) мемлекеттік органдардан алынған трансферттік бағаларды қолдану фактілері туралы ақпарат негізінде; 3) нарықтық бағалар бойынша ақпарат көздері болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасын сақтау мәселелері бойынша уәкілетті органдар жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу кезінде трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізеді. 2. Трансферттік бағаларды қолдану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. Салық қызметі органдары және кеден органдары жүзеге асыратын тексеру және мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу тәртібі мен мерзімдерінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасында айқындалады.
10-бап. Салық салу объектілеріне және салық салуға байланысты объектілерге түзету жасау 1. Тексеру жүргізу барысында бағалар ауқымы ескеріле отырып, мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті органдар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген тәртіппен салық салу объектілеріне және салық салуға байланысты объектілерге түзету жасайды. 2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, биржалық тауарлар бойынша, ресми танылған ақпарат көзінде көрсетілген бағалар ауқымы ескеріле отырып, мәміленің бағасы нарықтық бағаға сәйкес болған жағдайда, салық салу объектілеріне және салық салуға байланысты объектілерге түзету жасалмайды. Биржалық тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 3. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше көзделмесе, ауыл шаруашылығы өнімдерімен мәмілелер бойынша, мәміленің бағасы нарықтық бағадан он проценттен артық ауытқыған жағдайда, салық салу объектілеріне және салық салуға байланысты объектілерге түзету жасалады. 4. Ағымдағы күнтізбелік жылдың алдағы айларының бірінде өндірілген (алынған) ауыл шаруашылығы өніміне қатысты ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 наурызы мен 1 шілдесі аралығындағы кезеңде жасалған экспорттық шарттар бойынша, егер экспорттық келісімшарт жасалғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде осы ауыл шаруашылығы өнімдерінің бөлек есебі жүргізілген және мәмілеге қатысушының (сатушының) банктік шоттарына резидент еместен экспорттық келісімшарттың жалпы сомасының кемінде елу проценті мөлшерінде ақшалай қаражат түскен жағдайда, мәміле бағасы мамандандырылған ұйымның ағымдағы күнтізбелік жылға белгіленген коммерциялық сатып алу бағасынан төмен болмаса, салық салу объектілеріне және салық салуға байланысты объектілерге түзету жасалмайды. 5. Салық салу объектілеріне және салық салуға байланысты объектілерге түзету мәміле бағасының ақпарат көзінде көрсетілген орташа мәні ретінде айқындалған нарықтық бағадан ауытқуы кезінде мыналармен: 1) жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген; 2) тауар айырбастау (бартерлік) операцияларын жүзеге асыратын; 3) мәміле жасалған жылдың алдындағы соңғы екі салық кезеңінде салық декларацияларының деректері бойынша залал шеккен; 4) салықтар бойынша жеңілдіктері бар; 5) қарсы біртекті талапты есепке алу (талапты басқаға беру кезіндегі есепке алуды қоса алғанда) арқылы жүргізілетін мәмілелер жөніндегі міндеттемелерді орындауды жүзеге асыратын қатысушылармен жасалатын мәмілелерге жасалады. 6. Салық салу объектілеріне және салық салуға байланысты объектілерге түзету жасау негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұлдар мен өсімпұлдар қолданыла отырып, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жүргізіледі, олар мұндай мәмілелердің кірістері немесе шығыстары және басқа да салық салу объектілері есепті кезеңде бағалар ауқымы ескеріле отырып, нарықтық бағадан айқындалатын жағдайдағыдай болып есептеледі. 7. Салықтар және (немесе) кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктері бар мәмілеге қатысушының бағалар ауқымы ескеріле отырып, мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісі анықталған жағдайда, мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуы анықталған кезең ішінде салықтарды және төлемдерді төлеу Қазақстан Республикасының салықтық және кедендік міндеттемелерді азайтатын заңнамасының арнайы ережелері қолданылмастан, жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 8. Салық салу объектілеріне және салық салуға байланысты объектілер бойынша түзету, егер мұндай түзету салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларының өсуіне әкеп соғатын немесе одан әрі өсуіне әкеп соғуы мүмкін болса жасалады. 9. Бағалар ауқымы ескеріле отырып, мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуы кезінде салық салу объектілеріне және салық салуға байланысты объектілерге, егер мұндай мәмілені жүргізу уәкілетті органдармен келісілген және заңнаманың бағаларды реттеу жөніндегі нормаларын бұзбайтын болса, мынадай жағдайларда: 1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта мәміленің бағасы белгіленген немесе айқындалған кезде; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен басқа да мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісімдерде мәміленің бағасы белгіленген кезде; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мәміленің бағасы белгіленген кезде түзету жасалмайды.
11-бап. Тараптардың өзара байланыстылығын айқындау Өздерінің арасындағы мәмілелердің (операциялардың) экономикалық нәтижелеріне ықпал ететін ерекше өзара қарым-қатынастары бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар өзара байланысты тараптар болып танылады. Мұндай ерекше өзара қарым-қатынастар мынадай: 1) бір тұлға басқа тұлғаның аффилиирленген тұлғасы болып танылған; 2) тұлға мәмілеге қатысушының ірі акционері, ірі қатысушысы (дауыс беретін акцияларының немесе қатысу үлестерінің он және одан да көп процентін иеленуші) болып табылатын; 3) мүлікті сенімгерлікпен басқаруды қоса алғанда, мәмілеге қатысушымен шарт арқылы байланысты тұлға, мүлікті сенімгерлікпен басқаруға сәйкес сенімгерлікпен басқарушы қабылдайтын шешімді айқындауға құқылы болатын; 4) мүліктің меншік иесі осы мүлікке қатысты, оның ішінде мүлікті сенімгерлікпен басқаруға сәйкес меншік иесі осындай тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы болатын шарт негізінде, мүліктің меншік иесінің бір немесе бірнеше құқықтық өкілеттігі (иелену, пайдалану, билік ету) берілген тұлғамен байланысты болатын; 5) тәуелсіз директорды қоспағанда, тұлға осы баптың 2), 3), 6) - 10) тармақшаларында аталған мәмілеге қатысушының немесе заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы болып табылатын; 6) заңды тұлғаны мәмілеге қатысушының ірі акционері, ірі қатысушысы немесе лауазымды тұлғасы болып табылатын тұлға бақылайтын; 7) мүлікте тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғаға қатысты мәмілеге қатысушының ірі акционері, ірі қатысушысы немесе лауазымды тұлғасы болып табылатын тұлға ірі акционер, ірі қатысушы болып табылатын; 8) мүлікте тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғаға қатысты мәмілеге қатысушы ірі акционер, ірі қатысушы болып табылатын; 9) заңды тұлға мәмілеге қатысушымен бірлесіп, үшінші тұлғаның бақылауында болатын; 10) тұлға осы баптың 2), 3), 6) - 9) тармақшаларында аталған мәмілеге қатысушының не заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының немесе қатысу үлестерінің он және одан да көп процентін дербес немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен бірлесіп иеленетін, пайдаланатын, оған билік ететін; 11) мәмілеге қатысушының тәуелсіз директорын қоспағанда, жеке тұлға ірі акционер, ірі қатысушы не лауазымды тұлға болып табылатын жеке тұлғаның жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы, асырап алушысы, асырап алғаны, аға-інісі, апа-қарындасы (сіңлісі), әжесі, атасы, немересі), сондай-ақ жекжаты (жұбайының (зайыбының) аға-інісі, апа-қарындасы (сіңлісі), ата-анасы, ұлы немесе қызы) болып табылатын; 12) егер бір ғана тұлға мүлікті сенімгерлікпен басқарудың екі шарты бойынша да сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы болса және өздері қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі болса, екі сенімгерлікпен басқарушы өзара байланысты болатын; 13) егер сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының сенімгерлікпен басқарушы қабылдайтын шешімді айқындайтын мүмкіндігі болса, сенімгерлікпен басқарушы және онда сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы ірі акционер не ірі қатысушы (дауыс беретін акцияларының немесе қатысу үлестерінің он және одан да көп процентін иеленетін) болып табылатын ұйым болатын; 14) егер сенімгерлікпен басқарушы қабылдайтын шешімді айқындау мүмкіндігі бар бір ғана тұлға мүлікті сенімгерлікпен басқарудың екі шарты бойынша да сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы болып табылса, мүлікті сенімгерлікпен басқарудың бір шарты бойынша сенімгерлікпен басқарушы және мүлікті сенімгерлікпен басқарудың екінші шарты бойынша пайда алушы өзара байланысты болып танылатын; 15) мәмілеге қатысушылар, уәкілетті органдардың бірінің деректері бойынша баға ауқымын ескере отырып, нарықтық бағадан ауытқуы болған мәміленің бағасын қолданатын шарттарды қамтиды.
12-бап. Нарықтық бағаны айқындау әдістері 1. Нарықтық бағаны айқындау мақсатында мынадай әдістердің бірі қолданылады: 1) салыстырымды бақыланбайтын баға әдісі; |