Қазақстан Республикасы Президентінің (2009.08.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 12 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес мемлекет пен кәсiпкерлердiң өзара iс-қимылын жандандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған: 1) Кеңес туралы ереже; 2) Кеңестiң құрамы бекітілсiн. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Астана, Ақорда, 2005 ж. сәуірдің 23-і.
№ 1560
ҚР Президентінің 2007.24.04. № 321 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кәсіпкерлікті дамыту және оны тиімді мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады. 4. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі (бұдан әрі - Кеңестің жұмыс органы) болып табылады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері
5. Кеңестің негізгі міндеттері: 1) кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға, нарықтық экономиканы дамытуды ынталандыратын жағдай жасауға бағытталған ұсыныстар әзірлеу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|